“Біздің мамандар оқиға орнына жетіп, барлық лабороториялық, химиялық сараптамалар алды. Анық болғаны,құлаған заттан ауаға ешқандай радиация тарамаған. Зымыранның қандай бөлшегі екенін арнайы құрылған комиссия анықтап жатыр”, – дейді БҚО экология департаменті басшысының орынбасары Мұрат Ермекқаливев.
Қызыл жалынмен алысқан төтеншеліктер өртті 4 сағатта әрең ауыздықтапты. Ауыл сыртында болған оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Әбден шошып қалған тұрғындар тек байланыстың үзілгенін айтады.