Четверг, 18 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Астананың көлік жүргізушілерін тәртіпке шақырған кім?

Астана ішкі істер департаментінің пайымдауынша, темір тұлпар иелерін халық арасында "Исекешевтің көреген көзі" деп аталатын "Сергек" жүйесі тәртіпке келтірді.

13.06.2018
0
Астананың көлік жүргізушілерін тәртіпке шақырған кім?

Driver

Қазақстанның құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті жариялаған мәліметке сүйенсек, Астанада бес ай ішінде жол апаты саны 17,5%-ға азайған.

2017 жылмен салыстырғанда 216-дан 178-ге түсіпті. Зардап шеккендер саны 19,2%-ға қысқарды — 236-дан 193-ке. Жол апатынан қаза тапқандар саны 40%-ға азайды – былтыр осы уақыт аралығында 15 адам ажал құшса, биыл – тоғыз.

«Астанада жол апатының азаюына жүргізушілердің жол ережесін сирек бұзуы, жылдамдық режимін сақтауы басты себеп болып отыр. Ең әуелі, «Сергек» жүйесін орнатудың септігі тиді.

Қазір бақылау камералары қаланың жартысын қамтиды, әлі де орнатып жатырмыз», — дейді Астананың әкімшілік полиция басқармасы әкімшілік тәжірибе бөлімі басшысының орынбасары Бауыржан Тоқжұманов.

Сонымен бірге, жол апаты көрсеткішінің төмендеуіне бағдаршамсыз жаяу жүргіншілер өткелінің азаюы себеп болған. Қазір бұл өткелдерде батырмасы бар бағдаршамдар орнатылуда.

Үшінші себеп – біржақты қозғалыс көшелерінің пайда болуы: тар көшелердегі жол апаты саны айтарлықтай қысқарған екен.

Бұдан бөлек, автобустарға арналған жолақтардың енгізілуі жол апатының азаюына оң ықпалын тигізді.

 

 

Бөлісу3Твит2
Алдыңғы лауазым

Баян Мақсатқызы ораза ұстағанын, діншілдігін мақтан тұтатындарды сынады

Келесі лауазым

Қазақстанда мыңнан аса шенеунік қызметінен айырылуы мүмкін

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.