Понедельник, 27 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Сағынтаев үкімет отырысын көңіл айтудан бастады

Ол пойыз апатына байланысты істі өз қолына алды

19.06.2018
0
Сағынтаев үкімет отырысын көңіл айтудан бастады

17 маусым күні Астана-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызының вагондары рельстен шығып кетіп, салдарынан 25 адам зардап шеккен болатын.

Тағы бір жасөспірім оқиға орнында қаза тапты
Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев 17 маусым күні болған қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан марқұмның отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сілтеме жасаған KYN.KZ

Бүгін премьер-министр кезекті үкімет отырысын Шу станциясында болған төтенше жағдайдан бастады. Үкімет басшысы вагондардың жолдан шығып кетуі салдарынан көз жұмған қарағандылық баланың туған-туыстасрына көңіл айтып, құзырлы органдарға тиісті тапсырма берді.

«Өкінішке қарай, бір бала қаза тауып, жараланғандар да бар. Қаза болған баланың отбасына, туған-туыстарына көңіл айтамын. Сол күні шұғыл түрде инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, «ҚТЖ» компаниясының арасыда комиссия құрылды. Компания басшысы шұғыл Шуға жол тартты», — деді Сағынтаев үкімет отырысында.

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Астанадан жіберілген арнайы тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс бойынша куәгелерден жауап алынуда, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу ІІМ мен Бас прокуратураның бақылауында», —деді министр.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов зардап шеккендер мен қаза тапқан жолаушы туралы ақпарат берді.

«25 адам түрлі жарақат алып, 1 адам қаза тапты. Қайтыс болған жолаушы 2006 жылғы Қарағанды облысының тумасы, ол оқиға орнында көз жұмды. Сараптаманың алдын ала қорытынды нәтижесі – жабық бас сүйек-ми жарақаты.

Миға қан құйылып, ісік және мидың ісуі диагнозы қойылды. Медициналық көмекке Жамбыл облысында 17, Алматы қаласында 8 азамат жүгінді. 24 науқасқа медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылды», — деді Біртанов.

«ҚТЖ» Қарағанды облысы әкімдігімен бірлесіп қаза тапқан баланың отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсетсін. Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерді сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етіп, бақылауға алсын.

Ішкі істер министрлігі инвестициялар және даму министрлігімен, «ҚТЖ» компаниясымен бірлесіп, жағдайды бақылауда ұстасын. Мен де аталған істі жеке өз бақылауыма аламын», —деп түйіндеді премьер.

Бөлісу4Твит3
Алдыңғы лауазым

Актриса Нұрбигүл бала күтіміне орай қарапайым халық жиі жіберетін қателіктерді атады

Келесі лауазым

Футболдан ӘЧ-2018: сейсенбі күнгі матчтар кестесі

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    44 бөлісу
    Бөлісу 18 Твит 11
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.