Суббота, 16 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Адам мінезін ерніне қарап тану жолдары

Ерніңіздің пішіні сіз туралы не дейді?

04.07.2018
0
Адам мінезін ерніне қарап тану жолдары

Адам мінез-құлқының кейбір ерекшеліктерін оның бет-жүзіне қарап анықтауға болады. Адамның беті үш әлемді қамтып көрсетеді деп есептеледі: маңдай тағдырын сипаттайды, мұрын мен көз физикалық әлемді, ал иек пен ауыз адамның материалды әлемінен көрсетеді деп KYN.KZ  хабарлайды.

Ауыз бен ерін пішіні неден хабар береді?

Ауыз бен ерін махаббат және сөзшеңдікке негізделген беттің сезімтал бөлігі. Егер адамның ерні жіңішке, ал аузы кішкентай болса, бұл оның нақтылық пен тәртіпке ұмтылатындығын білдіреді. Кішкентай ауыз мінездің әлсіздігі жайлы айтады, рухы мықты адамдардың аузы үлкен болады.

Пропорционалды, пішіні біртегіс ерін мінездің қаталдығын білдіреді. Томпақ біртегіс еріндер – мейірімділік, жайдарылық, ақкөңілділіктің, ал  жіңішке еріндер – эгоизм, қатыгездік, мысқыл, қулықтың белгісі. Жіңішке ерінді адамдар ұсақшыл және кәнімшіл болып келеді.

Жоғарғы ерні алға қарай көрнекті болып тұратын адамдардың болмысы мейірімділікке толы. Қусырылған еріндер өзімшілдіктің белгісі.

Қалың ерінді адамдар сезімталдық, жалқаулық, ашқарақтық пен арсыз түйсікке ие. Үстіңгі ерні астыңғысынан сәл үлкен болса еркектік болмысы жоғары деген сөз.
Еріндердің мынадай пішіндері бар:

– томпақ әрі жалпақ,

– томпақ әрі шағын,

– үстіңгі ерін астыңғысынан үлкенірек,

– астыңғы ерін үстіңгісінен үлкенірек,

– үлкен ауызды, жіңішке ерінді,

– кішкентай ауызды, жіңішке ерінді.

Ерні арқылы әйелдің мінезін тану

Ерні томпақ әрі жалпақ әйелді қызбалы деуге болады. Егер оған бірдеңе ұнаса, ол оған қол жеткізбейінше тыным  таппайды. Мұндай әйелдер әдетте өздерін емін-еркін ұстайды, батыл, тіпті бірінші болып ұсыныс білдіруден қорықпайды. Олар үшін тәуелсіздік пен еркіндік өте маңызды, олар адамның жеке кеңістігіне түсіністікпен қарайды және басқалардан да соны күтеді. Мұндай әйел үшін еркектің шешім қабылдай алуы маңызды.


Аузы шағын, ерні томпақ әйелдердің болмысы романтикаға құмар. Ол көп жағдайда ақылмен емес, эмоциямен әрекет етеді. Мұндай әйелдің өмірі шарықтау мен құлдыраудан тұрады. Ол басқа адамдардың қайғысына ортақтасып, демеу сөздерді жақсы айтады. Адамдар оны осы қасиеті үшін құрмет тұтады. Ол мәселенің неден туындағанына аса бас қатырмайды, жай ғана қашып құтылудың жолдарын іздейді. Мінсіз еркектің бейнесін махаббат романдары мен фильмдерінен құрап алады. Көптеген еркек мұндай әйелдерді сыпайы, айтқаныңды істеп, тыныш отырады деп ойлайды, бірақ қатты қателеседі.


Үстіңгі ерні астыңғы ерніне қарағанда үлкенірек болса, мұндай әйел басқарғанды жақсы көреді. Қолға алған ісін тиянақты орындап, соңына дейін апаратын тыңғылықты адам. Мұндай әйелдер өзіне не керектігін жақсы біледі. Алайда өзінің дұрыс шешім қабылдағанына көз жеткізген соң ғана белсенділік танытады. Олар бастаған ісін аяқсыз қалдыратын адамдарды ұнатпайды. Өзін-өзі бағалау мен даңғойлығын біріктіру арқылы жетістікке жетеді. Мұндай әйелдің көшбасшылық қасиеті өте жоғары. Оның арманындағы еркек те өзі сияқты болғанын қалайды. Мұндай адаммен тіл табысу үшін және қарым-қатынасты сақтау үшін ортақ мәмілеге келіп үйрену керек.

Астыңғы ерні үстіңгісінен үлкен әйелдердің болмысы жұмбақ келеді. Ол көпшіліктің ортасынан әрдайым ерекшеленіп тұрады. Еркектер оның жұмбақ болмысына жиі ғашық болады, ал әйелдер мұндай аруларды жақтыра бермейді. Мұндай әйелге өзінің даралығын сезіну маңызды, сондықтан ерекше стильде киініп, мінез-құлқы да өзгеше болады. Оның арманындағы мінсіз еркек – ешкімге ұқсамайтын ерекше адам.

Ерні жіңішке, аузы кең әйелдер – реалистер. Ол аяғымен нық тұруды, бәрін алдын ала жоспарлауды жөн көреді. Реалистер ұқыпты келеді, ғашық болса да басын жоғалтпайды. Теңізге баспен сүңгімес бұрын ол судың температурасын, түбінің тереңдігі мен бедерін зерттеп алады. Ол эмоциясын сыртқа шығармайды және сыртқа суық, тәкаппар адам сияқты көрінеді. Алайда бұл қате пікір. Мұндай әйелге тұрақтылық пен нақтылық ұнайды. Ол таңдаған жігітінен тосын сыйлар мен ерекшелікті күтпейді, тек сенімді адам болса болғаны.

Аузы шағын, ерні жіңішке әйелдер – жанкешті. Оның оптимизмі 3-4 адамға жетеді және оған ештеңе қорқынышты емес. Ол бір орында отыра алмайды, бір сарынды жұмыстар оған қызық емес. Мұндай әйелге әрдайым адреналин қажет, сондықтан ол шытырман оқиғаларға жиі тап болады. Жанкештілігі сонша, ол басқалардың батылы бармайтын істі өз мойнына алуға дайын тұрады. Мұндай әйелдер мықты, ержүрек, нағыз күрескер келеді, сондықтан жігіттер олардан қорқады. Оған әр адам лайықты бола бермейді, оның ойындағы мінсіз еркек өзі сияқты ержүрек болуы тиіс.

 

Бөлісу16Твит10
Алдыңғы лауазым

София роботы Назарбаев туралы сұраққа жауап бере алмай, әбден "састы"

Келесі лауазым

Қызылорда тұрғыны жаңа туған ұлына Нұрпрезидент деген есім қойды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Жалғызбасты үшемнің анасы бүгінде Тараз қаласында пәтер жалдап, тұрмыс тауқыметін тартуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Айнұр Тұрсынбаеваның кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды (фото)

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Депутаттың ант қабылдау рә Депутаттың  ант қабылдау рәсімінен кейінгі жағдайы...
Жанболат Мамайды қолдайсыз Жанболат Мамайды қолдайсыз ба?
2 жылдай уақыттан бері қазақ әйелі бұрынғы күйеуінің қолында отырған қызын қайтара алмай жүр. Туған анаға өз баласына көзімен қарауға да рұқсат берілмейді. ⠀ Бір күн бұрын әйел тіпті біздің полиция қызметкерлерінің кейбір адамдардың заңсыз әрекеттеріне қарсы дәрменсіз екендігі туралы кадрларды жариялады. Біз заңды жағдайда өмір сүретінімізге сенімдіміз бе?
Бүгін Парламент Мәжілісіні Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысы лауазымына Асқар Мамин бекітілді.
⠀
10 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаттары сайланғаннан кейін Үкімет заң бойынша отставкаға кетуі керегін айтқан болатын.
⠀
Мәжілісмендердің көпшілігі Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады.
⠀
Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда туды. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы АҚ-ның президенті болып қызмет еткен, 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болды. 2019 жылы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалды.
Ауырсаңыз осындай емшіге барасыз ба?
Nur Otan партиясы Алматы мәслихатына 29 депутат тізімін ұсынып, оны аумақтық сайлау комиссиясына жіберді.

 Мәслихатқа Nur Otan ұсынғандардың арасында бокстан Сиднейде өткен Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов, кәсіпкер, «Tanmedia Group» директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов, “Отбасы банк” басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова, Nur Otan-ның Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров, “Алматы ақшамы” газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, кәсіпкер,«Q3 Worldwide» инвестициялық холдингісінің бас директоры Қайрат Құдайберген бар.

Мәслихат депутаттарының тізімінде қаладағы аурухана жетекшілері де жүр. Атап айтқанда, №5 қалалық аурухананың бас дәрігері Болат Садықов, қалалық кардиология орталығының бас дәрігері  Алмат Қодасбаев 29 депутаттың тізіміне енген.
Билік партиясы Алматы қаласының мәслихатына ұсынған тізімдегі адамдардың орташа жасы – 43.

 Тізімдегілердің 31 пайызы әйелдер. Мәслихатқа кандидаттардың 24 пайызы жастар.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.