Среда, 10 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Астанада 6 жасар баланы өлімнен құтқарғандар марапатталды

Абайсызда суға тұншыға жаздаған баланы бірнеше жеткіншек жағаға шығарып алған

07.07.2018
0
Астанада 6 жасар баланы өлімнен құтқарғандар марапатталды

Төтенше жағдайлар бойынша комитет төрағасы Владимир Беккер Астанада баланы судан құтқарып алған бейбіт күннің батырларын алғыс хатпен марапаттады, деп хабарлайды аталмыш комитеттің баспасөз қызметі.

2 шілде күні кешқұрым оқыс оқиғаға куә болған азаматтар суға кете жаздаған баланы өлімнен құтқарып алған болатын. Владимир Беккер оқыс оқиға кезінде ерлік танытқандарға, сонымен бірге Ангелина мен Тимурдың ата-аналарына алғысын айтты.

«Дәл сол күні сағат шамамен 21:00 кезінде 17 жастағы екінші курстың студенті Ангелина Дәрменбаева сіңілісімен бірге Ақбұлақ ауданының маңындағы жағалауда — «Қазақстан» спорт кешеніне жақын жердегі балалар алаңында қыдырып жүрген.

Оның жанында самокат тепкен жас балалар бар еді. Сол сәттердің бірінде ата-анасының назарынан тыс қалған 6 жасар ұл бала өзен мен жағаның арасындағы қоршаудан қарғып өтіп, суға түсіп кеткен», — делінген хабарламада.

Жүзуді білмейтін жас бала суға тұншыға бастайды. Көмек сұрап айқайлаған баланы байқаған Ангелина суға қарай жүгірген.

«Жылдам суға түскен Ангелина баланы шап беріп, суға кету қаупінен аман алып қалады. Осыдан кейін көмекке келген басқа да жас жігіттер 6 жасар баланы судан алып шыққан.

Оның ерлікке пара-пар әрекеті мен жылдам қимылының арқасында жас бала аман қалды», — делінген комитеттің хабарламасында.

Ангелинамен бірге баланы судан алып шыққан жігіт — 19 жастағы студент Тимур Насибуллин болып шықты. Ол өтіп бара суда баланы құтқаруға әрекеттеніп жатқан Ангелинаны көріп, суға түсіп баланы жағаға алып шыққан.

Олармен бірге Арман Смағұлов атты тағы бір жігіт баланы жағаға жеткізуге көмектескен. Еске сала кетсек, бұдан бес күн бұрын Астана тұрғыны Есіл өзеніне батып бара жатқан баланың өмірін сақтап қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Сол кезде ТЖ бойынша комитеті баланы судан құтқарған азаматты іздестіріп жатқан еді.

 

Бөлісу5Твит3
Алдыңғы лауазым

Нұрпрезидент: Қызылордалық сәбидің әжесі ерекше есім қою себебін түсіндірді

Келесі лауазым

Экс- шенеуніктің үйінен ұрланған 3 млн доллар жұртты алаңдатып қойды

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.