Понедельник, 27 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Танымал блогер Қуандық Рахмның хит әнінің сөзі сын көтермейтінін дәлелдеп берді

Бақытжан Бұқарбай: Нағыз арзан, тіпті жалған патриотизм, абсурд пен трендизмге толы сананы улайтын бірдеңе

03.07.2018
0

Танымал блогер Бақытжан Бұқарбай  әнші Қуандық Рахым орындап жүрген «Қазақ болып тумағанда нетер ем» әнінің сөздері миға қонымсыз, логикаға қарсы, мағынасыз екенін атап өтті. Көпшілік журналистің келтірген мысалдарына жүз пайыз қосылатындарын айтып, қазір есер әндердің көбейіп кеткенін айтып жатты.

«Қазақ болып тумағанда нетер ем?» деген ән соңғы кезде жиі естілетін болды. Қабылдай алмадым. Логикасы жоқ дүние. Қазақ болып тумағанда ол туралы мүлдем білмес едім, сондықтан маған бәрібір болушы еді.

Немесе өзге ұлт болып туғанымда: «Әттең, бекер орыс/неміс/араб болып тудым, қазақ болып дүниеге келу керек едім» деп ойламас едім.

Нағыз арзан, тіпті жалған патриотизм, абсурд пен трендизмге толы сананы улайтын бірдеңе, шығарма деп айтуға тілің бармайды екен. Әннің мәтініне сай, қаның, түрің, тілің қазақ болса, қазақ екенсің.

Айдан анық нәрсе ғой, бұны жырлаудың қажеті қанша? Екіншіден, өзің таңдамаған нәрсе үшін (жынысың, қаның, т.б.) шамадан тыс мақтана беру — кертартпалық пен боскеуделіктің көрінісі сияқты. «Еркекпін мен» деген ән де осылардың қатарынан, барып тұрған кемсітпе.

Осындай шала-пала нәрселердің аудиторияның сұранысында жүргені өкінішті-ақ.

Одан гөрі, «Әй, қазақ, неменеңе масаттанып тойынып жүрсің? Жетер енді! Шайылу алдында тұрғанда адамзатқа беріп жатқан пайдаң қандай?» деп тыңдарманның үстіне мұздай су шашқандай әсер беретін әндер болса ғой.»,- деп жазды Бақытжан Бұқарбай.

Бөлісу10Твит6
Алдыңғы лауазым

Жүнісова Түсіпбаеваның ән орындаудағы қателерін тізіп, тым шолжаңдамауға кеңес берді

Келесі лауазым

Астанада №1 периниталдық орталығында жаңа босанған тағы бір әйел қайтыс болды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    43 бөлісу
    Бөлісу 17 Твит 11
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.