ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астананың 20 жылдығына арнап жазған әнін таныстырды.
«Достарым, әсем елордамыздың мерейтойына арналған «Ақ ордам — Астана» әнін Capriccio тобының орындауында қабыл алыңыздар. Сөзі Шөмішбай Сариевтікі, музыкасының авторы мен.
Көңілдеріңізден шығады деген үміттемін», — деп жазды министр Facebook-тегі парақшасына. Айта кетейік, Capriccio музыкалық тобына белгілі журналист Айгүл Мүкей продюсерлік етеді. Топ құрамында 8 солист бар.