Четверг, 28 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Абақтыдағы азап: Жазасын өтеушілер түрме қызметкерлерінің адам төзгісіз қорлығын жайып салды

Жер бетіндегі тозақ Петропавлдағы түрмеден басталады

28.06.2018
0
Ауру қызын құтқару үшін есірткі сатып, он бес жылға сотталған әйел жан сырымен бөлісті

Сынған тіс, көгерген дене, тігілген тері. Бұл қорқынышты фильмнің желісінен алынған сөздер емес, бұл еліміз түрмелеріндегі жазасын өтеушілердің көрген қорлығы. Соңғы бес айдың өзінде абақтыда жатқан жүзге жуық азамат, колония қызметкерлерінен таяқ жеп, қысымға ұшыраған. Кейбірі тіпті сөйлеуден қалып, енді бірі мүгедек арбасына таңылған. Олардың арасында әйелдер де бар. Еліміздегі түрмелерде сотталушылардың бірі қанжоса күйде ессіз, енді бірі моральдық қысымның кесірінен өзіне қол жұмсауда.  Бұл туралы KYN.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Көп шу шығарсаң, үш қызыңды да өлтіреміз!». Петропавлдық Бақыт Ысқақова «Жазықсыз жазаланып, түрмеге тоғытылған інімнің құқығын қорғаймын деп, өз басым қауіпке ұшырап отыр», – дейді. Інісі Фархат Ысқақов пен оның достарына 2017 жылы көшеде белгісіз біреулер қарулы шабуыл жасаған. Сол кезде өзін және достарын қорғамақ болған Фархат сот процесіне бастапқыда куәгер ретінде қатысып, кейін басты айыпталушыға айналып шыға келіпті. Тергеу кезінде бауырын көрмек болып барған әпкесі інісінің бет-жүзін көріп, танымай қалғанын жасырмады.

«Бет-аузы домбығып кеткен інім маған қолындағы бет орамалын берді. Матаға қою қызыл қан әбден сіңіп, оны сыққан кезде жерге біраз сұйықтық ақты. Еш кінәсі жоқ адамды солай ұрып-соғып, айып тағу масқара емес пе?! Мен оның кінәсіз екенін дәлелдеймін, қағаз жүзінде маған уәде бермей-ақ қойыңыздар! Іспен дәлелдеңіздер! Белгісіз біреулер шу шығарғаным үшін әлеуметтік желілер арқылы«қыздарыңды өлтіреміз» деп хат жазады. Мен көшеге шығуға да қорқамын» – дейді Петропавл қаласының тұрғыны Бақыт Ысқақова.

Жасұлан Сүлейменов 1997 жылы сол аяғынан жарақаттанып, шұғыл операция үстеліне жатқызылған. «Жығылғанға жұдырық», ота жасалғаннан кейінгі жазатайым оқиғадан соң сегіз жылға бас бостандығынан айырылыпты. Бір емес, бірнеше абақтыға түсіп , көрмеген азабы қалмапты.  Жер бетіндегі тозақ Петропавлдағы түрмеде басталды дейді.

«КНБ ең бірінші қабылдаған кезде, аяқтарымнан тепті, остеомелит ашылды. Мен өзім мүгедекпін, бірінші топтағы. Біз ООН-ға жаздық. ООН өз үкімін шығарды. Азап көргенімізді дәлелдеді. Қазірге дейін ООН-ның решениесі орындалған жоқ», – дейді Астана қаласының тұрғыны Жасұлан Сүлейменова.

Теріскейдегі түрмеде мүгедектерге жағдай жасалмаған болып шықты. Жоғары қабатқа баспалдақ арқылы арбамен көтерілмек болған азамат, талай мәрте шалқасынан құлап, басын жарыпты. Ал колония қызметкерлерінің ауыр соққыларынан аяғы іріңдеп, өміріне қауін төнген.

«Біреуі итереді, біреуі тартады. Қаншама рет мені құлатты?! Баспен соғылдым. Қанша коляскам сынды сонымен», – дейді Астана қаласының тұрғыны Жасұлан Сүлейменова.

Ал Юлия Онуфриецтің азапты күндері Петропавлдағы абақтыда өткен. Еліміздің солтүстігінде орналасқан түзету мекемесі тозақ орнына айналғандай. Жас кезінде есірткінің кесірінен есінен айырылып, қылмысқа барған әйел өз жазасын өтеп жатқан мекеменің қызметкерлерінен таяқ жеген. Соққының салдарынан үстіңгі тісінен айырылып, аузы қисайған. Осы жылдың 28 наурызында бостандыққа шыққан азаматша: «Көрген қорлықтарының есесін қайтармай, тынышталмаймын», – дейді.

«Түрменің үш қызметкері мені аяусыз ұрып-соқты. Мұны сол колонияда қазіргі уақытта жазасын өтеп жатқан 50 адам растай алады. Мен шағымымды Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Мұқышевқа жеткіздім. Ол менің қағаз жүзіндегі арызымды папкасына салып алды да, көзден ғайып болды. Аймақтың әділет басқармасының подполковнигі Бексұлтановтан көмек сұрадым. Ол мені қайтара Мұқышевқа жіберді. Бұл бітпейтін шырғалаң! Ақиқат жоқ! Шындықты қайдан іздерімді де білмеймін», – дейді тұрғын Юлия Онуфриец.

Еліміздегі түзету мекемелері мен қатаң тәртіптегі түрмелерде жазасын өтеп шыққан жандардың жанайқайы мұнымен бітпеді. Бірі темір тордың әр жағында ағасының жаны қиналып жатқанын айтса…

«Осы жолы барғанымда қатты арықтап кеткен және оны ұратынын, берген тамақтарын тартып алатынын айтты. Ол өзі ештеңе жаза алмайды, өйткені жазса, арызын алып жыртып тастайды», – дейді Астана қаласының тұрғыны Есенгүл Халтай.

Енді бірі түрме қабырғасында тылсым күйде көз жұмған інісін жоқтап келген.

«Не удалось нам его спасти, он умер! Я говорю «а что случилось?», «выпил раствор» говорили. Сейчас праздники, если будете забирать тело, то позвоните после праздников, и все» – дейді Астана қаласының тұрғыны Ксения.

Арыз-шағымдар айтылды, жантүршігерлік деректер жария болды. Жағаларын ұстаған журналистер залда отырған Ішкі істер министрлігіне қарасты Қылмыстық  атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Төремұратов пен аталмыш министрліктің Жеке бас қауіпсіздігі бойынша департаменті басшысының орынбасары Талғат Шаяхметовке сұрақтарды қарша боратты. Бірақ, қол астындағы мекемелерде болып жатқан жантүршігерлік жайттарды естіген олар, есеңгіреп қалды ма, әлде жауап беруге қысылды ма, әйтеуір көп күттірді.

«Жауап, жауабымды бере салайын. Жалпы көтерілген мәселелер, жалпы айтылған нәрселер, жай қалмайтын нәрселер. Шешім қабылдауға тырысамыз» – дейді ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Төремұратов.

Жауабын аяқтай сала, Заң бойынша қандай шаралар қолданылатынын баптармен, түрлі тармақтармен түсіндірмек болған төраға орынбасарының сөзін еліміздегі атышулы адвокат Айман Омарова бөлді.

Бірер ай бұрын АҚШ-тың бірінші ханымы Меланья Трамптың қолынан сыйлық алған Айман Омарова, журналистердің сұрағына жауапты тұлғалардың не себепті нақты жауап бере алмайтынын айтып кетті.

«Сіздің сұрағыңыз нақты қойылған сұрақ! Оған мына кісілер нақты жауап бере алмайды! Неге десеңіз, бұл мәселе он жылдан асқан, 15 жылдан асқан, 20 жылдан асқан. Совет заманынан бері келе жатқан мәселе. Екінші мәселе  камера. Как только пытки, камеры нет. Ал корреспонденция ше? Корреспонденция екінші проблема. Шағым жазар болса, корреспонденция өтпейді. Оны қорлайды!» – дейді адвокат Айман Омарова.

КСМ: Қоғам белсенділерінің бірі түрмедегі реформаға түрен салу керек десе, енді бірі жазасын өтеушілерге арналған жүйені тұтастай өзгерту керек дегенді алға тартады. Бүгін жабық мемекемедегі жаға ұстатарлық деректерді алға тартқан жандар, өз Отанымызды азапту аймағына айналдырмауды сұрады

Бөлісу10Твит6
Алдыңғы лауазым

Рахман Омардың бірінші әйелін екі келіншек пышақтап өлтірді

Келесі лауазым

Сүлейменовтің немересін қағып өлтірген күдікті ірі шенеуніктің қызы болып шықты

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 5 айлық сәбидің дамуы: еңбектеуге дайындалып, тісі шыға бастайтын кез

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Аралас жекпе-жек файтері Қу Аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитовке қатысты сот үкімі шықты.
⠀
"Хамитов видеосы арқылы билік өкілдеріне белсенді түрде бағынбауға шақырған. Сотталушы Хамитов жасаған әрекетін толық мойындады. Қуат Хамитов Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, алты ай бас бостандығынан шектеу туралы үкім тағайындалды", - деді судья.
Кімдікі дұрыс? Митингіде че Кімдікі дұрыс? Митингіде чемпионның жұдырығы тиген қыз сотқа шағым түсірді.
Қоғам белсендісі Әйгерім Тілеужан олимпиада жеңімпазы, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ермахан Ыбрайымовтың үстінен полицияға арыз жазды. Алайда әлі іс қозғалған жоқ. Бұны Алматы тұрғыны растап отыр. Ал депутат дәрежесіне нұқсан келетін әрекет жасалса, белсенділердің өзін сотқа беретінін мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
⠀
«Алматы қаласының полиция департаменті арызды қабылдады. Бірақ әлі іс қозғалған жоқ. Куәгерлермен бірге қалалық полиция департаментіне келіп тұрмыз», — деді Әйгерім Тілеужан.
⠀
Оның сөзінше, полиция арызды әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы «ұсақ бұзақылық» және 73-2-бабы «ұрып-соғу» бойынша қабылдады.
⠀
Айта кетейік, 10 қаңтарда өткен сайлау күні белсенділердің бірі Әйгерім Тілеужан жұртпен бірге алаңға шыққан. Айтуынша, сол кездегі қарбалас кезінде Ермахан Ыбрайымовтың жұдырығы бетіне тиген. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде боксшы алаңға шыққандардың бірінің қолындағы плакатты жыртып тастады деген де ақпарат тарады.
⠀
Ал спортшы үстінен арыз жазылғанынан хабары жоқ екенін айтты.
⠀
«Арыз жазып-жазбағанынан хабарым жоқ. Білмеймін. Егер менің үстімнен арыз жазып, жалған мәлімет тарататын болса, мен олардың үстінен арыз жазамын. Психологиялық-моральдық тұрғыда менің дәрежемді төмендетуге әрекет жасағаны үшін сотқа беріп, 5 миллион теңге өндіретінімді де айтқанмын», — деді Сидней олимпидасының жеңімпазы.
⠀
«Арыз жазамыз деп жүргеніне біраз уақыт болды. Менің адвокатым бар, өзім заң факультетін бітіргенмін. Мен заңды жақсы білемін», — дейді Ермахан.
⠀
Спортшы тарап жатқан ақпараттың бәрі жалған деп отыр.
⠀
«Саусағымның ұшы ешкімге тиген жоқ. Тарап жатқан әңгіменің бәрі — жалған мәлімет. Жерде жатқан плакаттарды көрдім… Мені балағаттап, менің намысыма тигеннен кейін жақын тұрған адамның плакатын жұлып алдым да, жыртып тастадым. Халықтың арасына арандатушылық салатын, ауызбіршілігін бұзатын неше түрлі сөздер жазған», — деді ол.
⠀
Алайда депутат намысына тиетін сөз айтқандардың үстінен бірінші болып арыз жазбайтынын айтты.
⠀
«Мен үлкен адаммын, Олимпиада чемпионымын. Ондай төмен дәрежеге түспеймін ғой. Олар сияқты емеспін. Мен өте жоғары дәрежедегі адаммын», — дейді ол.
Ең маңызды мамандық таңдауын дұрыс жасағаныңызға сенімдісіз бе? Мүмкін жан дүниеңізге жат жұмыс істеп жүрген боларсыз? Мұндай болмас үшін өзіңізді жақсылап танып алғаныңыз абзал.

1978 жылы америкалық психолог Сьюзен Деллинджер жасаған мына психологиялық тестке назар салыңыз. Бұл бес геометриялық фигураның негізінде жасалған, сіз тек өз болмысыңызды ашатын біреуін таңдауыңыз керек. 

Жауп осы парақшаның историясында. Комментарияға қай пішінді таңдағаныңызды жаза өтіңіз.
Табақ тартуды білесіз бе? Табақ тартуды білесіз бе?
Ақтөбелік полицей Дастан Сұлтанғазиевтің әрекеті елді сүйсіндірді. Тәртіп сақшысы немерелерімен тұрудан бас тартып, далада қалған 80 жастағы әжейді бір бөлмелі үйіне кіргізіп алған. Көпбалалы отбасы барар жері, басар тауы қалмаған қарияны алдағы уақытта да қамқорлығына алуға дайын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
⠀
«Әже немересімен тұрғысы келмейді. Ренжісіп, үйінен жиі шығып кетеді. Учаскелік инспекторлар іздеп тауып, бірнеше рет үйіне жеткізді. Келіні мен неремесімен сөйлесіп, оқиғаның мән-жайы зерделенді. Көп ұзамай тағы да қоңырау түсті. Оқиға қайталана берген соң ашық әңгіме айтып, себебі нақтыланды. Ол келіні және немерелерімен бір шаңырақта тұра алмайтынын айтты. Үнемі жанжал болған. Денесінде ешқандай жарақат анықталмады. Тек қариямен емес, келіні және немересімен хабарласып, сөйлестік. Олар қариядан бас тартып, қарттар үйіне өткізуді сұрады», — дейді Дастан Сұлтанғазиев.
⠀
Дастан бірден келіншегіне хабар беріп, үйіне апаратынын айтқан. Қолында таяғы бар, әрең қозғалып жүрген қарияны көпбалалы отбасы жылы қабылдаған. Людмила әжей де жаңа отбасыға үйренген. Дастанның бала күтімімен үйде отырған келіншегімен бірге оның жұмыстан келуін күтеді. Одан ешқайда жібермеуді сұрап, жылайды.
⠀
«Қарттар үйіне барғым келмейді. 60-шы жылдан бастап ауруханада жұмыс істедім. Перзентхана, онкология секілді ауруханаларда еңбек еттім. Зейнетақым бар, пәтер жалдап тұра аламын. Бірақ маған Дастанның үйі ұнайды. Балалары өте жақсы, мені әже дейді. Әйелі Алмагүл де құрақ ұшып жүр. Олар мені паналатты.
⠀
Осыған дейін № 12 шағын ауданда тұрдым. Ол жалдамалы пәтер. Немерем кезінде пәтерімді сатып, кәсіп бастап еді. Бірақ ісі алға баспай, баспанасыз қалдық. Мен далада қалдым (жылады). Қайда барарымды білмедім. Патрульдік полиция көлігі бөлімшеге жеткізді. Сол кезде Дастанды кездестірдім. „Әже“ деп ыстық тамағын берді, жылытты. Бәрі жақсы болады деп айтты», — дейді Людмила Шевченко.
⠀
«Бұл ерлік емес. Мен бірінші халықпен тығыз-қатынас орнату, көмек беру міндетім. Егер мен алып кетпесем, далада қалатын еді. Мен отбасымда жалғыз өстім. Әкем ерте дүние салды. Анам екеуміз ғана бір-бірімізге пана болдық. Өзімнің анам сияқты», — дейді Дастан.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.