Четверг, 15 апреля, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қарақат Әбілдина баласының жетістігіне күмән келтіргендерге жауап берді

Ол баласына атағы арқылы ешқандай ықпал етпейтіндерін айтты

20.06.2018
0
Қарақат Әбілдина баласының жетістігіне күмән келтіргендерге жауап берді

Танымал әнші Қарақат Әбілдина тұңғышы Бекболат Болмановтың жетістігі ата-анасының арқасында деп айтқандарға жауап берді деп хабарлайды KYN.KZ

Отандық танымал жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақаттың баласы елімізде алғаш рет зияткерлік коэффиценті жоғары адамдарға арнап ашылған IQ Қазақстан ұйымының бас координаторы болып сайланды. Баласының осындай міндетті атқаратын жауапты орынға сайланғаны туралы жаңалықтар арқылы оқып білген Қарақат желіде жан сырымен бөлісті.

Мектепті биыл бітірген баласының кезекті жетістігіне қуанған әнші желідегі парақшасында: «IQ Start интеллектуалды тестілеуде 400 адамның ішінен озық шығып, үздік 7 адамның ішіне кірген тұңғышым Бекболаттың тағы бір жетістігін өзінен емес, сайттардан біліп отырмын….) Расында, ‘Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы’ деген соң, бүкіл жетістіктеріне біздің ықпалымыз бар деп ойлайды. Бір қызығы, біздің ықпалымыз тұрмақ, еш xабарымыз да жоқ, тіпті, мұндай жаңалықтарын бізге өзі де айтпайды. Ел-жұртпен бірге естіп жатамыз. Оқуда, қоғамдық істерде белсенді, бірақ атқарып жүрген шаруаларын уақытынан бұрын жариялауды, сөзі ісінің алдына түскенін қаламайтын жан екенін біліп, марқайып қалам. Осылай ерте жұмысқа араласып, жақсы жағынан көзге түскеніне, әрине, қуанамыз. Десе де, ұлым әзірге оқушы, жас түлек). Ал алда үлкен бір белес, – ҰБТ келе жатыр, жауапты сынаққа санаулы күндер қалды. Құлыныма осы бір емтиxанда сәттілік тілеймін, қарыштай бер, ботам. Ең бастысы, Алладан амандығыңды тілеймін! Барша түлектерге сәттілік серік болсын деймін! ҰБТ нәтижесі өмірдің мәні емес, көп белестің бірі ғана екенін де естен шығармайық!» – деп жазды.

Айта кетейік, Бекболат Болманов жақында еліміздегі ең ақылды оқушылар қатарынан көрінген болатын. Сонымен қатар, KYN.KZ сайтына арнап Қыдырәлінің өзі берген сұхбатында баласының бизнес саласына баруы мүмкін екенін айтқан.

Бөлісу12Твит8
Алдыңғы лауазым

Футболдан ӘЧ-2018: 20 маусымда қай командалар алаңға шығады?

Келесі лауазым

Ақтөбелік келіншек отырып қалған сіңілісіне күйеу жігіт іздеп жатыр

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    7 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    4 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Өзбекстанның Наманган облы Өзбекстанның Наманган облысындағы каналда із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыздың денесі табылды деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Ақпаратқа қарағанда, 5 сәуірде Мамадалиев С.А. деген азамат қызының жоғалып кеткенін айтып, аудандық прокуратураға шағымданған.

Іздестіру кезінде, келесі күні "Катта Наманган" каналынан оқушы қыздың денесі табылған.
Тергеу мәліметіне сәйкес, 5 сәуірде таңертең қыздың 1999 жылы туған жеңгесі қайын сіңлісін мектептен алып, ағып жатқан каналға итеріп жіберген. Қазір күдікті қамауда. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Қоғамдық көлікте әйел адам Қоғамдық көлікте әйел адам әжейдің сөмкесін ақтарып, бағалы бұйым мен ақшасын іздеп жатыр. Жолда сақ жүріңіздер!
Даяшы мейрамханаға келген қонақты құтқарып қалды
Франциядағы Крей қаласының Франциядағы Крей қаласының мэриясында Йешим Саваш есімді қазақ қызы жұмыс істейді. Йешимнің атасы Қазақстанда, әкесі Түркияда, ал өзі Францияда дүниеге келген деп хабарлайды Хабар24.
⠀
Йешим Саваш жастайынан саясатпен айналыса бастап, отызға толмай туған қаласының яғни, Крей қаласы мэрінің орынбасары болып сайланған. Йешим Саваш күндіз мектепте жұмыс істейді, ал кешке қаланың мәдени мәселелерімен айналысады. Францияда бұл қызмет негізгі жұмыстан босатпайды.
⠀
Алты жылға сайланған Йешим бұл мерзімде Крей қаласының мәдени ортасын дамытатын үлкен жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Сондай-ақ тарихи отанымен тығыз байланыс орнатпақ.
⠀
«Бұл керемет болды. 2014 жылы қалалық кеңеске сайланғанда, халықаралық қатынастармен айналыстым. Крей түрлі елдердегі 12 қаламен серіктестік орнатқанын айта кету керек. Отбасымыз бүкіл Крейдегі жалғыз қазақтар, сондықтан Қазақстанмен байланыс орнатсақ жақсы болар еді. Мен әлемдегі бірнеше шаһармен осындай жұмыс атқарып үлгердім. Арасында Түркиядағы Кушадасы бар. Қазақстандағы қалалардың бірімен ынтымақтастық орнатуды өзім үшін үлкен абырой санар едім», — дейді Крей қаласы мэрінің орынбасары Йешим Саваш.
⠀
Қазақстанда әлі болмаған Йешимнің бір арманы — атамекеніне бару. Өткен ғасырдың ортасында туған елінен кетуге мәжбүр болған атасы өз тамырын ұмытпай, туған жерін қадірлеп, қастерлеуді үйреткен. Йешим үйінде ұлттық тағамды жиі дайындап, дәстүрін сақтап келеді.
⠀
«Мені түрік деп атауға болады. Өйткені әке-шешем Түркия азаматтары, өзім Франция азаматымын. Алайда ұлтың кім деп сұрағанда, үнемі қазақпын деп жауап беремін.
⠀
Ата-әжеммен бірге тұрмағандықтан, ана тілімді үйрене алмадым. Бірақ оған қарамастан өзімді қазақпын деп есептеймін. Қазақстанда мені мақтан тұтқанын көріп, көзіме жас келді. Бүкіл елдің қолдауына ие болу — үлкен абырой», — дейді Йешим Саваш.
⠀
Қала мэрінің орынбасары болып сайланғаннан кейін Йешим Франциядағы қазақтар ортасында жұлдызға айналған. Ол туралы Қазақстан, Орталық Азия мен Моңғолияның бұқаралық ақпарат құралдары жазған болатын.
Осындай ырым бар екен. Қаншалықты рас
Қазақ балуаны Қажымұқанның Қазақ балуаны Қажымұқанның 150 жылдығына арнап түйе көтерді! 

Дархан даланың арландары аман болсын! 

Белгілі атлет, түрлі экстрималды жаттығулар бойынша әлем рекордын жаңартқан қазақ балуаны Темір Сыпатаев Қажымұқанның 150 жылдық мерейтойына арнап тағы бір рекорд жасады!

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.