Четверг, 30 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Мәдениет министрі: Назарбаевтың президент болып қала бергенін тілейміз

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, шетелдіктер Қазақстан президентіне сүйсініп қарайды

21.06.2018
0
Мәдениет министрі: Назарбаевтың президент болып қала бергенін тілейміз

Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нұрсұлтан Назарбаев туралы айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді.

«Шетелге шықсақ немесе халықаралық конференция өткізгенімізде, бәрі сүйсініп, былай дейді: «Біздің елімізде де Нұрсұлтан Назарбаев сияқты президент болса ғой». Тіпті қазіргі президенттердің өзі: «Алғашқы президентіміз Назарбаев болғанда, мемлекетті қайта құратын едік», — дейді. Нұрсұлтан Назарбаев сияқты мықты көшбасшымыз болғанына біз шексіз бақыттымыз», — деп жауап берді министр Sputnik сұрағына.

Мұхамедиұлы «Рухани Жаңғыру» логотипі туралы: ұялатын ештеңе жоқ>>

Мұхамедиұлы сөзін аяқтап үлгерместен залға жиналғандар қошемет көрсете бастады.

«Әлбетте, әрі қарай Қазақстанды басқара бергенін бәріміз қалаймыз. Назарбаевтың басшылығымен еліміз үлкен жетістіктерге жетеді. Залдағылар мені қолдайды деп ойлаймын. Менің пікірім осы», — деп Мұхамедиұлы ойын түйіндеді.

Бұған дейін Тоқаев Назарбаев 2020 жылғы президент сайлауына қатысатынына сенбейтінін мәлімдеді.

Қазақстанның қазіргі президенті осы жазда 78 жасқа толады. Ол 1991 жылдың 1 желтоқсанында алғашқы бүкілхалықтық сайлаудың қорытындысы бойынша президент болып, содан бері елді басқарып келеді. 2015 жылдың 26 сәуірінде өткен соңғы кезектен тыс сайлауда мемлекет басшысы сайлаушылардың 98% дауысын иеленіп, бесінші рет жеңіске жетті. Оның өкілеттігі 2020 жылдың сәуірінде аяқталады. Коституцияға сәйкес, Назарбаев Қазақстанның тұңғыш президенті ретінде бұл лауазымға өмір бойы сайлауға түсе алады.

 

 

 

Бөлісу6Твит4
Алдыңғы лауазым

Германияда 500-ге жуық адамды өлтірген дәрігердің қылығы елді шошытты

Келесі лауазым

Таразда тірідей жанып кете жаздаған ұлдың анасы сұмдық оқиғаға көрші үйдің балаларын айыптады

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    55 бөлісу
    Бөлісу 22 Твит 14
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.