Суббота, 16 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап қосымша еңбекақы алады

Ағымдағы жылғы 5 наурызда Мемлекет басшысы Бес әлеуметтік бастамасын жарияланғаны белгілі.

10.07.2018
0
Қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап қосымша еңбекақы алады

Қазақстандықтар 29 млрд теңге шамасында қосымша еңбекақы алатын болады. Бұл туралы  ҰЭМ сайтына  хабарлайды.

Соның екінші бастамасына сәйкес, жалақысы 25 айлық есептік көрсеткіш немесе 60 125 (алпыс мың бір жүз жиырма бес) теңгеден төмен жұмысшылар үшін жеке табыс салығының мөлшерлемесін 10 есе төмендету ұсынылған.

Жалпы республикада мұндай еңбекақыны 2 миллионнан аса адам алады. Негізінен, бұл ауыл шаруашылығы мен саудада салаларын қамтиды. «Аталған бастаманы іске асыру мақсатында мемлекеттік органдармен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлескен жұмыс жүргізілді.

Жұмыс нәтижесі бойынша жалақысы төмен жұмысшылардың жеке табыс салығын төмендетудің оңтайлы тетігі айқындалды. Мәселен, салық салынатын табыс 90 пайызға азайтылатын болады. Қалған еңбекақыға 10 пайыз мөлшерлемемен жеке табыс салығы салынатын болады. Яғни, салық жүктемесі 10 есеге төмендейді.

2018 жылғы қарапайым мысал арқылы ЖТС ұсынылған есептеуді қарастырамыз. Мәселе, жалақы айына 60 125 (25 айлық есеп көрсеткіш) теңгені құрайды. Осы сомадан 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарының сомасы, яғни 6 013 теңге шегеріледі, қалады – 54 112 теңге. Бұл сомадан 1 ең төмен жалақы – ең аз салық салынбайтын кіріс, яғни 28 284 теңге шегеріледі.

Салық салынатын табыс (қолданыстағы механизм) – 25 828 теңге қалады. Қолданыстағы механизм бойынша салық сомасы 25 828 *10% = 2 583 теңге болады. Ұсынылған тетікке сәйкес, салық салынатын табысының мөлшері 90%-ға төмендейді: 25 828 – (25 828*90%) = 2 583 теңге.

Бұл сомаға жеке табыс салығының 10% мөлшерлемесі бойынша салық салынатын болады – 2 583*10% = 258 теңге. Яғни, іс жүзінде салық мөлшері 10 есе 2 583 теңгеден 258 теңгеге дейін төмендейді, жалақы қосымша 2 325 теңгеге өседі», – делінген министрліктің хабарламасында.

Аталған тетікті қолдану қызметкердің дереу және кепілдікті қосымша табыс алуын (негізгі жалақы алу кезінде) пайымдайды және жұмыс берушінің қаржылық жүктемесін ұлғайтпайды. Сонымен бірге, жұмыс берушінің әкімшілік шығындары минимизацияланды.

Жалпы республика бойынша жұмысшылар 29 млрд теңге шамасында қосымша еңбекақы алатын болады.

Салық заңнамасына тиісті түзетулер 2018 жылғы 2 шілдеде Мемлекеттік басшысымен қол қойылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына көзделген. Аталған тетік 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс жасайтын болады.

 

 

 

 

 

Бөлісу5Твит3
Алдыңғы лауазым

Павлодарлықтар үш күн демалыста қоқыс астында қалды

Келесі лауазым

Түркістан облысында 78 жастағы әжей өз үйінде өртеніп кетті 

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Жалғызбасты үшемнің анасы бүгінде Тараз қаласында пәтер жалдап, тұрмыс тауқыметін тартуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Айнұр Тұрсынбаеваның кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды (фото)

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Жанболат Мамайды қолдайсыз Жанболат Мамайды қолдайсыз ба?
2 жылдай уақыттан бері қазақ әйелі бұрынғы күйеуінің қолында отырған қызын қайтара алмай жүр. Туған анаға өз баласына көзімен қарауға да рұқсат берілмейді. ⠀ Бір күн бұрын әйел тіпті біздің полиция қызметкерлерінің кейбір адамдардың заңсыз әрекеттеріне қарсы дәрменсіз екендігі туралы кадрларды жариялады. Біз заңды жағдайда өмір сүретінімізге сенімдіміз бе?
Бүгін Парламент Мәжілісіні Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысы лауазымына Асқар Мамин бекітілді.
⠀
10 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаттары сайланғаннан кейін Үкімет заң бойынша отставкаға кетуі керегін айтқан болатын.
⠀
Мәжілісмендердің көпшілігі Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады.
⠀
Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда туды. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы АҚ-ның президенті болып қызмет еткен, 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болды. 2019 жылы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалды.
Ауырсаңыз осындай емшіге барамыз ба?
Nur Otan партиясы Алматы мәслихатына 29 депутат тізімін ұсынып, оны аумақтық сайлау комиссиясына жіберді.

 Мәслихатқа Nur Otan ұсынғандардың арасында бокстан Сиднейде өткен Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов, кәсіпкер, «Tanmedia Group» директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов, “Отбасы банк” басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова, Nur Otan-ның Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров, “Алматы ақшамы” газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, кәсіпкер,«Q3 Worldwide» инвестициялық холдингісінің бас директоры Қайрат Құдайберген бар.

Мәслихат депутаттарының тізімінде қаладағы аурухана жетекшілері де жүр. Атап айтқанда, №5 қалалық аурухананың бас дәрігері Болат Садықов, қалалық кардиология орталығының бас дәрігері  Алмат Қодасбаев 29 депутаттың тізіміне енген.
Билік партиясы Алматы қаласының мәслихатына ұсынған тізімдегі адамдардың орташа жасы – 43.

 Тізімдегілердің 31 пайызы әйелдер. Мәслихатқа кандидаттардың 24 пайызы жастар.
2019 жылы әлемдегі ең үздік шахматшы атанған қазақстандық танымал шахматшы Nur Otan партиясы атынан сайлауға түсті

Nur Otan саяси партиясының Алматы филиалының саяси кеңес бюросы мәслихат депутаттарының тізімін бекітті. Енді оларды аймақтық сайлау комиссиясы тіркейді.
Кандидаттар арасында "Tanmedia Group" директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов, бизнесмен Қайрат Құдайберген және танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік бар.
Әбдімәлік бұл тізімдегі ең жас кандидат. 2000 жылдың 12 қаңтарында туған ол жақында ғана 21 жасқа толды.

Жансая Әбдімәліктің жетістіктері

2019 жылы Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі әлемдегі ең үздік шахматшы атанды. Ол классикалық, рапид (жедел шахмат) және блиц бойынша ЭЛО рейтингінде көш бастап тұрды.
Әбдімәлік бала кезінен шахматпен айналысқан. Ол 14 жасында Қазақстанның ең жас гроссмейстері атанды. Қазір оның қоржынында республикалық және әлемдік беделді жарыстардың жүлделері бар.
Nur Otan Алматы филиалының баспасөз қызметі хабарлағандай, ұсынылған тізімде әйелдердің үлесі 31%-ті, жастардың үлесі – 24%-ті құрады. Депутаттардың орташа жасы – 43 жас (бұрын, VI шақырылымдағылардың орташа жасы 48 жас болатын), осылайша депутаттар құрамы 5 жасқа жасарды.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.