Четверг, 28 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Министр Қытайға қатысты тарап жатқан ақпараттар туралы не дейді?

Ақпарат министрлігі басшысының сөзіне сүйенсек, елімізде жалған ақпарат тарату үрдісі әлі жалғасып келеді

09.07.2018
0
Министр Қытайға қатысты тарап жатқан ақпараттар туралы не дейді?

Бұл туралы Sputnik Қазақстан басылымы жазды.

Қазақстанның ақпарат министрлігі басшысы Дәурен Абаев қандай бұқаралық ақпарат көздеріне сенетінін айтты.

Абаев негізінен дәстүрлі БАҚ-тарға сенім білдіреді екен.

“Тағы бір мәселе, кейбір жалған ақпарат ел арасында жылдан-жылға қызу талқыға түседі. Бұл үдеріс біраз уақытқа созылады деп қорқамын.

Ешкім “хайпты” жіберіп алғысы келмейді, сонда да жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылатынын ұмытпауы тиіс. Бұл күрделі мәселе, қалжың мен дезинформацияның ара жігін ажырата білген жөн”, — деді Абаев Астанадағы конференциядан кейін.

Министр атап өткендей, Желі де тарап кеткен сондай деректердің біріне өзі де сеніп қалған екен.

“Бір жаңалықты көріп қамығып қалдым. Қателеспесем, Қазақстан қалаларының бірінде, Сарыөзекте ғой деймін, тек Қытай Халық Республикасының азаматтары ғана тұрады делінген.

Шындығында бұл жалған ақпарат екен, ол жерде Қазақстан азаматтары жұмыс істейді”, — деді Дәурен Абаев.

Бұдан бұрын Абаев “қытайлар Қазақстанға ағылып жатқан жоқ”, ал “біздің қоғам арасында Қытайдан үрейлену бар” деп мәлімдеген еді.

Ведомство басшысы дүйсенбі күні тілшілерге алдағы Media-2020 конференциясы туралы айтып берді. Бұл шарада Еуропа мен Азияның теле- және радиокомпанияларының өкілдері бас қоспақ.

 

 

Бөлісу4Твит2
Алдыңғы лауазым

Арыстанбек Мұхамедиұлы Астананың 20 жылдығына арнап ән жазды

Келесі лауазым

Павлодарлықтар үш күн демалыста қоқыс астында қалды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 5 айлық сәбидің дамуы: еңбектеуге дайындалып, тісі шыға бастайтын кез

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Ең маңызды мамандық таңдауын дұрыс жасағаныңызға сенімдісіз бе? Мүмкін жан дүниеңізге жат жұмыс істеп жүрген боларсыз? Мұндай болмас үшін өзіңізді жақсылап танып алғаныңыз абзал.

1978 жылы америкалық психолог Сьюзен Деллинджер жасаған мына психологиялық тестке назар салыңыз. Бұл бес геометриялық фигураның негізінде жасалған, сіз тек өз болмысыңызды ашатын біреуін таңдауыңыз керек. 

Жауп осы парақшаның историясында. Комментарияға қай пішінді таңдағаныңызды жаза өтіңіз.
Табақ тартуды білесіз бе? Табақ тартуды білесіз бе?
Ақтөбелік полицей Дастан Сұлтанғазиевтің әрекеті елді сүйсіндірді. Тәртіп сақшысы немерелерімен тұрудан бас тартып, далада қалған 80 жастағы әжейді бір бөлмелі үйіне кіргізіп алған. Көпбалалы отбасы барар жері, басар тауы қалмаған қарияны алдағы уақытта да қамқорлығына алуға дайын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
⠀
«Әже немересімен тұрғысы келмейді. Ренжісіп, үйінен жиі шығып кетеді. Учаскелік инспекторлар іздеп тауып, бірнеше рет үйіне жеткізді. Келіні мен неремесімен сөйлесіп, оқиғаның мән-жайы зерделенді. Көп ұзамай тағы да қоңырау түсті. Оқиға қайталана берген соң ашық әңгіме айтып, себебі нақтыланды. Ол келіні және немерелерімен бір шаңырақта тұра алмайтынын айтты. Үнемі жанжал болған. Денесінде ешқандай жарақат анықталмады. Тек қариямен емес, келіні және немересімен хабарласып, сөйлестік. Олар қариядан бас тартып, қарттар үйіне өткізуді сұрады», — дейді Дастан Сұлтанғазиев.
⠀
Дастан бірден келіншегіне хабар беріп, үйіне апаратынын айтқан. Қолында таяғы бар, әрең қозғалып жүрген қарияны көпбалалы отбасы жылы қабылдаған. Людмила әжей де жаңа отбасыға үйренген. Дастанның бала күтімімен үйде отырған келіншегімен бірге оның жұмыстан келуін күтеді. Одан ешқайда жібермеуді сұрап, жылайды.
⠀
«Қарттар үйіне барғым келмейді. 60-шы жылдан бастап ауруханада жұмыс істедім. Перзентхана, онкология секілді ауруханаларда еңбек еттім. Зейнетақым бар, пәтер жалдап тұра аламын. Бірақ маған Дастанның үйі ұнайды. Балалары өте жақсы, мені әже дейді. Әйелі Алмагүл де құрақ ұшып жүр. Олар мені паналатты.
⠀
Осыған дейін № 12 шағын ауданда тұрдым. Ол жалдамалы пәтер. Немерем кезінде пәтерімді сатып, кәсіп бастап еді. Бірақ ісі алға баспай, баспанасыз қалдық. Мен далада қалдым (жылады). Қайда барарымды білмедім. Патрульдік полиция көлігі бөлімшеге жеткізді. Сол кезде Дастанды кездестірдім. „Әже“ деп ыстық тамағын берді, жылытты. Бәрі жақсы болады деп айтты», — дейді Людмила Шевченко.
⠀
«Бұл ерлік емес. Мен бірінші халықпен тығыз-қатынас орнату, көмек беру міндетім. Егер мен алып кетпесем, далада қалатын еді. Мен отбасымда жалғыз өстім. Әкем ерте дүние салды. Анам екеуміз ғана бір-бірімізге пана болдық. Өзімнің анам сияқты», — дейді Дастан.
Ұлт аралық араздықты күшейтетін ойларын айтып, көпшілікті ашуландырған әйел тағы кешірім сұрады. Кешіресіздер ме?
Ақтауда ер адам кішкентай қызды зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының ресми сайты.
⠀
Сот отырысы 25 қаңтарда Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтті. Белгілі болғандай, сотталушы былтыр 28 мамыр күні түнде досының пәтеріне келген екен, алайда әйел үйінде болмай шыққан.
⠀
Сонымен бірге, құжаттарда көрсетілгендей, ер адам мас болған. Сотталушы әйелдің жоқтығын пайдаланып, үйде болған кәмелетке толмаған қызды бірнеше рет басынан және бетінен ұрып, зорлап тастаған.
⠀
Мемлекеттік айыптаушы істің мән-жайын, балаға қатысты зорлық-зомбылықты ескере отырып, соттан айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
⠀
Сотталушының аталған қылмыстық құқықбұзушылықтарды жасаудағы кінәсі сенімді түрде анықталғандықтан, сот талқылауы кезінде дәлелдемелерді жан-жақты зерттеген сот айыптаудың барлық эпизодтары бойынша сотталушыға үкім шығарды.
⠀
Сонымен бірге айыпталушының қылмыс жасау кезінде мас болуы айыпты ауырлататын жағдай деп танылды.
⠀
«Сот аса ауыр қылмыстардың қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесін және орын алған салдарын және жазаның онша ауыр емес түрі жазалау мақсаттарына жетуді қамтамасыз ете алмайтындығын ескере отырып, сотталушыға Қылмыстық кодекстің 58-бабының 4-бөлігіне сәйкес өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесуді ұйғарды», — делінген хабарламада.
⠀
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Шымкентте Тельмандағы мәсе Шымкентте Тельмандағы мәселе шешілді. Магамед есімді азамат көршілерінің талабын орындады.  Магамед көшеге үйінен шығатын кәріз суы ағатын құбырды бекітіп қойғанын айтып, көпшілікке видео арқылы көрсетіп тұр. 
 Бұл кісінің қарындасы хабарласып, ол кісінің қоғам талқысынан кейін қан қысымы көтеріліп ауырып жатқанын айтты. Әрі көпшіліктен кешірім сұрады. Кешіресіздер ме?

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.