Воскресенье, 24 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Түркістан облысында аудан әкімі журналисті соққыға жықты

Журналист Ләззат Асанова қазір ауруханада емделіп жатыр

10.07.2018
0
Түркістан облысында аудан әкімі журналисті соққыға жықты

Бүгінде қоғамда болып жатқан заңсыз тірліктер жайлы бір ауыз сөз ай­ту қиынға айналды. Айттың ба, бітті, соққыға жығылып, айдың-күн­нің аманында аурухананың тө­сегіне таңылуың ғажап емес. Сөзі­мізге дә­лел – Төлеби ауданының тұрғыны, журналист, «Аймақ тынысы» газетінің редакторы Ләззат Асанованың басынан өткен жай.

Ол кешегі сейсенбі күні Төлеби ауданындағы Киелітас ауылының әкімі Полат Төребековтен таяқ жедім деп отыр.

Ал бұл жағдай қалай орын алды? Неден шықты? Оны бізге әріптестің өзі былай баяндап берді:

«3-ші шілде күні біздің ауданға Түркістан облысының әкімі келіп, ауданымызға тағайындалған жаңа әкімді таныстырмақ болған. Осыған орай мен журналист ретінде жиынға қатысу үшін бардым. Әлгі жиналысқа Алатау ауылдық округінің бір топ азаматтары ауылдағы жайылымдық жерге қатысты заңсыз әрекеттерді айту үшін арнайы келген екен. Екінші қабатта жиналыс өтеді деген соң әлгі азаматтар сонда барған.

Осыдан кейін Төлеби аудандық әкімдігінің қызметкерлері жиналысты төртінші қабатта өткізілсін деп шешіпті де, әлгі арызданып келген азаматтарды екінші қабатта алып қалды. Ол жерден мен де шықтым. Артымнан әлгі кісілер ермегесін бұлар неге қалып қойды деп қайта кіріп едім. Барсам, әкімдіктің қызметкерлері ол кісілерді қоршап тұр екен.

«Мен бұл жерге БАҚ өкілі ретінде, осы елдің азаматы ретінде келіп тұрмын. Бұл кісілердің өз ойын айтуға құқы бар емес пе? Бұларыңыз не?» – деп едім, әлгі Киелітас ауылының әкімі маған балағат сөздер айтты. Сосын телефонымды алып, болып жатқан жағдайды «Фейс­бук» арқылы тікелей эфирмен таратпақ болып едім, Полат Төребеков телефонымды күшпен тартып алды. Онысы аздай шынтағымен кеудемнен ұрып құлатты. Еденге кафель төселген екен, басымнан соққы алдым. Телефонымды сол күйі берген жоқ.

Қысқасы, мен әлгі жағдайдан кейін бөлмеден шығып бара жатыр едім, баспалдақтан облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлын кездестіріп қалдым. Шамасы Полат Төребеков бастаған кісілер облыс әкімі төртінші қабатқа көтеріліп кетті деп ойласа керек. Сасқалақтап қалды. Ал мен жыларман халде облыс әкіміне болған жағдайды баяндап бердім. Жансейіт Қансейітұлы бәрін тыңдап болды да: «Сіз еш уайымдамаңыз! Қазір дереу «Жедел жәрдем» шақыртылып, мына кісіге көмек берілсін. Жиналыс біткесін өздеріңізбен міндетті түрде кездесіп, мән-жайды тыңдаймын», – деді.

Ол кісі сөзінде тұрды. Жиналыстан соң Алатау ауылдық округінен келген кісілерді тыңдады. Қолындағы құжаттарды қарады. Сөйтті де: «Осы мәселені тексеру үшін дереу комиссия құрылсын, бастан-аяқ тексерілсін», – деп тапсырма беріп кетті. Басқа ештеңе демеді. Ал мен «Жедел жәрдем» көлігімен ауруханаға кеттім.

Қазір мен ауруханадамын. Қан қысымы бар, «гематома» деген диагноз қойды. Басымды таңып тастаған. Қан ұйып қалыпты, «шприцпен» қан алып, әбігерге түсіп қалдым. Кеше ет қызуы­мен білінбеген екен, қазір кеуде тұсым, жамбасым, сол жақ құлағым ауырып, жанымды көзіме көрсетіп жатыр.

Әкімнің маған қол жұмсайтынын білсем, онда кішкене жиналып, өз-өзімді мығым ұстап тұрар едім ғой. Еш алаңсыз бол­ғасын ба, мұрттай ұшып түстім. Сол жерде тұрғандардың ешбірі әйелге қол жұмсағаның не деп араша түспеді. Есесіне әлгі әкімсымақ: «Мен кезінде боксшы болғанмын», – деп мақтанып тұр».

…Төлебилік шенді-шекпенділердің бәрі әріптестіміздің ауыр халде ауруханаға кеткенін білді, көрді. Бірақ ешбірі артынан жағдайын сұрап, бізден бір ағаттық кетті деп кешірім сұрап бармапты. Тек арада бір тәулік өткенде ғана, онда да Ләззат ханым болған жағдайды әлеуметтік желіге жазғаннан кейін Полат Төребековтің өзі төбе көрсетіпті. Онда да істеген ісіне еш өкінетін сыңай танытпапты.

«Қолында жаңа телефон бар. «Мынау  – сенің телефоның. Ашуыңды бас, арызыңды қайтып ал, бұдан былай бірге жұмыс істейміз», – деп келіпті. Мен оған жаңа телефон үшін соққыға жығылмағанымды айтып, өзімнің затымды тауып беруін талап еттім. «Кешір, ашумен болды, ұяттымын» деп айтатын шығар деп едім. Ондай нәрсе айтылмады. Ендеше, мен оны не үшін кешіруім керек?», – дейді әріптесіміз.

…Міне, көрдіңіздер ме, біз осындай қоғамда өмір сүріп жатырмыз. БАҚ өкіліне, онда да әйелге әкімқаралар еш ойланбастан, ешкімнен именбестен қол жұмсайды. Сөйтеді де «Күл болмасаң бүл бол!» деп тайраңдап жүре береді.

Әріптесіміздің басына түскен жағдай, оған жасалған соққы бәрімізге тигенмен бірдей. Сондықтан бұл жағдайға біз бей-жай қарай алмаймыз. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтан, Төлеби ауданының жаңа әкімі Бауыржан Омарбековтен осы жағдайға байланысты жауап күтеміз.

 

 

 

 

Бөлісу10Твит7
Алдыңғы лауазым

Түркістан облысында 78 жастағы әжей өз үйінде өртеніп кетті 

Келесі лауазым

Қазақстанда 5 мың қауіпті қылмыскер бостандыққа шығатын болды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Айнұр Тұрсынбаеваның кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды (фото)

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Қазақстандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеуге қатысқан ерікті  журналистерге сұхбат берді. Алматы тұрғыны осыдан төрт ай бұрын алғаш рет коронавирустан екпе салдыртқан. Ерікті азамат денсаулығы туралы, қанша сыйақы алғанын және не үшін мұндай қадамға барғанын ашық айтты.
⠀
Елімізде 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация жүргізілетіні хабарланды. Әлеуметтік желіде вакцина қабылдауға дайын топтан қарағанда оған қарсы топтың саны басым.
⠀
Отандық вакцинаны алғашқылардың бірі болып қабылдаған ерікті (атын атамауды жөн көрді) неліктен мұндай қадамға барғанын жасырмады.
⠀
«Вакцинаны ешкімнің итермелеуінсіз қабылдадым. Шынымды айтайын, танысым менен бұрын екпе ектіртті. Сол кісіні бақылап жүрдім. Денсаулығы жақсы, шауып жүр. Ол екпе салдыртсам, қолыма едәуір ақша тиетінін айтты.
⠀
Алдымызда қыс келе жатты. Сыйақыма соғым сатып алдық. Вакцина қабылдағаныма төрт айға жуықтады. Аллаға шүкір, осы уақытқа дейін ауырып көрген жоқпын.
⠀
Алматылық ерікті қолына екпеден соң бір ай ішінде 168 мың теңге алғанын айтады.
⠀
«Бұл ақшаны көп деп айта алмаймын. Бірақ өз еркіммен келіскен соң, осы бергеніне қанағат», — дейді ерікті.
⠀
Қазақстандық вакцина қабылдаған Алматы тұрғынында сақтандыру сертификаты бар. Алайда ерікті вакцинадан келер қауіп-қатердің орнын толтыруға арналған 500 мың теңгелік сертификатты мән беріп оқымаған.
⠀
Елімізде шығарылған вакцинаны жүрексінбей қабылдаған қазақстандық азамат қазіргі хәл-жағдайымен бөлісті.
⠀
«Ешқандай өзгеріс байқаған жоқпын. Шауып жүрмін. Әр 21 күн сайын қан талдауын алып, тексеріп отырады. Шағымым жоқ», — дейді ерікті.
⠀
Коронавирус вакцинасын қабылдаған Алматы тұрғыны еш өкінбейтінін жеткізді.
⠀
«Жұбайым да екпе ектіртті. Вакцина қабылдағанымызды көп адамға айта бермейміз. Өйткені клиникалық сынама кезеңі әлі толық аяқталған жоқ. Көбісі ақша үшін ектіртті деп сөгуі мүмкін. Келер айда жаппай вакцинация басталады деп жатыр ғой. Өткен іске өкініш жоқ», — дейді ол.
Nur.kz
Қазақстандықтар Әлия Назар Қазақстандықтар Әлия Назарбаевадан ақша сұрап жүр. Өтініштердің бірінде автор Елбасының қызынан үй алуға қол ұшын беру туралы өтінішін жеткізіп, қарызға 15 миллион теңге сұраған. Ол қарызды ай сайын жалақы түскенде 60-70 мың теңгеден шотына жіберу арқылы қайтаратынын жеткізген.
⠀
Қоғам қайраткері Әлия Назарбаева Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында өтініш білдірушінің хабарламасын жария етті. Елбасының қызы күн сайын көптеген адам көмекпен жүгінгенін атап өтті.
⠀
«Құрметті жазылушыларым мен оқырмандарым! Маған күнделікті көптеген адам көмек сұрап жазады! Өзімнің көзқарасымды нақты айқындағым келеді: мен барлық адамның қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын орындай алмаймын. Мен қоғамдық маңызы бар нәрселермен айналысамын, бизнес және қайырымдылық жобалары бар, бірақ қайырымдылықты да Қордың сайтында көрсетілген шарттарға сәйкес көрсетеміз!
⠀
Біз тұрғын үй мәселелерін шешпейміз, жұмысқа орналастырмаймыз, мемлекеттік органдардың істеріне араласпаймыз. Егер сіз ешкімнің өтінімінен бас тартпасаңыз, ол игілікті іспен айналысасыз дегенді білдірмейді!
⠀
Кейде бас тарту — ол өзіңнің ниеттеріңе берік болу! Ал ниеттерім менің күрделі емес: экология және білім жолында еңбектену!» — деді Әлия Назарбаева.
Суретте көзіңізге бірден түскен ағашты таңдап, өзгелерге қандай адам болып көрінетініңізді біліңіз.

Сырт көз сыншы. Ішкі жан дүниеміз өзімізге ғана мәлім болса да, өзгелер бізді басқа қырымыздан тануы мүмкін. Басқа адамдардың біз туралы не ойлайтынын білгіміз келеді. Айналамыздағы адамдар арасында өзіміз жайлы жағымды пікір қалыптастырғанды ұнатамыз. Ал сіз өзгелер үшін қандай адам болып көрінесіз? Білгіңіз келе ме?

Ендеше психологиялық суретке үңіліп, көзіңізге бірден түскен ағашты таңдаңыз.

Жауапты осы парақшадағы Историядан (сақталған история) оқи аласыз. Қай ағашты таңдағаныңызды комментарияға жаза өтіңіз❤
Жеңіс құтты болсын Қазақ Ел Жеңіс құтты болсын Қазақ Елі.
Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов Магнитогорск қаласында (Ресей) AMC Fight Nights және "Болат жүрек" лигалары ұйымдастырған аралас жекпе-жек турнирінде қарсыласын нокаутқа түсірді.
Оның қарсыласы ресейлік Максим Пантелеев болды. Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жектің бірінші раундының бірінші минутында Хамитов оң қолымен сәтті соққы жасап, қарсыласын нокаутқа түсірді. 
Бастапқыда Хамитов басқа ресейлік Алексей Ильенкомен жекпе-жекке шығуы керек еді, бірақ соңғы сәтте қарсылас өзгерді.
Атырауда облыстық перината Атырауда облыстық перинаталды орталықтың ұжымы бұрынғы әріптестеріне кесілген үкіммен келіспейді. Олар жаңа туған нәрестені өлтіргені үшін ұзақ мерзімге сотталған болатын.
Перинаталды орталықта мәслихат депутаттары, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков және әкім орынбасары Бақытгүл Хаменова болды.

«Біздің ешқайсымыз сот үкіміне қарсы емес. Алайда өзіміздің ұсынысымызды құжат жүзінде рәсімдеп, оны мемлекет басшысына жеткізе аламыз деген үміттемін. Жазаны жеңілдету үшін шара қолдануға болады деп ойлаймыз. Себебі біздің әріптестерімізге өте қатаң жаза қолданылған.

Осы уақытқа дейін олар көптеген ана мен баланы құтқарды, көп отбасыға бақыт алып келді! Болашақта да біздің әріптестеріміз көп пайда әкеле алатын еді. Медицина қызметкерлері сот процесінің біржақты өткеніне наразы», — деді облыстық перинаталды орталық директорының міндетін атқарушы Асқар Кенжеғалиев.

Ол әріптестерін ақтамайтынын, сондай-ақ, мына жағдайға бей-жай қарай алмайтынын айтып өтті.
«Көп жылдық еңбекке қарамастан, осындай нәрсе болуы мүмкін дегенді көз алдымызға да елестетіп көрмедік. Осыдан кейін жас мамандардан не күтеміз, көзі жалындап тұрмаған жастар не істейді?» — деп қосты Асқан Кенжеғалиев.
Керемет!Бірақ, мықты маманд Керемет!Бірақ, мықты мамандардың өзге елге қызмет етіп жатқанына қалай қарайсыз?

Әсел Робертс (Төленова) есімді қазақ қызы АҚШ президенті протоколы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Ақ үйдің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әсел 1976 жылы Алматыда дүниеге келген. Джорджтаун университетінің түлегі, Әсел АҚШ президенті протоколында 15 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Қазақ, орыс және жапон тілін меңгерген.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.