Понедельник, 27 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Дана Нұржігіт Сүлейменов немересінің қазасына орай көңіл айттып, ерекше естеліктермен бөлісті

Журналисттің жазбасы көпшіліктің көзіне жас үйірді

28.06.2018
0
Дана Нұржігіт Сүлейменов немересінің қазасына орай көңіл айттып, ерекше естеліктермен бөлісті

Отандық танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт  жалғыз немересінен айырылған Олжас Сүлейменов пен оның отбасына, марқұмның үйленбекші болған сүйіктісіне көңіл айтып, көпшілікті жылатты ,деп хабарлайды KYN.KZ 

Тележүргізушінің айтуынша, ол абыз ақынның немересімен осыдан бірнеше жыл бұрын, қаламгердің мерейтойында танысқан екен. Ол туралы Дана Нұржігіт өзінің желідегі парақшасында жазды.

«Осыдан екі жыл бұрын ақын Олжас Омарұлы Сүлейменовтың 80 жылдық мерейтойын жүргізу мәртебесі маған бұйырған еді. Ақынның туған-туысы, әлемнің түкпір-түкпірінен келген достары думанды кеште бас қосты. Саxна сыртындағы бізге,көмекшілікке жіңішкелеу келген бір жігіт жүгіріп келіп,сөз сөйлейтін қонақтар жайлы ақпаратты толықтырып, түрлі нұсқаулар беріп жүрді. Сондай сыпайы, шашын артқа тастаған, кең маңдайлы, аққұба бала. 22 маусым күні Астана көшелерінің бірінде болған жол апатында қаза болған мотоциклист, Олжас ақынның жиені дегенді естідім. Кейін опат болған баланың суреті шыққанда, ойыма сарт ете қалды! Құдай-ау! Мына жігітті мен білем ғой! Олжас ағаның тойында қасымда бәйек боп, жүгіріп жүрген жігіт-Ескендір екен ғой! Жаным-ау! Той үстіндегі қарбаласта тіпті жөн сұрасуға уақыт болмады. Сол жердегі көмекшілердің бірі шығар дегенмін ғой. Айналайын-ай! Өзін өсірген атасының тойында құрақ ұшып, жаны қалмай, көмектесіп жүрген Ескендір екенін сосын түсіндім. Олжас Омарxанұлының тұңғыш, жалғыз немересі! Қыркүйекте тойы болады деп қуанышқа дайындалып жүрген әулет бір күнде қан жұтып, ботадай боздап қалды-ау!», — деп қайғырды тележүргізуші.

Жазба соңында танымал журналист Сүлейменовтер отбасы мен марқұм болған Ескендердің сүйіктісіне қайғыра көңіл айтты.

«Мен топырағы суымаған жас жігіттің жақындарына: Олжас атасы мен Маргарита апасына, ата-анасына, туыстарына, сондай-ақ, ақ желек, ақ көйлек киіп, келін атанамын деген әппақ үмітінен бір сәтте айырылған Ескендірдің сүйіктісіне қайғырып, көңіл айтамын. Алла сабыр берсін сіздерге!Ескендірдің иманы жолдас болғай!», — деп жазбасын аяқтады тележүргізуші.

Бөлісу16Твит10
Алдыңғы лауазым

Суретші анасы мен қызының арасындағы махаббатты бейнелейтін ерекше суреттер шығарды

Келесі лауазым

Жеке өмірін жасырын ұстайтын Нұрболат Абдуллин үйленген болып шықты (фото)

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    44 бөлісу
    Бөлісу 18 Твит 11
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.