Понедельник, 27 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Арыстанбек Мұхамедиұлы жұртты тағы қалай таңғалдырып жүр?

Ол алғаш рет домбырамен халық күйін орындап, ұлттық аспапты жаңадан үйренушілерге шеберлік класын өткізді.

02.07.2018
0
Арыстанбек Мұхамедиұлы жұртты тағы қалай таңғалдырып жүр?

Мерекелік шарада сөз сөйлеген министр домбыраның қазақ халқының өмірінде ерекше маңызы бар екендігін атап айтты.

«Барша қазақстандықтарды осынау қасиетті мереке – ұлттық домбыра күнімен құттықтағым келеді. Қазақ халқы үшін домбыра – ұлттық  аспап қана емес, оның жаны мен қаны, ары мен бары, қасиеті мен киесі.

Домбыра – халықтың  қайғы мен мұңын, қуаныш пен шаттығын жеткізе білген сенімді серігі. Ұрпақтан ұрпаққа бабалардың үнін жеткізіп, ұлы даланың сазды сарынын жырлаған да домбыра.

Бүгін қасиетті домбыраны қолына алып, осы мерекені атап өту үшін үлкен-кіші қалаларда халық алаңға күймен шықты. Тек қана Астанада 2000 домбырашы бір мезгілде бірнеше шығарма  орындаған таңғажайып мерекені Елбасының  өзі де тамашалады», – деді Мұхамедиұлы.

Қазақстандықтар енді шілде айының алғашқы жексенбісінде ұлттық домбыра күнін атап өтетін болады. Бұл мейрам президенттің қаулысымен бекітілген еді.

Осыған орай, мәдениет және спорт министрлігінің хабарлаууынша, Астана және Алматы қалаларында домбыра күніне орай бұқара халыққа арналған мерекелік шара болып өтті.

Астана қаласының «Қазақ Елі» монументі ескерткішінің алдында екі мың домбыра ұстаған өнер иелері бір мезгілде «Көңіл ашар», «Адай», «Балбырауын», «Ерке Сылқым» және «Сарыарқа» сынды бірнеше танымал күйді орындады.

Күйлерді орындауға танымал музыканттар, қоғам  және мемлекет қайраткерлері, олардың қатарында депутат Бекболат Тілеухан, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүл Үлкенбаева, дирижер Арман Жүлдебаев және басқа күйшілер қатысты.

 

 

Бөлісу10Твит6
Алдыңғы лауазым

Өмірдегі жұбайымен жас айырмашылығы ерекше отандық жұлдыздар

Келесі лауазым

Пластикалық ота жасатқан отандық жұлдыздар кімдер?

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    43 бөлісу
    Бөлісу 17 Твит 11
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.