Понедельник, 15 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Роза Рымбаева: Ернар Айдар өзбектің әндерін айтып жүрген той әншісі

Роза Қуанышқызы Ернарды халықаралық өнер додасында сайысқа түсіп жүрген шын таланттармен салыстыруға болмайтынын қадап айтты.

02.07.2018
0
Роза Рымбаева: Ернар Айдар өзбектің әндерін айтып жүрген той әншісі

Әнші Роза Рымбаева «Витебсктегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде Қазақстанның атынан шығатын Ернар Садырбаевты тағы бір әнші Ернар Айдармен салыстырмауды өтінді.

Ол туралы Қазақстанның халық әртісі ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Баспасөз мәслихаты барысында тілшілердің бірі биылғы «Славян базарында» Қазақстанның намысын қорғайтын Ернар Садырбаевқа «Ернар Айдардан кейін қаншалықты танымал боламын деп ойлайсыз? Қорықпайсыз ба?» деген сұрақ қойды.

Жиын барысында Ернар Садырбаев (ән әлемінде «Әміре» атымен белгілі — автор) бұл сұраққа жауап беруден бас тартып, Роза Рымбаева сөз тізгінін ұстады.

«Менің ойымша, әншінің атын шығаратын — ол оның әні, шығармашылық өнері. Ернар Айдар мен «Әмірені» салыстыруға болмайды. Мен маман ретінде айтайын.

Ернар Айдар — өзбектің немесе түріктің әндерін қазақша орындап жүрген тойдың әншісі. Ал біздің мына баламыз — бүгінгі Ернар конкурсқа қатысатын әнші. Конкурсқа қатысу — өзінің деңгейін халықаралық деңгейде көрсету, шығармашылығын сол форматқа сәйкес келетін халықаралық орындаушы жастармен сайысқа түсу.

Ондай жастардың арасында сайысқа түсудің өзі — деңгей. Ал енді егер сенің шығармаң кем түспей, артық болып тұрса — ол Қазақстан мәдениетінің деңгейінің жоғары болғандығы. Сондықтан, ана Ернарменен мына Ернарды салыстыра алмаймын, кешіріңіздер», — деді Роза Рымбаева.

Айта кетсек, Витебсктегі «Славян базары» халықаралық өнер фестивалі Беларусь мемлекетін дүние жүзіне танымал етті. 1995 жылдан бастап фестиваль Беларусь Республикасының президенті Александр Лукшенконың жеке қолдауымен халықтар арасында мәдениет диалогының қалыптасуына ықпал етіп келеді.

Фестиваль күндері дәстүрлі түрде одақтас мемлекеттер күні, Беларусь, Ресей, Украина елдерінің өнер иелерінің гала концерті, «Шекарасыз фестиваль», «Театр кездесулері», «Жұлдызды сәт» бағдарламалары өткізіледі.

Аталған фестивальде Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева мен әнші Димаш Құдайберген төрелік ететін болады.

Айта кетсек, Димаш Құдайберген 2015 жылы Витебскіде өткен «Славян базары» халықаралық ән фестивалінде бас жүлдені иеленген болатын.

Бөлісу18Твит11
Алдыңғы лауазым

Неліктен қыздарға ұзын бойлы жігіттер ұнайды?

Келесі лауазым

«Славян базарында» Роза Рымбаева мен Димаш Құдайберген төрелік етеді

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.