Пятница, 1 июля, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ақтөбеде полиция қызметкерінің бетіне түкірген өнер мектебінің есепшісі жазаланды

Есепші мас күйінде полицей қызметкерін балағаттап, бетіне түкіріп мазақ еткен

12.07.2018
0
Ақтөбеде полиция қызметкерінің бетіне түкірген өнер мектебінің есепшісі жазаланды

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданының тұрғыны А.Сқақов мас күйінде полиция қызметкерлеріне ұсталып қалған. 29 жастағы есепші өзін ұстаған полицейді балағаттап, кейін бетіне түкіріп жібергені үшін жазаланды.

Ақтөбенің Ырғыз аудандық сотында айыпталушы А.Сқақовқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Аудандық өнер мектебінің есепшісіне Қылмыстық кодекстің «Билік өкілін қорлау» бабы бойынша айып тағылды.

Іс материалына сүйенсек, 2018 жылдың маусым айында айыпталушы көшеде мас күйінде жүріп, полиция қызметкерлеріне ұсталады. Сол кезде полицейлер 29 жастағы есепшінің ішімдік ішкенін анықтау үшін оны аудандық ауруханаға жеткізеді.

Тексерістен соң Ішкі істер бөліміне кірер кезде айыпталушы А.Сқақов қызметтік міндетін атқарып тұрған полиция қызметкерлерін балағаттап, бетіне түкіріп жіберген.

Сот отырысында А.Сқақов өзіне тағылған айыпты толық мойындап, билік өкілінің өз қызметтік міндетін атқару кезінде балағаттап, қорлау сөздерін айтқанын растап, іс-әрекетіне шын жүректен өкінетінін, кінәсін толық мойындайтынын, енді қайталамайтынын көрсетіп, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Ал медициналық тексеру қорытындысы кезінде айыпталушының ішімдік ішіп, марихуана шеккендігі анықталды.

«А.Сқақов Қылмыстық кодекстің «Билік өкілін қорлау» бабы бойынша кінәлі деп танылып, жаза ретінде 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни, 84 175  теңге айыппұл салынсын. А.Сқақов сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде айыппұлды төлеуге міндетті»,- деді судья  С.Махамбетов.

 

 

Бөлісу9Твит6
Алдыңғы лауазым

Әжелерден мастер класс: бесік жоқта баланы қалай ұйықтатуға болады?

Келесі лауазым

Мәскеуде қазақстандық студенттің ұстазын не себепті пышақтағаны анықталды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    61 бөлісу
    Бөлісу 24 Твит 15
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.