Понедельник, 27 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Астанада  төрт балалы  өрт сөндіруші Назарбаевтан алған үйінен қуылып жатыр

Қайыржан: Төрт баламен қайда барарымды білмеймін, банк қазір пәтерді босатуға он күн уақыт берді

13.07.2018
0
Астанада  төрт балалы  өрт сөндіруші Назарбаевтан алған үйінен қуылып жатыр

Астанада бұрын өрт сөндіруші болып жұмыс істеген көп балалы әке өз пәтерінен қуылып жатыр. Ал 4 баласын тәрбиелеп отырған Қайыржан Нұрқайдаровқа 9 жыл бұрын осы пәтерді жақсы қызметі үшін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев берген екен, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ендігі бұрынғы өрт сөндірушіден 10 күннен кейін пәтерін босату талап етіліп отыр.

Оған 2013 жылғы жағдай себеп болыпты. Қайыржан мен оның әріптестері өз қызметінен бөлек басқа жерде қосымша жұмыс істегені үшін, жұмысынан қуылыпты. Отағасының сөзінше, сол жылдары қосымша табыссыз күн көру мүмкін емес еді.

«Қосымша жұмыс істеп, табыс тауып жүрдік. Қиын уақыт еті. Отбасымды асырау керек болды. Балаларым кішкентай. Бірақ бізді жұмысымыздан босатқан кезде, екінші жұмыс орнында істеп жүрдік. Мен ТЭЦ-1-де өрт сөндіруші болып қосымша жұмыс жасадым. Сонда аздаған тиын ғана табатын едік», – дейді ер адам.

Сол кезде Қайыржан негізгі жұмысында 55 мың теңге табыс тауып жүріпті. Ал қосымша жұмыстан табатыны – 35 мың теңге. Артынша оның негізгі жұмысындағы жалақысы көтерілгендіктен, қосымша жұмысынан шығып кетіпті. Алайда бұл жағдайдың өзі оны негізгі жұмысынан қуылуынан құтқара алмаған. Тіпті басшылық бұрынғы еңбектеріне де қарамапты.

Қайыржан жұмысынан қуылғаннан кейін қиындықтар басталған. Банктер пәтердің төлемін қабылдаудан бас тартып, оның жалға беру шарты бойынша берілгенін айтқан. Десе де сол кезде көп балалы әкені тыныштандырып, оның пәтерден шығарылмайтынын айтыпты.

Алайда 5 жылдан кейін Қайырдан Нұрқайдаровқа полицейлер келіп, пәтерін босатуын талап еткен. Ендігі отағасы 4 баласымен қайда барарын білмей отыр.
Десе де ол пәтердің кілтін Нұрсұлтан Назарбаев табыстағаны мен бұрынғы еңбегі ескеріледі деп үміттенеді.

Бөлісу5Твит3
Алдыңғы лауазым

Johnson & Johnson өнімдері қатерлі ісікке әкеліп соғуы мүмкін

Келесі лауазым

Қостанайда жоғалып кеткен 14 жастағы қыз Көкшетаудан табылды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    44 бөлісу
    Бөлісу 18 Твит 11
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.