Понедельник, 18 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Елімізге танымал тұлғалар басы дауға қалған Мейрамбек Бесбаевты жақтап шықты

Олар елден өз ұлымыздың жағасынан тартуды доғаруын сұрады

05.07.2018
0
Елімізге танымал тұлғалар басы дауға қалған Мейрамбек Бесбаевты жақтап шықты

Осыдан біраз уақыт бұрын магистрант атанып, басы дауға қалған Мейрамбек Бесбаевты елімізге танымал тұлғалар жақтап шықты деп хабарлайды NUR.KZ. порталына сілтеме жасаған KYN.KZ 

Әншіні айыптағандарға алаштанушы Заңғар Кәкім мен ақын, Жазушылар одағының мүшесі Ақберен Елгезек жауап қайтарды. Олар Мейрамбекті жақсы танитынын, сыйлы азамат екенін алға тартты.

“Несі бар, жанына жақын тақырып. Бала кезінен жақсы білетін, жақсы танитын дүниені жазу керек қой, жазған соң. Ғылымға пайда әкелмейді деп ойлайсыз ба? Қателесесіз. Қазіргі қазақ қоғамы Қоразбаевтануға мұқтаж ғой. Анау тану, мынау тануларға қарағанда. “Бұлақ көрсең, көзін аш” дегендей, өнер жолына, үлкен өнерге қаршадай Мейрамбекті әкелгеніне не тұрады”. Ауыл сахнасының озық әншісі “қалайша “Қазақстанның халық әртісі” атануының сыры кімге керек болмасын?! Мысалы, маған қызық. Қалай жоғары атақ алуға болады? Жетудің қандай жолдары бар? Нені үйреніп, нені меңгеру керек дегендей. Бұл диплом жұмысы эстрада саласына қосылғалы тұрған “үлкен еңбек” емес пе? Ал сіздер бағалай алмай жатырсыздар!

Ешбір сабаққа қатыспаса да дипломын өзі жазып шыққан. Қайта уақыт тауып, дипломды өзі жазып шыққанына рақмет айтуымыз керек.Абай атамыз айтқандай “көгалды қуып гөлайттап, қызықпен жүріп жазды алса” не болар еді? Сондай-ақ оны өзі ашық түрде қорғаған екен”, – деп алаштанушы Facebookпарақшасы арқылы Бесбаевты жақтап, әлекке түсті.

Сондай-ақ Ақберен Елгезек те елге тоқтау айтты.

“Мейрамбек өзін ешқашан әншімін деген емес. Биік өнерді түйсігімен терең таныған соң, ол өзің музыкантпын деп есептейді. Ол оның берік позициясы. Бұл – бір. Ал, эстрада майданында қазақ әніне тәуелсіздік алып берген бірден бір музыкант болса, ол тағы да – Мейрамбек. “Музарт” тобы құрылып, ел бұларды жаппай тыңдай бастаған кезден бастап, жұрт Ресейден келетін әншілердің концерттеріне баруды доғарды. Соның бастауында кім тұрды? Мейрамбек! Халықты ескі-жаңа термелермен сусындатқан кім? Мейрамбек!

Қазір жас әншілерге аға боп, бас-көз боп жүрген де осы маңдайы жарқыраған нағыз қазақ. Бала кезден “бозторғайша” шырылдап, қазақ өнерін аспандатқан оғланыңа бір жапырақ дипломыңды қимадың ба, ағайын? Сол дипломды қалтасына салған қай өнерлің Мейрамбектей қазаққа еңбек етті? Өз туғанымызды аяқтан тартып, ырду-дырду боламыз да жатамыз, әйтеуір. Қойсаңдаршы болды, сырт көзден ұят емес пе”, – деді ақын Facebookпарақшасында.

Бөлісу8Твит5
Алдыңғы лауазым

Түркістан облысында полиция көлігі жол апатына себепші болды

Келесі лауазым

Үй жағдайында тісті қалай ағартуға болады?

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Жалғызбасты үшемнің анасы бүгінде Тараз қаласында пәтер жалдап, тұрмыс тауқыметін тартуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Айнұр Тұрсынбаеваның кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды (фото)

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Адвокат Еркін Кахаровтың айтуынша, әжейдің есімі – Алтынкүл. Ол туған қыздары мен күйеу балаларынан таяқ жеп, жарақат алыпты. 
Туыстарының айтуынша, жәбірленуші әйел өмір бойы жұмыс істеген, ешқашан той-томалақ пен демалыс орындарына бармаған, балаларын асырау үшін тер төккен, оларды ұрмаған, тіпті оларға ұрыспаған. 
Алайда, қыздары есейіп, туған анасына қол көтере бастапты. Бұған отбасы бөлісе алмаған өгей әкелерінің үйі себеп болған. 
Адвокат барлығы 2018 жылы басталғанын атап өтті. Әжей өзінің кіші қызына өмірден өткен күйеуімен бірге салған үйді берген. Алайда қыздың анасы онымен бірге тұратынын айтып, шарт қойған. 
Жазатайым оқиға салдарынан, тұрғын үйді қызының атына рәсімдегеннен кейін 10 күн өткен соң, кіші қызы қайтыс болады. Мүлік күйеуіне және екі баласына мұраға қалады. 
Адвокат заң бойынша үйдің 1/8 бөлігі бірінші кезеңнің мұрагері ретінде Алтынкүлге тиесілі деп жазады. Әйелі қайтыс болғаннан кейін 40 күн өткенде, күйеу баласы енесінен үйден кетуін сұраған, бірақ әжей баратын жері жоқ екенін айтыпты. 
Содан соң олар өзара соттасқан. Кейуана барлық жинап-терген ақшасын адвокаттарға жұмсаған. Қарияның айтуынша, шамамен 1,8 миллион теңге құртқан, бірақ сотта жеңілген. 
Жағдай одан да нашарлай түскен, деп атап өтті адвокат. Кіші қызының күйеуі одақтас ретінде өгей әкесінен қалған үйден өз үлесін алғысы келетін қалған екі қызды қосып алады. 
"Сондықтан олар есеп айырысуға келіп, өз аналарын ұрып тастаған", – дейді Еркін Кахаров
Кахаров полицияға арыз жазылғанын түсіндірді. Әжейдің өзіне қол жұмсағысы келгені, бірақ кездейсоқ жағдайдың арқасында аман қалғаны белгілі болды. 
Енді Еркін Кахаров қарт ананың мүдделерін ақысыз қорғауды өз мойнына алды.
Алтынкүлдің сол қолы екі жерден сынған, денесінің бірнеше жері көгерген. Осы арада туындаған жағдайға қатысты Шымкент полиция басқармасы түсініктеме берді
"Абай ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері 1950 жылы туған жергілікті тұрғынды туыстары ұрып-соққаны туралы арызына сәйкес, қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі бойынша (денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады - деді ведомствода
Балалар үйінің түлегі Бекебаев Самат жаңа заң әр отбасының берекесін қашырып  елдің тұтастығына үлкен қауіп екенін ескертеді.

Қазақстанның болашағы жетімге тола болады. Балалар үйінің түлегі жаңа заңға қатысты өзінің пікірін білдірді. 

Бекебаев Самат:  айта кетейін бізде жетімдер саны өте көп, және оны азайту мүмкін болмай жатыр. Бюджеттен асырап алуға бөлінетін қаржы да мәз емес. Сондықтан балаларды асырап алушыдан көрі тастаушылар көп. Егер жаңа заңнама қабылданса онда тірі жетімдердің саны алты есеге артады. Жеке басым мені бір емес бірнеше отбасы асырап алуға ниет білдірген. Алайда балалар үйінің басшылары немесе Шымкенттік басқарма басшылары апта сайын ай сайын мені асырап алған отбасылардың үйіне кез келген уақытта барып тексеру жүргізеді. Көптеген құжатқа байланысты кедергілер болады. Ал оған себеп мені балалар үйіне қайтару. Мен сияқты мыңдаған балалар үйінің түлектері бар. Көбісін бір емес бірнеше отбасы асырап қайта балалар үйіне әкелген. Болашағымыз жетім мен қарттар үйі тола болады. Қысқасы Ұлдарымызды Америка ға немесе шетелге емес, немесе балалар үйі мен түрлі жетімдер үйінде емес тек өз ата анасымен қалуды бұйырсын.
Ән қалай? Халықтың мұңы ма? Ән қалай? Халықтың мұңы ма?
Бұл ақынның ұсынысына не де Бұл ақынның ұсынысына не дейсіздер?
Оқушы мұғалімді састырды Оқушы мұғалімді састырды
Масқара! Жаңа заңды еңгізбе Масқара! Жаңа заңды еңгізбей жатып балаларды тартып алуда ма? 😡😡😡😡🤦🏻‍♂️🤦🏻‍♂️
 Бұл сұмдықты тоқтатуды сұраймыз. Қолдасаңыз пікір жазып, қолдау көрсетіңіз.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.