Понедельник, 12 апреля, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Елордалық қаңғыбастар шенеуніктерден 20 жылдыққа орай өздерін қаладан қумауды сұрады

Ербол: Жылда тойда болмаймыз. Қаланың шетіне апарып тастайды, кейін ол жақтан жаяу келеміз

15.06.2018
0
Елордалық қаңғыбастар  шенеуніктерден 20 жылдыққа орай өздерін қаладан қумауды сұрады

Астанада маңызды шара болады, я болмаса сыйлы қонақтар келеді десе, мұндағы қаңғыбастардың мазасы қашады. Былтыр Экспо халықаралық көрмесі кезінде оларды қаладан қоқыс құсап шығарып тастағаны жайында айтқан едік.

Биыл Елорданың 20 жылдығы қарсаңында үй-күйсіз жүргендерді тағы бір белгісіз бағытқа саяхат күтіп тұр ма? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Астанада үй-күйсіз жүрген адамдарды табу қиын емес. Біз оң жаңалаудағы тұрғын үйлердің маңына келіп жеттік. Бұл жерде Ербол мен Татьяна ашық аспан астында өмір сүріп жатыр. Ұрлық жасамайды, балаларға тиіспейді. Қоқыстан тапқан дүниелер бар болса, соны өткізіп, шәйін, нан-пұлын алып жатқан жайы бар.

«Бізді жылда осылай қудалайды.  Бәрімізді лақтырып тастайды қала сыртына. Сол қала сыртынан орталыққа қарай жаяу келеміз»,- дейді қаңғыбастардың бірі.

Ербол мен Татьянаның бұл күнге дейінгі бастан кешкендері драма мен триллерге толы фильм бе дерсің. Қаңғыбас тірлік, мереке сайын қамау.

Соңғы рет оларды Балаларды қорғау күні қарсаңында базар маңындағы оңалту орталығына апарып тығыпты. Айтуларынша, онда адам төзгісіз жағдайда болыпты. Тіпті, үш күн бойы тамақ бермей ұстады дейді.

«Үш күн бойы бізді сонда ұстады. Екеуіміздің де ауруымыз басымыздан асады. Ол да, мен де жетімдер үйінің түлегіміз. Баспана тұрмақ, құжаттарымызды қайта қалпына келтіре алмай жүрміз. Адам құсап жұмысқа кірейін десең де жолатпайды» – дейді Татьяна Ким.

Бұл жұптың кезбе атанғанына 10 жылға жуықтаған. Кей адамдар тепкінің астына алса, жаны ашитын мейірімді жандар бей-жай қарамай, қол ұшын созады екен.

«Айналадағы тұрғындар нан, тамақ әкеп береді қолдан келгенше. Олар менің мүгедек екенімді біледі. Осы жердің күзетшілері маған ешкім тиіспесін деп қарап жүреді. Жақында жасым елуге келеді. Ештеңеден қорықпайтын болдық. Қаладан қуамыз десе қуа берсін» – дейді Ербол Айымбетов.

Бұл екеуін үй-күйсіз демесең, айналасын шашып, елдің мазасын алмайды. Сондықтан, көрші-қолаң оларды қоғамнан аластата бермей, бұл проблемаға басқа қырынан қарау керек шығар деген пікірде.

«Көмектесу керек, кішкене поддержка беріп көру керек, испытательный срок беріп. Мына кісі адам бола ма, адам болмай ма деген сияқты. Егер адамгершілігі бар адам болса, онда ол адам болып кетеді».

«Астана болғаннан кейін халықтың саны күннен күнге көбейіп жатыр, туристер келіп жатыр. Сол кісілердің алдында басымызды жерге қаратпай, бір жерге орналастырып, солай тынышталатын сияқты бұл».

Ал әлеуметтанушы мамандар болса, бұл мәселені біржақты шешу үшін жауапты органдар қағаз күйінде есеп беруді қойып, нақты іске кіріскенде ғана нәтиже болады дейді. Әйтпесе бәрі бекер екенін ашық айтып отыр.

«Әрбір мемлекеттік орган, мекеме басқа мекемелермен байланыста болуы керек. Бұл жерде ондай байланысты көріп тұрған жоқпыз. Сондықтан өздерінің бір шешімдерін қабылдап, қатігездік сияқты әдіс тәсілдерді қолданып жатыр. Ол әрине дұрыс емес» – дейді әлеуметтанушы Айдар Хамит.

Астананың 20 жылдығы қарсаңында қоғамдық тәртіптің қалай сақталатыны жайында ақпарат берген Ішкі істер министрлігі өкілдері болса, өткен жылы қаңғыбастарды қаладан қуды деген алыпқашпа әңгіме деп сендіріп бақты. Биыл да оларға қол тигізетін ойлары жоқ екен.

«Астанада арнайы оңалту орталығы бар. Егер адамның нақты тұрғылықты жері мен құжаты болмаса, оны аталған орталыққа жеткізеді. Себебі, оның кім екенін анықтау қажет.

Әлі есімде, ЭКСПО кезінде қаңғыбастарды басқа жаққа көшіруге қатысты алыпқашпа әңгіме көп болған. Астана күнін тойлау кезінде ондай шаралар болмайды. Ұшақпен де, пойызбен де ешкімді көшірмейміз» – дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха.

Тұрмысы мен тіршілігі қайнаған Астананы армандар орындалатын мекен деп әспеттегенде, алдымызға жан салмаймыз. Құжатын түгендеп, заңды үйімізге қол жеткізсек деген үміт Ербол мен Татьянада да бар. Бірақ, олардың мақсатының орындалуы екіталай екені түсінікті. Бұл жайтпен екеуі де көндіккен сыңайлы.

Бөлісу4Твит3
Алдыңғы лауазым

Сағызды 20 мыңнан, қаламсапты 50 мыңға алған: Павлодарда автошаруашылық басшысы жаратқан қаржының есебін осылай берді

Келесі лауазым

Жұрт Ақбота Керімбекованың таудағы даңғазадай үйіне қызығып қалды (видео)

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    7 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    4 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 5 айлық сәбидің дамуы: еңбектеуге дайындалып, тісі шыға бастайтын кез

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Қазақ балуаны Қажымұқанның Қазақ балуаны Қажымұқанның 150 жылдығына арнап түйе көтерді! 

Дархан даланың арландары аман болсын! 

Белгілі атлет, түрлі экстрималды жаттығулар бойынша әлем рекордын жаңартқан қазақ балуаны Темір Сыпатаев Қажымұқанның 150 жылдық мерейтойына арнап тағы бір рекорд жасады!
Өлімге әкелген "қыз алып қашу" оқиғасынан кейін Бішкек полициясының бастығы жұмыстан шығарылып, ондаған өзге офицер жазаланды.
10 сәуірде Қырғызстан ішкі істер министрлігі Бішкек полициясының бастығы Бақыт Матмұсаевты, оның орынбасары Ерлан Атантаевты, тергеу қызметінің бастығы Нұрлан Өтемісовты және өзге де офицерлерді қызметтен босатқанын хабарлады. Бұдан өзге ондаған полицейге ескерту мен сөгіс секілді тәртіп шарасы қолданылған. Тексеріс нәтижесінде барлығы 44 полиция қызметкері жазаланған.
5 сәуір күні Бішкекте бір топ жігіт көшеде кетіп бара жатқан 27 жастағы Айзада Қанатбекованы көлікке күштеп отырғызып, алып қашқан. Оқиға көшедегі камераға түсіп қалып, видеодан көліктің маркасы мен нөмірі анық көрінген. Екі күннен соң Қанатбекова мен оны ұрлағандардың бірі саналатын Замирбек Теңізбаев сол көлік ішінде өлі табылған. 8 сәуір күні Бішкекте ірі наразылық акциясы өтіп, ашулы халық ішкі істер министрі Ұлан Ниязбековтен отставкаға кетуді талап етті.
Наразылар үкімет үйіне шерулетіп, ел премьері Ұлықбек Мариповпен кездескен. Үкімет басшысы іс бойынша қызметтік тексеріс басталғанын, оқиғаның президент бақылауында екенін айтқан.
Болған оқиғаға "моральдық тұрғыда жауапты" екенін айтқан ішкі істер министрі Ниязбеков қызметінде қалды.
Тергеушілер 36 жастағы Замирбек Теңізбаев Айзада Қанатбекованы қылқындырып өлтіріп, артынан өзіне қол салған болуы мүмкін дейді. Олар сондай-ақ Теңізбаевтың осыған дейін Ресейде үш рет істі болғанын айтты.
Әзірге кісі ұрлау ісі бойынша төрт адам күдікке ілініп, қамауда отыр.
Айзада Қанатбекованың туыстары полиция іске салғырт қарады дейді. Анасы Назгүл Шәкенова мен немере әпкесі Азаттықтың Қырғыз қызметіне Айзаданың ұрланғанынан 12 сағат өткенде жеке-жеке қоңырау шалғанын айтты.
Олардың сөзінше, Айзада оларға алып қашқан жігіттің бастапқыда Ош қаласына алып кетпек болғанын, кейін босатуға келіскенін, Бішкекке келе жатқанын айтқан.
Айзаданың анасы мен әпкесі тергеушіге бірден қоңырау шалғанын, бірақ тергеушінің немқұрайлы жауап бергенін хабарлады.
Отандық танымал актриса Нұргүл Мыңғатова сәбилі болды. Өнер иесі жолдасына ұл бала сыйлаған деп жазады.

 Кино және театр жұлдызының отбасындағы бұл қуанышы оның барша жанкүйерлерін қуантты. Олар сүйікті актрисаларын шын жүректен құттықтап, сәбиі екеуіне ақ тілектерін қарша жаудырды.

 Мыңғатованы арнайы құттықтаған жұлдызды оқырмандары арасында Алтынай Жорабаева, Салтанат Бақаева, Жұлдыз Әбдікәрімова, Жазира Байырбекова және тағы да басқалар бар. 

"Аман-есен аяқ-қолыңды бауырыңа ал Алла қаласа", "Бауы берік болсын. Боалашқта бетке ұстар үлкен азамат болсын" , "Құттықтаймыз. Сіз үшін аса қатты қуанып тұрмыз" , "Бақытты болыңыз. Сіз бар жақсылыққа лайықсыз. Сәбиіңіздің қызығына тоймай жүре беріңіз" , "Сіз тұрмыстасыз ба? Мен сізді бойдақпа десем. Қуаныштымын бауы берік болсын ғұмырлы болсын саналы салиқалы мұсылман жігіт болсын" , "Дені сау, салмақты, иманды, салиқалы ұл болсын! Қуаныштымыз" , - деп жазуда көпшілік.
Алматы облысы Кербұлақ ауданында "батыр ана" он төртінші сәбиін өмірге алып келді.

 Аудан орталығы Сарыөзек ауылында тұратын Сәдуақасовтар шаңырағында он төртінші бала өмірге келіп, көпбалалы отбасын кезекті қуанышқа бөледі. Отау құрғандарына 27 жыл болған Сәрсенбай Садуақасов пен Гүлназ Жеңісбайқызы бүгінле 10 қыз 4 ұл тәрбиелеп, 3 немере сүйіп отыр. Кербұлақ аудандық әкімдігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, берекесі ұйыған отбасындағы мектепте оқитын балалар оқу құралдарымен, спорттық киіммен, мектеп формасымен толық қамтамасыз етілген. Ал үшеуі балабақша жасында. Онлайн оқуларына қажетті ноутбук те мектептен берілгені айтылды. Ал қызы Айжан спорттың ережесіз жекпе-жек түріне қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Отағасы машинист, механик, дәнекерлеуші сияқты кәсіптерді еркін меңгерген.

"Өмірдің мәні де, сәні де – бала. Денсаулығым жетсе, бала туудан қашпаймын. Қазақ "баланы жастан" дегенді бекер айтпаған. Үлкен қызым мұғалім. "Алдыңғы арба қайда барса, соңғы арба сонда жүреді" дейді, сондықтан алдыңғы ұл-қыздарды жақсы тәрбиелесең, соңғылары соларға еліктеп, үлгі етіп өседі екен", – дейді Гүлнәз Жеңісбайқызы.
БҚО-да Жанғалы мектеп-гимна БҚО-да Жанғалы мектеп-гимназиясының директоры мектеп оқушысына өгей әкесі жыныстық сипаттағы әрекет жасағанын біле тұра жасырды деген күдікке ілінді. Ол қызметінен босатылып, үй қамауына алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Құқық қорғау органдары оқу орнының басшысы қыздың отбасында болған жағдайды біле тұра хабарламады деп күдіктенеді.

Оқиға 2019 жылы болған. Сол кезде 10 жаста болған мектеп–гимназиясының оқушысына өгей әкесі жыныстық сипаттағы әрекет жасаған. Ол үшін қамауға алынды. 2020 жылы ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жақында "МГ" редакциясына мектеп-гимназия директорының туыстары хабарласып, оны қамауға алынғанын және жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтқан. Тергеушілер мектеп басшысы мен мұғалімдерінен оқушыға зорлық-зомбылық жасалғанын білді және ол туралы құзырлы органдарға хабарламады деп күдіктенеді.

Күдіктінің адвокаты Айслу Биялиеваның айтуынша, айыптау тек жәбірленуші қыздың сөзіне негізделген және кез келген мұғалім бұл жағдайға тап болуы мүмкін.

"Мектеп директорын демалыс кезінде мектептен тыс уақытта жасалған қылмыс үшін жауапқа тартқалы жатыр. Тергеу барысында қыз 2019 жылдың сәуірінде Жаңғалы мектеп-гимназиясының мұғалімдеріне анасының азаматтық некедегі күйеуі қысым көрсеткенін хабарлағанын айтты. Полиция директор мен мектеп-гимназияның тағы төрт мұғалімінен жауап алды. Олар қыздың сөздерін толығымен жоққа шығарды. Олар айғақтарын сотта да растады", - деді Айслу Биялиева.
Қоғамдық көлікте болған екі азаматтың ұрысы көпшілікті шошытты. Бажасын айтып қорқытатын кісінің жыры біткенде ағасын айтып қорқытатын жаңа "жұлдыз" шықты.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.