Четверг, 18 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Түркістанның шығыс бөлігінде жаңа қалашық салынады

27.06.2018
0
Түркістанның шығыс бөлігінде жаңа қалашық салынады

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапары барысында Түркістан аймағын дамыту перспективалары туралы комиссияның бірінші отырысына қатысып, қаланың даму жоспарымен танысты, деп KYN.KZ  ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Асқар Маминге жаңа облыс орталығының даму жоспарымен таныстырған Жансейіт Түймебаев Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында арнайы штаб құрылғанын атап өтті. Сонымен қатар, жаңа әкімшілік-іскерлік орталықты дамыту жобасы, жол, құрылыс инфрақұрылымдарын одан әрі жаңғырту жұмыстары баяндалды. Мәселен, жаңадан жасалған бас жоспарға сәйкес қала аумағының көлемі 35 мың гектарға ұлғайған.

Ал Түркістан қаласының шығыс бөлігінен жаңа қалашық салу үшін 670 гектар жер бөлініп отыр. Оның 170 гектар болатын аумағына әкімшілік-іскерлік орталық салынса, 300 гектарына көп қабатты тұрғын үйлер тұрғызылатын болады. Аталған қалашықта 65 мыңға жуық тұрғын тұрады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, жаңа жоспарға сәйкес инфрақұрылымдық жүйелерді және көліктік-логистикалық бағытты дамыту жолдары қарастырылуда. Бұдан бөлек, таныстырылым барысында  «Көне Түркістан» тарихи бөлігін жаңғырту жобасы туралы баяндалды. Жоба Қ.А.Яссауи кесенесі маңындағы қорғандарды реконструкциялауға бағытталған. Көне Түркістан» жобасының негізгі идеялық мәнін іске асырудың 2 нұсқасы ұсынылып отыр. Оның біріншісі «Түрксой» ұйымына мүше елдердің мәдени ошақтарын нақты тарихи сипатта, өзіндік сәулеттік нақышта қалыптастыру жөнінде жобалық ұсыныстарын алу және сол елдерге тиісті нысандарды салдыру.

Екінші нұсқада түркітілдес елдер тарапынан инвестиция салу мәселесімен қатар отандық немесе басқа да инвесторларды тарту жұмыстары қоса жүргізу қаралған. Қаланың даму жоспарымен танысқан  Асқар Мамин аталған жұмыстардың орындалуы Үкімет тарапынан қадағаланатынын айтып, Мемлекет басшысы тапсырмасының тиісті деңгейде жүзеге асыру үшін Үкіметтен мейлінше қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Түркістан қаласы әкімдігінің жұмысымен және мемлекеттік қызметкерлерге арналған жатаханамен, сондай-ақ, қолданыстағы темір жол вокзалын аралап көрді.

Бөлісу5Твит3
Алдыңғы лауазым

Елордада қоғамдық көлік жолақысы екі есе қымбаттамақ

Келесі лауазым

Қытайдан Қазақстанға жеткізілген ойыншықтардың өте қауіпті екені анықталды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.