Понедельник, 8 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Баласымен саябақта түнеп жүрген 23 жастағы анаға Алматы облысының әкімі үй сыйлады(фото)

Алматы облысы әкімі 10 жасынан жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленген 23 жастағы Гүлім есімді жалғызбасты анаға берген уәдесін орындап, баспана сыйға тартты.

10.06.2018
0
Баласымен саябақта түнеп жүрген 23 жастағы анаға Алматы облысының әкімі үй сыйлады(фото)

Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің ресми парақшасында хабарланды.

10 жасында жетім қалған әпкелі-сіңлілі қыздарды, көршілері балалар үйіне өткізуге мәжбүр болған.

Гүлім кәмелеттік жасқа дейін «Айналайын» балалар үйінде өсіп-жетті. Тағдыр тауқыметін ерте тартқан жетім қыз ерте есейіп, балалар үйін бітірісімен Талдықорған қаласындағы Агротехникалық колледжге оқуға түсіп, 4 жыл жатақхана тұрды. Алайда, қолына диплом алысымен, мәселенің бәрі шешіліп кете қоймады.

Тіпті, алты жыл кездескен жігіті жетім екенін білгеннен кейін аяғы ауыр Гүлімді тастап кеткен. Ол баратын жері қалмаған соң, екі жасар қызын құшақтап аналар үйін паналаған. Жалғызбасты ана осы уақытқа дейін баласына құжатта жасата алмаған екен.

“Жылын жазып тұрып, ай-күнін жазбаған. Соның салдарынан әлі күнге дейін туу туралы куәлік ала алмаған. Ал бұл құжаты болмағандықтан жәрдемақы ала алмай, екі ай бойы көшеде сандалып жүрген. Осының бәрі әрбір қызметкердің қателігі, салғырттығы”, – дейді заңгер Қожаберген Дәуренбекав.

Осылайша, барар жер, басар тауы қалмаған аяғы ауыр Гүлім бірнеше күн далада түнеген. Төрт күн бойы жас қыздың саябақтағы орындықта ұйыпта жүргенін көрген бейтаныс әйел оны үйіне апарып, тамақ берген.

Сол әйел пәтер жалдап, азық-түлік алып беріп, көмектескен. Осылайша, Гүлім жұмысқа орналасып, ай күні жақындағанша қызмет етемін деп, қызын шала босанған.

Кейін «Жетісу» телеарнасындағы «Болмыс» бағдарламасының қыстағы бір көрсетілімінде «Айналайын» балалар үйінің түлегі, жалғызбасты ана санатындағы талдықорғандық Гүлім Нұркебайдың қиын жағдайы мен басына түскен ауыртпалықтар жайындағы хабарды көрген өңір басшысы Амандық Баталов оны өзіне шақырып, қолдау көрсететіндігін жеткізген болатын. Бүгін сол уәде орындалды!

Енді Гүлім өз бөбегімен жеке баспанасында бақытты ғұмыр кешпек.

Қоныс иесіне бір бөлмелі пәтердің кілтін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың атынан әкім орынбасары Жақсылық Омар табыстады.

 

Бөлісу17Твит11
Алдыңғы лауазым

Әріптесі Нартай Аралбайұлының екінші әйелін халыққа таныстырды (фото)

Келесі лауазым

Тоқаев Астананың 20 жылдығына арналған шараларға отандық өнерпаздардың көптеп қатысуын сұрады

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.