Четверг, 15 апреля, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ақбота Керімбекова жалаңаштанып ауыз ашты деп сынағандарға жауап берді

Әнші: Біз де білеміз ғой салт-дәстүрді. Аллаға шүкір көзіміз ашық

19.06.2018
0
Ақбота Керімбекова  жалаңаштанып ауыз ашты деп сынағандарға жауап берді

Жақында жалаңаш киіммен ауыз ашқан жұлдыздардың видеосы ғаламторда қызу талқыға түскен еді. Даулы роликті желіге жүктеген Керімбекова болатын. Әншінің инстаграмдағы бейнежазбасында ауызашарда отырғандарын айтқан.

Алайда, өнер адамдарының бұл қылығына ашынған халық, жағымсыз жазбаларды қарша жаудырғаны бар. KYN.KZ тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Ақбота Керімбекова болған жайды еш бүкпесіз баяндап берді.  

«Біз шешініп ауыз ашқан жоқпыз. Киіммен ауыз аштық. Ауыз ашып болғаннан кейін біз киімімізді ауыстырып, содан кейін барып отырдық. Шомылатындар шомылды, бассейнге түсті. Мен өзім ол жерге кешігіп келдім.

Мен халық дәл солай ойлайды деп ойлаған жоқпын. Кез-келген есі дұрыс адам, ауызды киіммен ашады ғой. Ойымда ештеңе жоқ. Отырыстың ортасында салғанмын видеоны.

Елдер басқаша ойлап қалыпты. Халыққа айтайық, дұрыс түсінсін. Біз де білеміз ғой салт-дәстүрді. Аллаға шүкір көзіміз ашық. Ол жерге шынайы ниетпен бардық. Бізді қонаққа шақырған жер.

Егер жаман ойымыз болса, басқа ниетіміз болса мен салмас та едім ғой. Сол себепті халық тоқ етерін біліп қана шулау керек еді.

Бізді шақырған кісілерге жарнама болсын деп салдам. Ал, олардың өнер адамдары келсе деген ниеттері болды», – дейді Ақбота Керімбекова.

Ақбота түсірген даулы видеода Нұрлан Еспанов, Асхат Тарғынов сынды танымал әнішілерді де байқауға болады. Шуға айналған жазбаға қатысты «Чип-чип» хитінің орындаушысы да халыққа жағдайды ашып  түсіндіруді жөн көрді.

«Ауыз ашып болғаннан кейін бізді бассейнге алып келді. Негізі ауыз ашқан жерде бөлек дастархан жайылған. Ал бассейнге тек су мен соктарды ғана алып келді. Ол жерде мен ешқандай жалаңаш күйде жүрген жоқпын.

Үстімде киім бар. Қалғандары қысқа шалбар киіп, денелеріне орамал жауып жүрді. Әйелдер көйлекпен отырды. Ақбота ауызашарға шақырған адамдарға алғыс айтқысы келген. Ақпарат дұрыс жетпегеннен кейін халықты да кінәлай алмаймыз. Халыққа айтарым оған сенбеңіздер. Біз жын-ойнақ салатын жерде жүрмейміз», – дейді Асхат Тарғынов.

Видеоның авторы Ақбота өзінен кеткен ағаттықты толықтай мойындап отыр. Жұрттың наразылығын тудырған Керімбекова көпшіліктен кешірім сұрады.

«Енді әрине, кім болса да сол видеоны көрсе жаман ойлап қалатын еді. Мен де солай ойлайтын едім, бәлкім.

Инстаграмға салғанда жағымсыз пікірлер жазылды әрине. Халыққа қарсы шықпаймын, олардың ойы орынды. Әр сынның да өзіндік орыны болады.

Бірақ мен ескертуді жазбағанмын. Енді әрқайсына түсіндіріп, айтып отырмайсың ғой. Бізден кеткен қателік, сол басында ескертілмей жүктеп жіберіппіз.

Келе салып, тыржалаңаш ауызашты деген ой кетіп қалды. Анықтама бермегенім үшін кешірім сұраймын. Енді әр нәрсені аңдып, анық басамыз ғой. Адам болғаннан кейін неше түрлі кемшіліктер болады. Түсініспеушіліктің арқасында дау туғаны рас», – дейді Ақбота.

Естеріңізге сала кетсек, интернетті дүрліктірген видео Рамазан айының бір күнінде таспаланған. Өнер жұлдыздары Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде бассейнге барып, қонақ болып қайтқан болатын.  

KYN.KZ  сайтының талабы бойынша материалды көшіріп басатын болсаңыз, басындағы 5 сөйлемді өз сайтыңызға жаза аласыз. Қалғанын KYN.KZ сайтынан оқисыз деген сілтеме беру міндеттеледі.

Бөлісу21Твит13
Алдыңғы лауазым

Қостанайда сәбиін автовокзалға тастап кеткен ана іздестіріліп жатыр

Келесі лауазым

Шу маңындағы апат: Пойыздың машинисі ұсталды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    7 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    4 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Өзбекстанның Наманган облы Өзбекстанның Наманган облысындағы каналда із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыздың денесі табылды деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Ақпаратқа қарағанда, 5 сәуірде Мамадалиев С.А. деген азамат қызының жоғалып кеткенін айтып, аудандық прокуратураға шағымданған.

Іздестіру кезінде, келесі күні "Катта Наманган" каналынан оқушы қыздың денесі табылған.
Тергеу мәліметіне сәйкес, 5 сәуірде таңертең қыздың 1999 жылы туған жеңгесі қайын сіңлісін мектептен алып, ағып жатқан каналға итеріп жіберген. Қазір күдікті қамауда. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Қоғамдық көлікте әйел адам Қоғамдық көлікте әйел адам әжейдің сөмкесін ақтарып, бағалы бұйым мен ақшасын іздеп жатыр. Жолда сақ жүріңіздер!
Даяшы мейрамханаға келген қонақты құтқарып қалды
Франциядағы Крей қаласының Франциядағы Крей қаласының мэриясында Йешим Саваш есімді қазақ қызы жұмыс істейді. Йешимнің атасы Қазақстанда, әкесі Түркияда, ал өзі Францияда дүниеге келген деп хабарлайды Хабар24.
⠀
Йешим Саваш жастайынан саясатпен айналыса бастап, отызға толмай туған қаласының яғни, Крей қаласы мэрінің орынбасары болып сайланған. Йешим Саваш күндіз мектепте жұмыс істейді, ал кешке қаланың мәдени мәселелерімен айналысады. Францияда бұл қызмет негізгі жұмыстан босатпайды.
⠀
Алты жылға сайланған Йешим бұл мерзімде Крей қаласының мәдени ортасын дамытатын үлкен жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Сондай-ақ тарихи отанымен тығыз байланыс орнатпақ.
⠀
«Бұл керемет болды. 2014 жылы қалалық кеңеске сайланғанда, халықаралық қатынастармен айналыстым. Крей түрлі елдердегі 12 қаламен серіктестік орнатқанын айта кету керек. Отбасымыз бүкіл Крейдегі жалғыз қазақтар, сондықтан Қазақстанмен байланыс орнатсақ жақсы болар еді. Мен әлемдегі бірнеше шаһармен осындай жұмыс атқарып үлгердім. Арасында Түркиядағы Кушадасы бар. Қазақстандағы қалалардың бірімен ынтымақтастық орнатуды өзім үшін үлкен абырой санар едім», — дейді Крей қаласы мэрінің орынбасары Йешим Саваш.
⠀
Қазақстанда әлі болмаған Йешимнің бір арманы — атамекеніне бару. Өткен ғасырдың ортасында туған елінен кетуге мәжбүр болған атасы өз тамырын ұмытпай, туған жерін қадірлеп, қастерлеуді үйреткен. Йешим үйінде ұлттық тағамды жиі дайындап, дәстүрін сақтап келеді.
⠀
«Мені түрік деп атауға болады. Өйткені әке-шешем Түркия азаматтары, өзім Франция азаматымын. Алайда ұлтың кім деп сұрағанда, үнемі қазақпын деп жауап беремін.
⠀
Ата-әжеммен бірге тұрмағандықтан, ана тілімді үйрене алмадым. Бірақ оған қарамастан өзімді қазақпын деп есептеймін. Қазақстанда мені мақтан тұтқанын көріп, көзіме жас келді. Бүкіл елдің қолдауына ие болу — үлкен абырой», — дейді Йешим Саваш.
⠀
Қала мэрінің орынбасары болып сайланғаннан кейін Йешим Франциядағы қазақтар ортасында жұлдызға айналған. Ол туралы Қазақстан, Орталық Азия мен Моңғолияның бұқаралық ақпарат құралдары жазған болатын.
Осындай ырым бар екен. Қаншалықты рас
Қазақ балуаны Қажымұқанның Қазақ балуаны Қажымұқанның 150 жылдығына арнап түйе көтерді! 

Дархан даланың арландары аман болсын! 

Белгілі атлет, түрлі экстрималды жаттығулар бойынша әлем рекордын жаңартқан қазақ балуаны Темір Сыпатаев Қажымұқанның 150 жылдық мерейтойына арнап тағы бір рекорд жасады!

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.