Тықыр таянды. Жомарт Ертаевқа Ресейде тұруға берілген құқықтың күші жойылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.
Құзырлы орган «РБК Банк» акционерлік қоғамы директорлар кеңесі төрағасының экс-кеңесшісін Ресейден экстардициялаудың қамына кірісіп кеткен. Айта кетейік, Ертаев банктің 160 млн доллар қаражатын қолды қылды деген күдікпен іздестіріліп жатыр.
3 жыл іздеуде болған банкир мамыр айында Мәскеудің орталығында тұтқындалған болатын.
“Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының хаты бойынша 2018 жылдың 14 маусымында Мәскеу соты үй қамағы түріндегі бұлтартпау шарасын 8- қарашаға дейін ұзартты.
Сонымен қатар, біздің өтініш хатымыз бойынша Ресейдің ІІМ Мәскеу қаласы бойынша Бас басқармасының 2018 жылғы 6- маусымдағы шешімімен Ж. Ертаевқа 2017 жылғы қараша айында Ресей Федерациясында тұруға берілген құқығының күші жойылды.”,- деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.