Четверг, 15 апреля, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Баяндаманы тыңдамаған Сағадиев үкімет басшысынан ақыры сөз естіп тынды

Министрлер оны сұрақтың астына алды

19.06.2018
0
Баяндаманы тыңдамаған Сағадиев үкімет басшысынан ақыры сөз естіп тынды

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысында баяндаманы тыңдамай, өз бетімен отыратын министрлерді сынады, деп Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасаған KYN.KZ хабарлайды.

Бүгін үкіметтің кезекті отырысында Алматы агломерациясын дамыту мәселесі қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша оңтүстіктегі мегаполис басшысы Бауыржан Байбек баяндама жасады. Қала әкімі білім және ғылым министрлігінің жайбасарлығынан бас жоспарды бекіте алмай отырғанын айтып шағымданды.

 

“Бас жоспарға өзгерістер енгізу бойынша. Екі жылдан астам уақыт сейсмикалық микроаудандарға бөлу картасы әзірленуде. Бірақ ол білім және ғылым министрлігі тарапынан әлі қарастырылып жатыр. Бас жоспарды біз осыған байланысты бекіте алмай отырмыз. Білім және ғылым министрлігіндегі әріптестер тарапынан мәселені тездетуді сұраймыз”, — деді әкім.

Байбектің баяндамасынан кейін үкімет басшысы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтен осы мәселеге қатысты жауап беруді сұрады.

“Ерлан Кенжеғалиұлы, жауап беріңіз. Не себепті кешеуілдеп жатыр? Әкім баяндамасында қаулы жобасы келісуден өтпей жатыр деп айтып өтті, — деді Сағынтаев министрге қарап.

Алайда Сағадиев мырза баяндаманы тыңдамаған болуы керек,  Сағынтаевтың не сұрап отырғанын да түсінбей, жан-жағына жалтақтады.

“Баяндаманы тыңдамайсыз ғой… Жарайды, баяндама кім үшін айтылып отыр сонда? Үкіметте не үшін талқылауға саламыз, егер де оның бәрін тыңдамайтын болса”, — деп ашуланды Сағынтаев.

Журналистер үкімет отырысынан кейін білім министрінен Алматы әкімінің баяндамасын неге тыңдамағанын сұрады.

“Кітап оқып отырған едім. 6-сыныптың оқулығы, жаңадан шыққан дүниежүзі тарихы”, — деп жауап берген Сағадиев Байбектің көтерген мәселесі биыл шешілетінін атап өтті.

Бөлісу4Твит3
Алдыңғы лауазым

Ақылды ит жоғалып кеткен үш жасар қызды табуға көмектесті

Келесі лауазым

Мәйіттің екі саусағын ұрлап алған жігіт сотталып кетті

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    7 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    4 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Өзбекстанның Наманган облы Өзбекстанның Наманган облысындағы каналда із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыздың денесі табылды деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Ақпаратқа қарағанда, 5 сәуірде Мамадалиев С.А. деген азамат қызының жоғалып кеткенін айтып, аудандық прокуратураға шағымданған.

Іздестіру кезінде, келесі күні "Катта Наманган" каналынан оқушы қыздың денесі табылған.
Тергеу мәліметіне сәйкес, 5 сәуірде таңертең қыздың 1999 жылы туған жеңгесі қайын сіңлісін мектептен алып, ағып жатқан каналға итеріп жіберген. Қазір күдікті қамауда. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Қоғамдық көлікте әйел адам Қоғамдық көлікте әйел адам әжейдің сөмкесін ақтарып, бағалы бұйым мен ақшасын іздеп жатыр. Жолда сақ жүріңіздер!
Даяшы мейрамханаға келген қонақты құтқарып қалды
Франциядағы Крей қаласының Франциядағы Крей қаласының мэриясында Йешим Саваш есімді қазақ қызы жұмыс істейді. Йешимнің атасы Қазақстанда, әкесі Түркияда, ал өзі Францияда дүниеге келген деп хабарлайды Хабар24.
⠀
Йешим Саваш жастайынан саясатпен айналыса бастап, отызға толмай туған қаласының яғни, Крей қаласы мэрінің орынбасары болып сайланған. Йешим Саваш күндіз мектепте жұмыс істейді, ал кешке қаланың мәдени мәселелерімен айналысады. Францияда бұл қызмет негізгі жұмыстан босатпайды.
⠀
Алты жылға сайланған Йешим бұл мерзімде Крей қаласының мәдени ортасын дамытатын үлкен жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Сондай-ақ тарихи отанымен тығыз байланыс орнатпақ.
⠀
«Бұл керемет болды. 2014 жылы қалалық кеңеске сайланғанда, халықаралық қатынастармен айналыстым. Крей түрлі елдердегі 12 қаламен серіктестік орнатқанын айта кету керек. Отбасымыз бүкіл Крейдегі жалғыз қазақтар, сондықтан Қазақстанмен байланыс орнатсақ жақсы болар еді. Мен әлемдегі бірнеше шаһармен осындай жұмыс атқарып үлгердім. Арасында Түркиядағы Кушадасы бар. Қазақстандағы қалалардың бірімен ынтымақтастық орнатуды өзім үшін үлкен абырой санар едім», — дейді Крей қаласы мэрінің орынбасары Йешим Саваш.
⠀
Қазақстанда әлі болмаған Йешимнің бір арманы — атамекеніне бару. Өткен ғасырдың ортасында туған елінен кетуге мәжбүр болған атасы өз тамырын ұмытпай, туған жерін қадірлеп, қастерлеуді үйреткен. Йешим үйінде ұлттық тағамды жиі дайындап, дәстүрін сақтап келеді.
⠀
«Мені түрік деп атауға болады. Өйткені әке-шешем Түркия азаматтары, өзім Франция азаматымын. Алайда ұлтың кім деп сұрағанда, үнемі қазақпын деп жауап беремін.
⠀
Ата-әжеммен бірге тұрмағандықтан, ана тілімді үйрене алмадым. Бірақ оған қарамастан өзімді қазақпын деп есептеймін. Қазақстанда мені мақтан тұтқанын көріп, көзіме жас келді. Бүкіл елдің қолдауына ие болу — үлкен абырой», — дейді Йешим Саваш.
⠀
Қала мэрінің орынбасары болып сайланғаннан кейін Йешим Франциядағы қазақтар ортасында жұлдызға айналған. Ол туралы Қазақстан, Орталық Азия мен Моңғолияның бұқаралық ақпарат құралдары жазған болатын.
Осындай ырым бар екен. Қаншалықты рас
Қазақ балуаны Қажымұқанның Қазақ балуаны Қажымұқанның 150 жылдығына арнап түйе көтерді! 

Дархан даланың арландары аман болсын! 

Белгілі атлет, түрлі экстрималды жаттығулар бойынша әлем рекордын жаңартқан қазақ балуаны Темір Сыпатаев Қажымұқанның 150 жылдық мерейтойына арнап тағы бір рекорд жасады!

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.