Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы рематч алдында ешқандай баспасөз-мәслихаты болмайтын болды деп хабарлайды prosports.kz-ке сілтеме жасаған KYN.KZ
Шетелдік журналистің сөзінше, Том Леффлер Канело – GGG рематчы алдында «көз арбасу дуэлі» сынды телебағдарламалардың болмайтынын растаған.
«Себебі боксшылар бірін-бірі көргісі келмейді. Енді жекпе-жекке бір апта қалғанда баспасөз—мәслихаты да өтпейді«, — дейді Майкл Бенсон.
Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 15 қыркүйекте Лас-Вегас қаласында өтеді.