Воскресенье, 24 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Бибігүл Иманғазина:”Исабековты соттатып жіберуім керек еді”

Танымал жазушы Дулат ағамыздың басы дауға қалды

03.07.2018
0

«Бибі-Ана» қорының президенті Бибігүл Иманғазина Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комиссия жұмысына наразылығын білдірген екен. Автор 90-жылдардың басында «Жасөспірімдерге арналған жылдың үздік кітабы» деген бәйгеге ие болған «Тауқымет» атты романының жаңа нұсқасын биылғы жылы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынған. Алайда, өзінің айтуынша, аталған шығарма комиссия мүшелерінің назарынан мүлде тыс қалған және оның өзіндік себептері де бар көрінеді деп KYN.KZ Жас Алаш газетіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бибігүл Иманғазина кітабының мемлекеттік сыйлықтан құр қалуына жазушы Дулат Исабековты айыптап отыр. Ол бұл туралы былай деп жазды: «Тауқымет» жұртшылықтың іздеп жүріп оқитын кітабына айналған кітап қой. Кітаптың аяғындағы «Жалғасы бар» деген сөзге бола  «Тауқыметім» Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылмады. Ертерек аяқтауға менің уақытым болмады. Еліміз енді ғана егемен болып, мүгедек аналар түгіл, аяқ-қолдары балғадай азаматтарымыз абдырап жатқанда «Тауқыметті» оқыған мүгедек аналардан «Шіріген ұн, шіріген күріш жеп отырмыз» деген хаттар толастамай келіп жатты. Ақыры жазушылық жайына қалып, асырауында балалары бар мүгедек аналарға арнап қоғам құрдым да, сол қоғамның жалшысы болып кете бардым. Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комиссия мүшелерінің бірі, менің ата жауым Дулат Исабеков: «Бұл кітапты мен «Жазушы» баспасында директор болып отырғанда шығарған болатынмын, одан бері қанша жыл өтті, сондықтан Иманғазинаның «Тауқыметін» талқылауға ұсынудың да қажеті жоқ», – депті Дулаттың бұл сөзі өтірік.

Арада 24 жыл өтсе де, Дулат Исабеков өзгермеген екен. «Жауды аяған жаралы» деген. Сол кезде ешкімді тыңдамай, Дулат Исабековті соттатып жіберуім керек еді.

«Атымнан ат үркеді», «Мен президенттің қабылдауында болғанымда» деп бөсіп жүрген Дулат Исабековтің халықтың алдына шығып ақыл айтқанын естіген сайын, бар шындықты «Тауқыметіме» кіргізбегеніме өкініп жүрген едім. Алла тағалам кезінде өзімді үш жыл бойы зар еңіреткен Дулаттың сазайын бермегенімді маған кешірмесе керек, не болмаса осы жолы есемді қайтаруға тағы бір мүмкіндік беріп отырған болуы керек.

Барлығын басынан бастап айтайын. Он жыл көрші болған кәсіпкер досым Жақсылық Арзымбетов «Тауқыметімді» баспаға тапсырмас бұрын, қолжазбамды оқыған болатын. Оның неге жарыққа шықпай жатқанына  қайран қалып жүретін. Ақыры Жақсылық менің кітабым шығарылуы үшін «Жазушы» баспасына 600 000 сом аударған. Бұл ақша сол кездегі есеппен 10 автокөліктің құны еді. Келісімшарт бойынша кітабым сегіз айдың ішінде шығуға тиіс еді. Алайда ақша баспаның есепшотына түскеніне екі жылдан астам уақыт өтсе де, баспа директоры Дулат Исабеков «қағаз жоқ» деуден жалықпады. Мен сол кезде асырауында балалары бар мүгедек аналардың қоғамын құрып, қарбалас шаруамен қолым тие бермейтін. Анда-санда барып, Дулат Исабековтен ақшаны қайтаруын талап ететінмін. Ақша қайтарылмады, ақыры мен сотқа жүгінуге мәжбүр болдым. 1994 жылдың 17 тамызында сот «взыскать с издательства «Жазушы» в пользу Имангазиной Бибигуль 7 миллионов 210 тысяч 099 тенге. За нанесенный моральный ущерб 3 миллиона тенге. Всего 10 миллионов 210 тысяч 099 тенге» деген шешім шығарып берді. Соттың шешімін орындаудың орнына Исабеков енді менің досым Жақсылықты жағалады. Елге белгілі ағаларымыз маған телефон соғып, «Бес баспа сатылса да, ондай ақша жиналмайды, ол баспаның табалдырығымен Әуезов, Мүсірепов ағаларың жүрген, кітабың шығады, «мировое соглашениеге» қолыңды қойшы, айналайын» десті. Мен «Исабеков директорлықтан кетсе ғана қол қоямын» дедім. Арада үш күн өтпей Исабеков жұмыстан қуылды. Исабеков 1994 жылы директорлығынан босады, менің «Тауқыметім» 1995 жылы шықты. Ал директорлықтан босаған адам қалай менің кітабымды шығарып береді екен?!

Бірақ мен қайткенде де Мемлекеттік сыйлықтың айналасында болып жатқан келеңсіздіктермен күресемін. Кітабымның әрбір жолын салыстыруларын талап етемін. Заң бар, оқырмандарым бар… Мыңдаған адамның тағдырына араласып жүрген мен еш уақытта ешқандай қиянатқа көнген емеспін. Мемлекеттік сыйлықтың тағдырын шешетін комиссия мүшелерінің кітапты оқымағандарын дәлелдеп бере аламын.

Тауқымет! Таусылмайтын тауқымет! Алла сұрағанымды беріп, өзін ақтап алды. Ал адамдардың бірінің мойнына бірі салып жатқан тауқыметтерінің ұшы-қиыры көрінер емес…

БөлісуТвит
Алдыңғы лауазым

Шымкенттік жігіттер жұмыс істеп жатқан қытайлықтардан елдеріне кетуді талап етті

Келесі лауазым

Павлодарда телефон ұстаған жүргізуші пойызға соғылып, аударылып қалды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Айнұр Тұрсынбаеваның кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды (фото)

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Психологиялық тест сіздің адами болмысыңызды тануға көмектеседі. Өйткені адамдардың барлығы бірдей емес. Бірі — өте сезімтал болса, кейбіреулері — жаңалыққа бейім, енді бірі — өткенмен өмір сүргенді жақсы көреді. Төмендегі суреттен кімге бірінші көмектесетініңізді анықтап, ішкі жан-дүниеңіздің құпиясын ашыңыз. 

Қай номердегі адамды таңдағаныңызды комментарияға жаза өтіңіз.
Жауаптар осы парақшаның историясында (сақталған историяда). Сол жерден қарап тексеріңіз, сәттілік.❤❤❤
Ресейлік наразы халық омондарды қармен ұрып жатыр...
Ресей халқында бүгін ұйқы ж Ресей халқында бүгін ұйқы жоқ. Халық пен билік бетпе-бет текетіресті. Навальный бұл жерге жәй себеп қана сияқты. Халық піскен, мені таңқалтқаны саяси митинг жайлы жазбаған блогер жоқ. Әшейінде тек жылтырақ шоу-бизнестің ішінде жүретін гламурлар да, стэндаптың ортасында жүрген комиктерің де Путин саясатына қатысты өз ойын еркін білдіріп жазуда...
Қазақстандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеуге қатысқан ерікті  журналистерге сұхбат берді. Алматы тұрғыны осыдан төрт ай бұрын алғаш рет коронавирустан екпе салдыртқан. Ерікті азамат денсаулығы туралы, қанша сыйақы алғанын және не үшін мұндай қадамға барғанын ашық айтты.
⠀
Елімізде 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация жүргізілетіні хабарланды. Әлеуметтік желіде вакцина қабылдауға дайын топтан қарағанда оған қарсы топтың саны басым.
⠀
Отандық вакцинаны алғашқылардың бірі болып қабылдаған ерікті (атын атамауды жөн көрді) неліктен мұндай қадамға барғанын жасырмады.
⠀
«Вакцинаны ешкімнің итермелеуінсіз қабылдадым. Шынымды айтайын, танысым менен бұрын екпе ектіртті. Сол кісіні бақылап жүрдім. Денсаулығы жақсы, шауып жүр. Ол екпе салдыртсам, қолыма едәуір ақша тиетінін айтты.
⠀
Алдымызда қыс келе жатты. Сыйақыма соғым сатып алдық. Вакцина қабылдағаныма төрт айға жуықтады. Аллаға шүкір, осы уақытқа дейін ауырып көрген жоқпын.
⠀
Алматылық ерікті қолына екпеден соң бір ай ішінде 168 мың теңге алғанын айтады.
⠀
«Бұл ақшаны көп деп айта алмаймын. Бірақ өз еркіммен келіскен соң, осы бергеніне қанағат», — дейді ерікті.
⠀
Қазақстандық вакцина қабылдаған Алматы тұрғынында сақтандыру сертификаты бар. Алайда ерікті вакцинадан келер қауіп-қатердің орнын толтыруға арналған 500 мың теңгелік сертификатты мән беріп оқымаған.
⠀
Елімізде шығарылған вакцинаны жүрексінбей қабылдаған қазақстандық азамат қазіргі хәл-жағдайымен бөлісті.
⠀
«Ешқандай өзгеріс байқаған жоқпын. Шауып жүрмін. Әр 21 күн сайын қан талдауын алып, тексеріп отырады. Шағымым жоқ», — дейді ерікті.
⠀
Коронавирус вакцинасын қабылдаған Алматы тұрғыны еш өкінбейтінін жеткізді.
⠀
«Жұбайым да екпе ектіртті. Вакцина қабылдағанымызды көп адамға айта бермейміз. Өйткені клиникалық сынама кезеңі әлі толық аяқталған жоқ. Көбісі ақша үшін ектіртті деп сөгуі мүмкін. Келер айда жаппай вакцинация басталады деп жатыр ғой. Өткен іске өкініш жоқ», — дейді ол.
Nur.kz
Қазақстандықтар Әлия Назар Қазақстандықтар Әлия Назарбаевадан ақша сұрап жүр. Өтініштердің бірінде автор Елбасының қызынан үй алуға қол ұшын беру туралы өтінішін жеткізіп, қарызға 15 миллион теңге сұраған. Ол қарызды ай сайын жалақы түскенде 60-70 мың теңгеден шотына жіберу арқылы қайтаратынын жеткізген.
⠀
Қоғам қайраткері Әлия Назарбаева Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында өтініш білдірушінің хабарламасын жария етті. Елбасының қызы күн сайын көптеген адам көмекпен жүгінгенін атап өтті.
⠀
«Құрметті жазылушыларым мен оқырмандарым! Маған күнделікті көптеген адам көмек сұрап жазады! Өзімнің көзқарасымды нақты айқындағым келеді: мен барлық адамның қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын орындай алмаймын. Мен қоғамдық маңызы бар нәрселермен айналысамын, бизнес және қайырымдылық жобалары бар, бірақ қайырымдылықты да Қордың сайтында көрсетілген шарттарға сәйкес көрсетеміз!
⠀
Біз тұрғын үй мәселелерін шешпейміз, жұмысқа орналастырмаймыз, мемлекеттік органдардың істеріне араласпаймыз. Егер сіз ешкімнің өтінімінен бас тартпасаңыз, ол игілікті іспен айналысасыз дегенді білдірмейді!
⠀
Кейде бас тарту — ол өзіңнің ниеттеріңе берік болу! Ал ниеттерім менің күрделі емес: экология және білім жолында еңбектену!» — деді Әлия Назарбаева.
Суретте көзіңізге бірден түскен ағашты таңдап, өзгелерге қандай адам болып көрінетініңізді біліңіз.

Сырт көз сыншы. Ішкі жан дүниеміз өзімізге ғана мәлім болса да, өзгелер бізді басқа қырымыздан тануы мүмкін. Басқа адамдардың біз туралы не ойлайтынын білгіміз келеді. Айналамыздағы адамдар арасында өзіміз жайлы жағымды пікір қалыптастырғанды ұнатамыз. Ал сіз өзгелер үшін қандай адам болып көрінесіз? Білгіңіз келе ме?

Ендеше психологиялық суретке үңіліп, көзіңізге бірден түскен ағашты таңдаңыз.

Жауапты осы парақшадағы Историядан (сақталған история) оқи аласыз. Қай ағашты таңдағаныңызды комментарияға жаза өтіңіз❤

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.