Четверг, 21 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Түркістанда жылжымайтын мүлік бағасы шарықтап шыға келді

Осы уақытқа дейін сатылмай тұрған жер телімдеріне бірақ күнде миллион теңгеден қосылған

22.06.2018
0
Түркістанда жылжымайтын мүлік бағасы шарықтап шыға келді

ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК БАҒАСЫ ШАРЫҚТАП ШЫҒА КЕЛДІ

Түркістан қаласының облыс орталығына айналуы сол екен өңірде жылжымайтын мүлік бағасы шарықтап шыға келді. Осы уақытқа дейін сатылмай тұрған жер телімдеріне бірақ күнде миллион теңгеден қосылған. Қазір, қалада бос жатқан жер учаскелері қалмады, дейді тұрғындар. Ақшалы кәсіпкерлер мен алыпсатарлар көше көшені аралап, арзан пәтерлерді сатып алып жатқан көрінеді. Бұл туралы KYN.KZ  Еуразия бірінші арнасы сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Осы күні Түркістандықтардың өн бойында қуаныш пен толқу бар. Бірі рухани қаланың облыс орталығы болғанын сүйіншілеп жатса, енді бірі соған сәйкес жылжымайтын мүлік бағасы аспандап кеткенін айтып ренжіп жүр. Мәселен, қалада ең арзан жер телімдері  “Бекзат” шағын ауданында екен. Онда тұрғын үй салуға арналған он соттық жер 2,5 млн теңгеден сатылуда. Ал, қалаға кіре берістегі күре жолдың екі шеті 3 миллион теңгеден басталады екен.

«Бір танысым алды жерді 4 миллион теңгеге алды. Құр қара жерді ме? Ия, құр қара жерді. Бұрын ол жерлер 1,5  млн теңге болған 2 млн-ға жетпейтін. Бірақ, алды бір ай болған жоқ, сол 4 млн-ға алды» – дейді қала тұрғыны Ақерке Мәмбетәлиева.

Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша, дәл қазір “Яссы” шағын ауданында жер телімінің бағасы күрт қымбаттап кеткен. Бұған дейін 500 мың нан 1,5 млн теңгеге дейін бағаланып келген 10 соттық жердің бағасы соңғы 4 күннің ішінде 3 млн мен 5 млн теңгеге жетіпті. Бірақ, бұл бағаның ішінде тек қана ауыз суы бар, жолы тартылған және электр жарығы жүргізілген жерлер ғана бар. Ал, басқа жерде баға сәл төмендеу

Бағаның басынғаны соншалықты кейбір бизнеске лайықты ұлтарақтай жердің ақысына қосымша 1 млн теңге қосылып кетіпті. Бұл бір түннің ішінде болған бәс сауданың келісімі. Мұны естіген жұрт жағасын ұстап жатыр.

«Бәрімізде естіп шошып кеттік. Бұл не болды сонда деп. Ілгеріде неге алып қоймағанбыз деп. Бұрын біз қымбатсынып алмай жүрдік. Өзіміздің қалтамызға лайықты, арзандау болады ма деп. Енді мынандай 1 миллион теңгенің қосылып кетуіне бізде таң қалып, шошып отырмыз» – дейді қала тұрғыны Ырысай Орынтайқызы.

Жердің бағасын білген соң одан әрі орталыққа бардық. Көпқабатты тұрғын үйлердің орташа ақысы құбылмалы болып тұр екен. Ең өтімді екі бөлмелі пәтер 3.5 миллион теңгеден басталып, 20 миллионға дейін жетіп жығылады. Жалға берілетін тәуліктік пәтерлер 3 мыңнан  5 мыңға дейін барады. Осыны естіп білген кейбір сатушылар бастапқы райынан айнып, әліптің артын бағуға көшкен.

«Енді ортада жүрген реалторлар мен делдалдар жерді қымбаттатып жүр. Түркістан облыс орталығы ашылғалы бері. Сондай естіп жатырмыз енді. Балдарға, қыздарға жер алып қоюымыз керек еді. Сондай қымбатшылық болып жатыр енді» – дейді қала тұрғыны Оразәлі Балтабаев.

Жеке кәсіппен айналысатын Нұрлан Қожабаев жуырда екі қабатты коммерциялық нысанның құрылысын аяқтап, енді жалға бермекші. Орналасқан жері де күре жолдың бойында. Сондықтан шаршы метрін 1500 теңге деп белгілепті. Енді  саудасы келсе, клиентпен келісімшартқа тұруды көздеп жүр.

«Балабақшаға сұрап жатыр, бірақ, мен бергенім жоқ. Содан кейін ойын сауыққа алмақшы кафе етеміз деп. Одан кейін спорт барға айналдырмақшы болды, бірақ, мен бермедім. Енді менің ойымша офис немесе құрылыс заттарын сататын дүкенге жалға алса мен қарсы емеспін» – дейді кәсіпкер Нұрлан Қожабаев.

Жаңадан құрылған Түркістан облысына жетекшілік ету міндеті Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарған Жансейіт Түймебаевқа жүктелді. Оны кеше облыс активіне Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев таныстырған-тын. Әзірге Жансейіт Қансейітұлы Түркістанда әкімшілік іскерлік орталығы салынғанша, аймақты Шымкент қаласында отырып, басқарады.

Бөлісу6Твит4
Алдыңғы лауазым

Көкшетаудағы коммуналдық қызметтер қарызы бар тұрғындардың үйіндегі жылу құбырларын кесіп тастады

Келесі лауазым

Алматыда бүтін бір отбасы шиферден тұрғызылған күркеде тұрып жатыр

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Жалғызбасты үшемнің анасы бүгінде Тараз қаласында пәтер жалдап, тұрмыс тауқыметін тартуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Айнұр Тұрсынбаеваның кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды (фото)

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Ақтау қаласының тұрғыны Самира Гасанова 2020 жылдың 15-ші желтоқсанында төртемді дүниеге әкелген. 

Жүктілігі ауыр өткен әйелді дәрігерлер 30-шы аптасында операция жасап, босандырып алған. 

Дүниеге 1 ұл бала мен 3 қыз бала келген. Осылайша, 25 жастағы келіншек бірден көпбалалы ана атанған. Сәбилер отбасының алғашқы балалары екен.
 "Қуанышымды жасыра алмай тұрмын. Ата-анамыздың төбесі көкке жеткендей болды. Балаларымның аман-есен жарық дүниеге келуіне себепші болған дәрігерлерге отбасымның атынан алғысымды білдіремін", - дейді Самира Гасанова.
Орал қаласында Сауда орталығының алдында өлең айтып тұрған жігіттті полицейлер қолын қайырып ұстап алып кетті... 

Толық ақпарат анықталуда.
Қазақстандық жанармай беке Қазақстандық жанармай бекетін өртеп, қашып кетті
⠀
 Өрт машинаны да шарпығанына қарамастан кетуге асықты.
⠀
Қазақстандық жанармай құю бекетін өртеп, сол бойда қашып кетті.
Алматы қалалық соты әлеуметтік желілерде тараған "мас судьяның" видеосына байланысты қызметтік тексеруді бастады.
Видеодан төрт адамды байқауға болады, олар балағат сөздер айтады, болжам бойынша, ондағы ер адамдар мас болған.

"Олардың бірі - Алматының Алмалы аудандық сотынан келген Фемиданың қазіргі қызметшісі дейді", - делінген видеоның сипаттамасында.

Алматы қалалық соты осы видеоға қатысты пікір білдірді.

"Әлеуметтік желілерде бір видео қызу талқыланып жатыр. Видеода Алмалы аудандық сотының судьясы бар екені айтылады. Осы дерек бойынша Алматы қалалық соты қызметтік тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаймын", - деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын.
Белсенділер жаңа мәжілісті Белсенділер жаңа мәжілісті "заңсыз" дейді. Депутаттардың өзі не айтады?

Бүгін, 20 қаңтар жаңадан сайланған мәжіліс депутаттарының алғашқы отырысы өтті. Белсенділер мен оппозициялық топтар бұл парламентті "заңсыз сайланды" дейді. Депутаттардың өзі бұған не айтады? 10 қаңтардағы сайлау нәтижесі бойынша, парламенттен экс-президент Назарбаевтың биліктегі "Нұр Отан" мен билікшіл "Ақ жол" және "Қазақстанның халық партиясы" (бұрын "Қазақстанның коммунистік халық партиясы" деп аталған) орын алған.
Ата-аналарды шошытқан заң ж Ата-аналарды шошытқан заң жобасының тармағы... сіз не дейсіз бұл демократиялық тәрбие ма?

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.