Вторник, 9 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Шымкентте зорланған баланы құтқарған әйел сұмдық оқиғаны айтып берді

Куәгер: Мен баланың жылаған дауысын естідім

02.07.2018
0
Шымкентте зорланған баланы құтқарған әйел сұмдық оқиғаны айтып берді

Шымкенттегі елді дүр сілкіндерген бала зорлау оқиғасы бойынша жаңа деректер шықты. Педофилден баланы аман алып қалған азаматша өңірдегі NUR.KZ тілшісіне сұмдық жағдайды жайып салды деп хабарлайды KYN.KZ

Шымкент халқын шошытқан сұмдық жағдай көпқабатты үйдің подъезінде болған. Күдікті кісі алдымен есікті жауып, баланы бұрышқа тақап ұрып-соғып, зорлық сипаттағы әрекеттерді жасапты.

Оқиға орнында болған жағдай подъезге орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қала тұрғындары аталған видеоны желі арқылы таратып, педофилдің әрекетін қызу талқыға салуда.

Ғажайыптың күші болса керек, баланың айқайлаған даусын естіген егде жастағы азаматша подъезге кіріп, ер азаматты қуып шыққан.

«Баланың жан дауысы шықты. Біреу өлтіріп жатқан сияқты. Жылағанын естідім. Ондай айқай бекерден шықпайды деп көп қабатты үйдегі есікке қарай жақындадым.

Есікті бар қолыммен ұра бастадым. Есікті аш деп айқайладым. Сол сәтте кішкентай бала ана еркекпен алысып жүріп домофонның тетігін басып үлгеріпті.

Бала сол кезде ана кісімен арпалысып өмірімен күресе білді. Подъезге кірсем бала жылап отыр, денесінің барлығы қан. «Басымнан, жағымнан ұрды» деп бала жылап жіберді», — дейді оқиға куәгері.

Жеткіншекті көрген туыстары дереу 102-ге хабар беріп, полицейлерді шақыртқан. Сұмдық жағдайды тәртіп сақшылары естігенімен, «мамандар оқиға орнына дер кезінде келмеді» деп ашынады жәбірленушінің отбасы.

Тіпті жеткіншектің зорлануы мүмкін деген хабарды естіген полицейлер қылмыскерді құрықтаудың орнына, жайбасарлық танытқан көрінеді.

«Учаскелік полиция әйтеуір кешігіп келді. «Қай жерде болды? не болды?» деп сұраудың орнына әрекет етпеді. Камераны көру керек десек те, «бізге оған «доступ» жоқ» деп сылтауы көбейіп кетті. Сүйтіп аңырап отырғанда, біреу баламнан сұрап қалғанда, «іш киімді шешіп жіберді» деп жылап қоя берді. Содан кейін жедел жәрдем шақыртты. Дәрігерлер сондай жағдай болды дегенді айтқанда ғана полицейлер жүгіріп кетті», — дейді баланың әжесі.

Ал педофилден қорлық көрген 11 жастағы балаға дәрігерлер медициналық көмек көрсеткен. Қазір ол ата-анасының қасында.

Жәбірленушінің отбасы мәлімдегендей, дәрігерлер жеткіншектің зорлануы мүмкін деген қорытынды берген.

Бірақ істің ақ қарасын алдағы медициналық сараптама жұмыстары анықтап береді. Қазір сотқа дейін тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу14Твит9
Алдыңғы лауазым

«Славян базарында» Роза Рымбаева мен Димаш Құдайберген төрелік етеді

Келесі лауазым

Шымкентте баланы зорлаған күдікті ер адам ұсталды

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.