Суббота, 17 апреля, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Шуда аударылған пойыздың техникалық жарамдылығына қатысты жаңа мәлімет шықты

төтенше жағдайдың болу себебін анықтау жұмыстарын премьер-министр өз қадағалауына алды

19.06.2018
0
Шуда аударылған пойыздың техникалық жарамдылығына қатысты жаңа мәлімет шықты

Жамбыл облысындағы пойыз апатының себебін тексеріп  жатқан комиссияның жұмысын  премьер-министр жеке бақылауға алды,-деп жазды КТК арнасы.

Бақытжан Сағынтаев қарамағындағыларға оқиғаны тергеп-тексергенде, аса мұқият болуды ескертті. Және жауапты шенеуніктерге нақты  тапсырма берді. Сонымен қатар, аударылып қалған пойыздың соңғы рет қашан техникалық тексеруден өткені белгілі болды.

Үкімет отырысында «Нұрлы жер» бағдарламасы, ет экспорты, Алматы агломерациясын дамыту мәселелері қаралуы тиіс болатын.

Премьер-министр бұларды ысырып қойып, алдымен Шу маңындағы апатқа қатысты қарамағындағылардан есеп алды. Өйткені жауапты шенеуніктер еш ақауы жоқ пойыз түзу жолдың бойында түзу келе жатып, өздігінен  аударылып қалды дегенді алға тартуда.

«Ішкі істер министрлігі  Инвестиция және даму министрлігі «Қазақстан темір жолы» компаниясы мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп,

вагондардың жолдан шығып кету себептерін мұқият  тексерсін. Бұл оқиғаның тексеріс барысын  мен жеке өзімнің  бақылауыма аламын.»,-деді ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.

Мамандар оқиға орнында түрлі сынақ  жасап көріпті. Сөйтіп, олар жолаушылар пойызының жүк пойызына соғысып қалуы мүлдем мүмкін емес деген қорытындыға келген.

Оның үстіне жолдан тайып кеткен  вагондар 6 маусымда диагностикалық тексеруден өтіпті. Машинист те жылдамдықты асырмаған. «Сонда апатқа кім кінәлі?» деген сұрақ туады.

«Бұл факт бойынша біз қылмыстық іс қозғадық. Оқиға орнында Астанадан арнайы жіберлілген тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Қылмыстық іс бойынша қазір куәлардан жауап алып, тиісті экспертизалар тағайындалып жатыр.  Тергеу Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураның бақылауында.»,-дейді ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Жалпы, Шу станциясы маңында аударылып қалған пойыз 2012-2014 жылдары шыққан екен. Вагондар айына екі рет тексеруден өтеді дейді Инвестиция министрлігіндегілер.

Соған қарамастан аударылды.  Астанадан Алматыға шыққан пойыз Шуға жақындағанда аударылып қалған еді. 20 вагонның 8-і жолдан тайып кетіп, 25 адам жараланды да, бір жеткіншек  ауруханаға жетпей жан тапсырды. Қаза тапқан 12 жастағы қарағандылық баланың отбасына және  жарақат алғандарға қаржылай өтемақы төленбек.

««Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қайтыс болған баланың отбасына – 2 миллион 405 мың теңге көлемінде өтемақы төлейді. Зардап шеккен жолаушыларға зақым алуына не, зардап шеккеніне қарай 500 мыңнан  1 миллион теңгеге дейін өтемақы төлеу туралы шешім қабылдады.»,-дейді  «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев.

Пойыздың аударылып қалуына не себеп болғанын тексеріп жатқан комиссияның қорытындысы жарты айдан кейін белгілі болады. Қазір апатқа қатысы бар деген машинист, жолшы, диспетчерлерден жауап алынып жатқаны мәлім. Ал Ішкі істер министрлігі  әзірге ешкімді қамауға алған жоқпыз деп ресми мәлімдеді.

 

Бөлісу5Твит3
Алдыңғы лауазым

Алматыда суға кеткен жігіттің достары оны құтқарудың орнына қашып кеткен

Келесі лауазым

Қазақстанда полиэтилен пакеттерге тыйым салынбақ

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    8 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    4 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Қазнетте Африкада аң аулап Қазнетте Африкада аң аулап жүрген азаматтардың видеосы кеңінен таралуда. Кадрларда олардың қазақ тілінде еркін сөйлеп жүргенін байқауға болады. Жануарларды аяусыздықпен атып алып жүрген ер адамдардың қатыгездігін көрсеткен видео желі қолданушыларының ашуына тиді. 


Аталған видео YouTube желісіндегі Silk Road Youtube арнасында пайда болды. Онда олардың сафариде аң аулап жүргені байқалады. 
Қолында  мылтығы бар азаматтар, алдымен жирафты атып, кейін зебраны көлікке салып жатады. 

Ол аздай видео соңында олар жабайы буйволды жергілікті халыққа сойғызғанын көруге болады. 
Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді. 
"Біздің отандастырымыз экзотикалық жануарларды аулап жүрген видеоны көргеннен кейін, шыны керек, көңіліп құлазып, жаман әсерде қалдым. Білуімше, видео Африкада түсірілген. Мен мұны адамдар мәдениетінің ең төмен көрсеткіші деп білемін.
 Жалғасы төменде
"Бүгін, 2021 жылдың 16 сәуірінд "Бүгін, 2021 жылдың 16 сәуірінде Аяжан Еділова жерленді. Көңілді, белсенді, табанды, еңбекқор қыз 20 наурызға қараған түні қылмыскердің құрбаны болды.

 Туыстары Аяжанның денесін мырыш табытқа салынған күйде алды. Орны толмас қаза, иманды болсын", - деп жазды Дина Таңсәрі. 

Еске салсақ, осыған дейін 19 наурызда Алматыда 19 жастағы қыз түнде жұмыстан шығып үйіне оралмағаны туралы жазғанбыз. Кейін жоғалып кеткен Алматы тұрғыны Аяжан Еділова өлі күйінде табылды.  Алматы полициясы күдіктіні - Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған азаматты ұстады. Полиция пәтерге шабуыл жасаған кезде ол өзін өлтіруге тырысты.
Қазақ поэзиясы қара жамылды!  Дүние — жалған, ажалдың атқан оғынан қырық жыл қашып Қорқыт бабамызда құтыла алмаған екен. Енді міне, Алаштың ардақтысы, бүгінгі қазақ поэзиясыны көш басы, нағыз ақын — 
Есенғали ағамыз бақилық болды.

Мына шалдар кетеді ертең, дау бар ма?
Біз өзіміз айналамыз «тауларға».
Мейірхандар қартаяды қудай боп,
Есенқұлға ақсақалдық ауғанда.

Мүлде бөлек ұлысы да ұраны,
Ойхой, шіркін, ел боламыз мұралы.
Өтежандар шығады ертең бізден де,
Енді, әрине, өзгелер де шығады.

Шығады өрге жүйріктер мен жабылар
Бүркіті бар,
Жапекеңі тағы бар,
Өзіміздің Олжасымыз болады,
Бір Олжасқа бір тәржіман табылар.

Бүгінгі күн Қадекеңде тұрған бақ
Ауысайын қайсыңа деп жүр барлап.
Н. Рубцов болам дейді Аманхан,
Сонда біздің Тоқашымыз кім болмақ?

Қазірден-ақ шаруасына тас, мығым,
Сейтқұлдар шығар, бәлкім, бастығым.
Байбота шал отырады балконда,
Қай пәтерде калды екен деп жас күнім.

Өрекпімей, байқай шабар ма екенбіз,
Өрге қарай шайқай салар ма екенбіз?
Қырық жастан асқаннан соң біздер де
«Атақ бер» деп айкай салар ма екенбіз?

Ұсақ емес, сақалар ма екенбіз,
Атан бермей, ат алар ма екенбіз?
Қазақ үшін жан қинамай жүріп-ақ,
Қазақ жазушысы атанар ма екенбіз?

Мұрагерің біз боламыз, жарық күн,
Сен де бізге басқа емессің, ғаріп түн.
Қасиетің де, қасіретің де – еншімде,
Қара өлеңі қазақ деген халықтың.

Әңгіме ме, болмас, бәлкім, болар шен,
Туады өлең – сене бергін, оған сен.
Жұлдыздардай самсап өлі тұрамыз,
Жұлдыздардай сирейміз біз содан соң…

Содан соң ба?
Күледі жел жындана,
Күрсінеді жасыл қала, гүл қала.
Содан кейін… отырады ойланып,
Біздер жайлы өлең жазып бір бала…
 
Есенғали Раушанов
Алматы, Қонаев пен Мақатаев Алматы, Қонаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысы. Видеоны жолдаған қала тұрғынының айтуы бойынша, мына азаматтар  қоғамдық көліктерді вирустан залалсыздандырумен айналысады. Жұмысшылар  есірткі пайдаланғандықтан жол бойында өздерін басқара алмай тұр.
Өзбекстанның Наманган облы Өзбекстанның Наманган облысындағы каналда із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыздың денесі табылды деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Ақпаратқа қарағанда, 5 сәуірде Мамадалиев С.А. деген азамат қызының жоғалып кеткенін айтып, аудандық прокуратураға шағымданған.

Іздестіру кезінде, келесі күні "Катта Наманган" каналынан оқушы қыздың денесі табылған.
Тергеу мәліметіне сәйкес, 5 сәуірде таңертең қыздың 1999 жылы туған жеңгесі қайын сіңлісін мектептен алып, ағып жатқан каналға итеріп жіберген. Қазір күдікті қамауда. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Қоғамдық көлікте әйел адам Қоғамдық көлікте әйел адам әжейдің сөмкесін ақтарып, бағалы бұйым мен ақшасын іздеп жатыр. Жолда сақ жүріңіздер!

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.