Вторник, 9 марта, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

ағалар мен көкелер туралы өлең жолдары

05.07.2019
0
Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

Бүгін біздің отбасында той-думан,
Бәрімізден жаны жайсаң – сой туған.
Аға сенің құттықтауға бас қосты,
Құрбы-құрдас, қариялар ой қуған.

Болсаң-дағы көп ұл-қыздар біреуі,
Аға сенің қарашаңырақ тіреуі.
Ел ішінде жүргеннен соң мүмкін ғой,
Бірі мақтап, бірі даттап – іреуі.

Ауылдасын ағайынға балаған,
Елге сыйлы, жарға адал, балажан.
Ата-ана, бала-шаға қамқоры,
Бәрімізге қадірлісің жан ағам.

Қандай жақсы сендей бауыр болғаны,
Жаны жомарт, дастарқанда мол дәмі.
Менің үшін зор қуаныш, ұлы той,
Жан ағаның қырық жасқа толғаны.
                        *****

Биігіне шығып талай асқардың,
Өз салаңды адалдықпен басқардың.
Ұл-қызыңды сұңқар құстай түлетіп,
Жолын аштың соңыңа ерген жастардың.

Келе жатқан асқар тауды сағалап,
Секілдісің төрт тұяғы тағалы ат.
Ұрпақтарың ұлық тұтыт өзіңді,
Отбасыңа сая болсын Сағадат

  

                     *****

Ағам **** толғанда
Таң күліп,
Жұлдыз жанып пейіліңе,
Халықтың кірдің, сірә, сеніміне.
Бұл күні салауатты жігіт көрем,
Басылған жастық шақтың желігі де.

Жеңгеміз Жүр көшіңді өрге сүйреп,
Келеді тірлігіңнің керуені боп.
Жаныңда құлындарың шапқылап жүр,
Ойлағын бір құдайдың бергені деп.

                ****

Жан аға, өміріңнің өріндесің,
Қарындас көңіліңнің төріндесің.
Сылдырап Аққайнардан аққан бұлақ
Тағдырдың сындарында жеңілмесін.

Жақсы аға күнде шуақ жағар жанға,
Мерейім өсіп тұрар ағам барда.
Жасыңнан жақсылыққа құштар едің,
Келесің жарық сыйлап адамдарға.

                       *****

Әрдайым Алатаудай аңсап жүрем,
Атыңды асқақтатып ән сап жүрем.
Жаныңа титтей кіршік түспесін деп,
Жан аға, періштеңдей қоршап жүрем.

Шүкір деймін өзіңдей жан барына,
Жақсылықты тілеймін жалбарына.
Сіздей аға бар болса – біздей іні
Алаңдамай қарайды алдарына.

              

                 ****

Қазақтың кең даласы жүректі,
Барша жанға аппақ, таза тілекті.
Бір атаның би ағасы бұл ағам,
Жер бетіне қаншама әсем гүл екті.

Қайырымды қолын созған сан досқа,
Бұл адамға жыр жазбадым мен босқа.
Бұл ағама арналатын сөз басқа,
Бұл ағама айтылатын ән басқа!

Сізге біткен ой құнарлы, тіл нұрлы,
Өнегесін жас ұрпаққа білдірді.
Жібергендер қолтығынан Сіз демеп,
Алатауға ту қадап та үлгерді.

Әлдекімдер жоғалтса ұят, қиса арын,
Жолға салдың, түзеп мінін, қиқарын.
Тасқан жанның тас қамалын талқандап,
Мұңды жанның маңдайынан сипадың.

Бөлісу2Твит1
Алдыңғы лауазым

Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

Келесі лауазым

Үйде жасауға болатын оңай әрі пайдасы зор маскалар

  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    7 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Анаға арналған әдемі өлеңдер. Ана жайлы өлең шұмақтары

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    4 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Биосфера дегеніміз не?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Науқас қайын атасына өз әке Науқас қайын атасына өз әкесіндей қарап, күтім жасаған келіншекке көпшілік сүйсінді. Бұндай мейірімді жастар қазір көп деп айта аласыз ба?
Рас па? Рас па?
Алматыда "Әр әйел- жалғызым" ұранымен белсенділер шеруге шықты

Алматыда 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні "Феминита", "КазФем", "SVET", "ФемАгора", "ФемСреда" қоғамдық ұйымдары белсенділері гендерлік теңдікке үндейтін шеруге шықты. 

Алматы әкімдігі 13 ақпанда бұл шараға келісім берген.

"Әр әйел - жалғызым!", "Феминизм Қазақстанды құтқарады!" деген ұрандар көтеріп жүрді шеруге келгендер.

Шеруге 400-ден астам адам қатысып жатыр.

Шеруге шыққандар "Әйел құқығы - ел құқығы!", "Қыз бұйым емес", "Тұрмыстағы әлімжеттікке қарсы заң керек!", "Теңдік заман орнайды" деп ұрандады.

БҰҰ есебіне сәйкес, Қазақстанда жыл сайын отбасындағы зорлық-зомбылықтан шамамен 400 әйел көз жұмады.
8  наурызға әйелдеріне сыпырғы сыйлады..
Келісесіз бе? Келісесіз бе?
Келісесіздер ма? Келісесіздер ма?

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.