Суббота, 16 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Болманов: Әйел адам екен деп Ырза Тұрсынзадаға ғимаратты беріп қоймаймын

Болманов бұған дейін қолөнершінің жұмыстарына талай мәрте қолдау көрсеткенін айтып өкінді

27.06.2018
0
Болманов: Әйел адам екен деп Ырза Тұрсынзадаға ғимаратты беріп қоймаймын

Қазақстандық продюсер және кәсіпкер Қыдырәлі Болманов қолөнерші Ырза Тұрсынзаданың ғимарат туралы даулы мәлімдемесіне жауап берді, деп KYN.KZ  ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

2018 жылғы 22 маусымында Ырза Тұрсынзада Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаны Астанадағы Майлин көшесінде орналасқан ғимаратты заңсыз иемденді деп айыптаған болатын. Болмановтың айтуынша, даулы ғимарат коммуналдық нысан болып табылады және оны балалар мектебіне ыңғайлы орын ретінде құзіретті органдар тағайындаған.

«Бір жарым жыл бұрын мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында мектеп ашу туралы әкімдікке хат жазылған болатын. Бұл мектепте оқу ақысын төлеу мүмкіндігі жоқ балалар оқиды. Олардың кейбірі науқас, бірақ талантты, ең бастысы өнер үйренуге ынталы балалар. Осылайша, елуден астам бала оқуға жазылды.

Бірақ, мектептің өзі жалға алынған, ондағы 25 мұғалімге жалақы төлеу керек. Балалардың тең жартысын тегін оқыта алмағандықтан, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында әкімдіктен төмен бағада ғимаратты жалға алуға өтінім білдірдік.

Қазірдің өзінде 30 баланы тегін оқуға қабылдап қойдық, олардың арасында науқас, ата-анасыз қалған немесе әлеуметтік жағдайы төмен балалар бар», – деді Қыдырәлі Болманов Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Қыдырәлі Болмановтың қорғаушысы Аманбол Әбеуов барлық заңды құжаттарды көрсетіп, заңсыз тұрғындардың ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпағанын жеткізді. Нысанды жалға берген «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпоративі 2017 жылдың желтоқсан айында ғимаратта тұрып жатқан заңсыз тұрғындарды анықтау туралы ішкі істер органдарына өтініш жазған.

Кейінірек, 2018 жылдың қаңтар айында Астана қаласының Алматы ауданы әкімдігі де полицияға жүгінген. Бірақ, ғимараттағы заңсыз тұрғындар анықталмаған және кері байланысқа шықпаған.

«Астана» ӘКК мен «Қарақат» мектеп-студиясын» басқаратын «Айсұлтан Арт» компаниясы арасында келісімшарт орнаған соң, компания адвокаттық кеңсе жалдаған.

Адвокаттық кеңсе жинаған деректерге сәйкес, сот ғимаратта заңсыз тұрып жатқан тұлғаларды мәжбүрлеп көшіру туралы шешім қабылдаған. Құзырлы органдар да, Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина да ғимаратта кімнің тұрып жатқанын анықтай алмаған», – деп түсіндірді заңгер.

Өз кезегінде Болманов құқықтық жұмыстармен мектеп директоры айналысқанын, ғимаратта қолөнерші Ырза Тұрсынзаданың тұрып жатқанын білмегенін айтты.

«Ырза апаймен етене араласқан емеспіз, бірақ сәлеміміз түзу. Жарнамалық қолдау сұрағанда да, барынша көмектестік. ЭКСПО-да үлкен киіз үй тікті, оған Қарақатты кішкентай сәбиімен фототүсірілім жасауға шақырды. Сонда Қарақат үлкен кісінің өтінішін жерге тастамай, қырқынан шықпаған сәбиімен барды.

Ырза апайдың «Үйіме талай келді, киіз үйімде фотоға түсті» деуі жалған. Бұл ғимаратқа келіп көрмегенбіз және Ырза Тұрсынзаданың қайда тұратынын да білмегенбіз. Қарақаттың бес баласы бар, эфирлік уақыты бар, көптеген қоғамдық жұмыстарымен айналысады.

Мектептің іс-қағаздарына мүлдем араласпаған. Мен де концерттің шаруаларына көңіл бөліп, құқықтық жұмыстарды адвокаттық кеңсеге тапсырғанмын.

Ғимаратта этноөнерді насихаттап жүрген Ырза Тұрсынзаданың тұрып жатқанын әлуметтік корпоратив, ішкі істер басқармасы, әкімдік анықтай алмағанда, біз қайдан білеміз?

Адвокаттар мен сот орындаушылар Ырза Тұрсынзаданың кім екенін танымайды,  олар заңға сәйкес өз міндеттерін атқарған», – деп өз сөзін толықтырды Болманов.

Продюсердің айтуынша, ғимараттың алдағы тағдыры әлі де белгісіз.

«Бұл нысан ешкімнің меншігіндегі дүние емес. Мемлекет тарапынан жалға берілетін ғимарат. Сондықтан, Ырза апайдың жасын сыйлап, бас тартайық, бере салайық деген әңгіме жүрмейді.

Ол кісі де бізге бір ауыз хабарласпастан, журналистерді жинап алып, біздің тарапқа айыптауларды боратты. Әйел адаммен тартыспайын, үндемей қоя салайын дедім. Бірақ, есейіп қалған ұлым әлеуметтік желіден көріп, «Әке, бұл рас па?» деп сұрақ қойды.

Біздің арымыз таза, біз ешкімнің мүлкін тартып алған жоқпыз. Ертерек білгенде бәлкім іс оңай шешілер ме еді? Отбасымды қорғау үшін, бізге қарсы айтылып жатқан сөздерге тоқтау салу үшін сіздерді жинап отырмын», – деді Қыдырәлі Болманов

Бөлісу10Твит6
Алдыңғы лауазым

Америка төріндегі гейлер шеруіне қатысқан қазақстандықтар жаға ұстатты

Келесі лауазым

Жүрегім дір етті: Меруерт Түсіпбаева кімге ғашық болып жүргенін айтты

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Жалғызбасты үшемнің анасы бүгінде Тараз қаласында пәтер жалдап, тұрмыс тауқыметін тартуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Айнұр Тұрсынбаеваның кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды (фото)

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Депутаттың ант қабылдау рә Депутаттың  ант қабылдау рәсімінен кейінгі жағдайы...
Жанболат Мамайды қолдайсыз Жанболат Мамайды қолдайсыз ба?
2 жылдай уақыттан бері қазақ әйелі бұрынғы күйеуінің қолында отырған қызын қайтара алмай жүр. Туған анаға өз баласына көзімен қарауға да рұқсат берілмейді. ⠀ Бір күн бұрын әйел тіпті біздің полиция қызметкерлерінің кейбір адамдардың заңсыз әрекеттеріне қарсы дәрменсіз екендігі туралы кадрларды жариялады. Біз заңды жағдайда өмір сүретінімізге сенімдіміз бе?
Бүгін Парламент Мәжілісіні Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысы лауазымына Асқар Мамин бекітілді.
⠀
10 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаттары сайланғаннан кейін Үкімет заң бойынша отставкаға кетуі керегін айтқан болатын.
⠀
Мәжілісмендердің көпшілігі Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады.
⠀
Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда туды. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы АҚ-ның президенті болып қызмет еткен, 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болды. 2019 жылы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалды.
Ауырсаңыз осындай емшіге барасыз ба?
Nur Otan партиясы Алматы мәслихатына 29 депутат тізімін ұсынып, оны аумақтық сайлау комиссиясына жіберді.

 Мәслихатқа Nur Otan ұсынғандардың арасында бокстан Сиднейде өткен Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов, кәсіпкер, «Tanmedia Group» директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов, “Отбасы банк” басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова, Nur Otan-ның Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров, “Алматы ақшамы” газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, кәсіпкер,«Q3 Worldwide» инвестициялық холдингісінің бас директоры Қайрат Құдайберген бар.

Мәслихат депутаттарының тізімінде қаладағы аурухана жетекшілері де жүр. Атап айтқанда, №5 қалалық аурухананың бас дәрігері Болат Садықов, қалалық кардиология орталығының бас дәрігері  Алмат Қодасбаев 29 депутаттың тізіміне енген.
Билік партиясы Алматы қаласының мәслихатына ұсынған тізімдегі адамдардың орташа жасы – 43.

 Тізімдегілердің 31 пайызы әйелдер. Мәслихатқа кандидаттардың 24 пайызы жастар.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.