Понедельник, 25 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Гүлназ Әлімгерей “бізді менсінбейді” деп ренжіген сыныптастарына жауап берді

Тележүргізушінің бала күнгі достары көп жағдайда оны жұлдыз ауруына шалдықты деп айыптайды екен

12.06.2018
0
Гүлназ Әлімгерей “бізді менсінбейді” деп ренжіген сыныптастарына жауап берді

Танымал тележүргізуші Гүлназ Әлімгерейдің  сыныптастары оны  “адам танымай қалды, бізді менсінбейді” деп ренжитін көрінеді. Сыртынан осы сарындас сындарды жиі естісе керек, тележүргізуші желідегі парақшасына бала күнгі достарын танымай қалуының себебін түсіндірді,-деп жазды KYN.KZ.

“Мына фотода мен ауылдан қалаға көшіп келген кез. 1995 жыл. Ақтөбедегі 5 шағын аудандағы N30 мектеп. Анам орыс мектебіне құжаттарымызды өткізуге барып, темекі тартып тұрған орыс қыздарын көріп шошып, қарама-қарсы тұрған қазақ мектебіне бұрылып кеткен (себебі ауылда бес класс орысша оқыдым)Сол жылы бірден үздік оқитындардың қатарына қосылдым.

Тургенев көшесінде бір жыл тұрып, сосын “Космосқа” көшіп кеттік (шағын аудан)7-11 сыныпты N21 мектептен оқып бітірдім. Бала күнімнен бері жүрген жерімде бірден құрбы тауып алатын едім. Мінезім ашық болған соң ба, қайдам?! Бүгінде байқасам, айналама тек әдемі қыздарды жинайды екем.

Студент күнімдегі құрбыларым да шетінен сұлу. Айтпағым кеше Қадір түнінде мені сол Ақтөбеде бір-ақ жыл оқығанда дос боп кеткен кластасым Нұргүл іздеп тапты. Бірден таныдым. Өзгермеген (қара көйлек киген қыз). Ақтөбеде тұрады. Ол қарапайымдылығымен есте қалды. Сол жылдары олар да отбасымен Қандыағаштан көшіп келген еді. Одан кейін оң жағымдағы ұзын қыз – қаланың қызы Әсел.

Тілі – орысша. Үйдің жалғызы. Құдайға шүкір орысшам бар бірден тіл табысып кеттік. Үйден бір-бірімізге тамақ таситынбыз. Әселдің бауырсақтары дәмді еді Анасы – дәрігер. Бассейнге анықтама жасап берген. Нұргүлдің жанында тұрған Мәлика.

Ол бізден бір сынып төмен оқыды, менің ауламның қызы. Кругқа қосып жүрген мен. Сондай мейірімді болатын…Өткен күнде белгі бар деген осы-ау?! Іштей өзімді аяп кеттім.

Бес жыл ауылда, бір жыл 30-да, бес жыл 21-де. Арасында түрлерін, есімдерін ұмытып, танымай қалатыным да болады. Оны кей кластастар бүгінгі жағдайыммен байланыстыруы мүмкін. Қате ойламаңыздар!

Мен әр қайсыңызға қуанам (оның үстіне “память” нашар) Осы күні бір мектепте 11 жыл бойы бірге оқыған кластастарға қатты қызығам. Бәрін айт та бірін айт, Қасиетті Қадір түнінде Нұргүл екеуміз бір-бірімізді тапқанымызға қатты қуандық.”,-деп жазған тележүргізуші.

БөлісуТвит
Алдыңғы лауазым

Қазақстандық актриса есірткімен ұсталды

Келесі лауазым

Сәбидің еңбегіне қарап қай жері ауырып тұрғанын білуге болады

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 5 айлық сәбидің дамуы: еңбектеуге дайындалып, тісі шыға бастайтын кез

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Жатып алып осылай оттайтындардың мақсаты не? 

Жариялауды өтінген оқырманның жазбасы:- Танитындар болса айтсыншы. Қай қалада тұралы екен. Арандату ма әлде өзі еріккеннен айтып жатқан қатын ба? Арнайы барып сөйлесейін, қандас бауыр деп бауырымызға басқанымызға кінәлі болсақ соны айтсын. Әйел екен демеймін, еркек басыммен сөйлесемін.-дейді.

Ескерту: бір қандасымызға бола барлығына кінә артудың қажеті жоқ.
Келісесіздер ме? Келісесіздер ме?
Жамбыл  облысының орталығында өткен кездесуге өңірдің 300 тұрғыны қатысты. Жиында әлеуметтік көмек, медициналық қызметтің қолжетімділігі, спорт, білім мен инклюзивті оқытуды дамыту туралы сөз қозғалды. Тұрғындардың бірін несиені кешіру мәселесі қызықтырды.

Сұраққа жауап бере келе  Жалпы, кредит алардан бұрын "ертең оны қалай қайтарам деп" ойлану керек", -деп атап өтті Бердібек Сапарбаев...
Кей адамдар сізді сырттан қ Кей адамдар сізді сырттан қарап-ақ ішкі ойыңызды біліп алады. Психологиялық жас дегенді білесіз бе? Психологиялық сауаттылықтың пайдасы көп. Өйткені сіз өмірде өзіңізге тиімді қадамды қалай жасау қажеттігін біліп тұрасыз.

Бұл тестте сіз өзіңізді түсігіңіз қаншалықты алдайтынын білесіз. Мүмкін тіпті алдамайтын да шығар.  Айналаңызды қаншалықты жақсы түсінетініңізді тексеріп көріңіз.

Комментарияға қай қызды таңдағаныңызды жаза өтіңіз. Жауап  осы парақшадағв Историяда болады. Сәттілік, ойланып барып жауап беріңіз⬇️⬇️⬇️
Қазір әртістер ет бизнесімен айналысып, қымыз сатып, наубайхана аша бастаған. Ал кейбіреуі такси жүргізушісі, тамақ тасымалдаушы болып жұмысқа кірген…

Продюсер Баян Алагөзова карантиннен туындаған қаржылық мәселелер туралы айтып, Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан қолдау таппағанына наразылық білдірді.

«Бір жылға жуық жұмыссыз отырып, біздің Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан бірде-бір сөз естімегеніміз өкінішті. Біз не істейміз, қалай өмір сүреміз? Мемлекеттен ешқандай көмек алған да жоқпыз», – деді Алагөзова.

Продюсер өзінің қаржылық қажеттілігін Instagram-дағы жарнама, жеке тапсырыстар және күйеуі өтеп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандық әртістер ет бизнесімен айналысып, қымыз сатып, наубайхана аша бастаған. Ал кейбіреуі такси жүргізушісі, тамақ тасымалдаушы болып жұмысқа кірген.

«Менің көптеген әріптесім бір кесек нансыз отыр, жабық шаралардан ақша тауып жүр. 2021 жылы сәуірде менің тұрақты кәсібім болып келген «KeshYOU» тобына 15 жыл болады. Бізде үлкен жоспарлар болды, мерейтойлық концерт жасағымыз келді, бірақ қазір оған ақша жоқ. Бұрын 15 желтоқсаннан бастап біз бір іс-шарадан екіншісіне әрең үлгеруші едік, ал қазір тып-тыныш. Егер біз тағы бір жыл отыратын болсақ, онда топты тарату туралы ойлануға тура келеді», – дейді Баян.
Желідегі кей арналар халық Желідегі кей арналар халық әртісі марқұм жолдасы Заманбек Нұрқаділовті сатып кетті, ол қарсы болған жүйеге жақын болды деп айыптап жатты.
⠀
МақпалЖүнісова өзін айыптағандарға жауап берді.
⠀
"Мені қаралаған, маған қара күйе жаққысы келетіндерге айтарым. Мен 15 жылдан бері Зәкеңнің шаңырағының түтінін түтетіп отырмын. Ешкімге алақан жайған жоқпын. Өз күнімді өзім көрдім. Қызымды өсірдім. Отанды сатып кеткен ештеңем жоқ. Әсіресе, жап-жас қазақ қыздары мен жас қазақ жігіттері үшін адамды мазақ қылу деген түкке тұрмайтын дүние болыпты.
⠀
Біреуді қаралаған, күйе жаққан, жала жапқан адамдарды Аллаға тапсырдым. Қытайға байға шығып кеткендей болдық қой. Өзімнің арым таза екенін білем. Қызым да биыл алғаш рет сайлауға барып, өз таңдауын жасады. Әркімнің өз таңдауы болады", - деді халық әртісі парақшасында.
⠀
Жүнісова өзін айыптаған ағайынға Мұқағалидің өлеңімен жауап берді.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.