Пятница, 1 июля, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Астанада 10 қабаттан құлауға аз қалған балаларды «Газель» жүргізушісі құтқарып қалды

Балалар өмірін аман алып қалған азамат жұрт алдында өзін таныстыруға қарсы болды

13.07.2018
0
Астанада 10 қабаттан құлауға аз қалған балаларды «Газель» жүргізушісі құтқарып қалды

Астанада 3 шілде күні Қосшығұлұлы, 10 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің 10 қабатынан екі бала құлап кете жаздады. Дүйім жұрттың көзінше болған оқиғаны ҚазАқпарат тілшісіне куәгер жайып салды.

«Оқиғаға куә болған барлығымыз қатты қорықтық. Қазір есіме алсам, жүрегім жарылып кете жаздайды. Терезенің алдындағы тақтайшада тұрған балаларды жолдың бойымен өтіп бара жатқан «Газельдің» жүргізушісі байқап, бірден дабыл қаға бастады», — деді куәгер қыз.

Ол есімін атамауды өтінді. Қыздың айтуынша, балалардың жастары шамамен — 4-5-те. Шалқасынан ашық жатқан терезенің алдындағы тақтайшада ойнап жүрген. Төменде тұрған адамдар сәбилердің бірі екіншісін арттан итеріп жібереді деп қорыққан.

«Барлығымыз даусымызды барынша қатты шығарып, олардан терезеден түсіп, үйге кірулерін өтіндік. Қатты айғайлағаным соншалық, әлі күнге даусымды қалпына келтіре алмай жүрмін. Алайда, балалар біздің шу шығарғанымызға одан сайын қызығып, төменге қарай берді», — деп куәгер қыз оқиға орнына құтқарушылар келгенге дейінгі жағдайды еске алады.

Сондай-ақ, куәгер кез келген баланың терезеден құлауына себеп болатын биік қабатты үйлердегі ақауларды атады.

«Бұл жерлерде адамдардың басым көпшілігі пәтер жалдап тұрады. Ал жалға берушілер терезелерге тор орнатуды ойламайды, себебі ол да — шығын», — деді оқиға куәгері.

Еске салайық, қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 10 қабаттың терезесінің алдындағы тақтайшада ойнап жүрген екі баланы құтқарып, аман алып қалған болатын.

Құтқарушылар келгенге дейін көршілер балаларды қолда бар құралдар арқылы ұстап тұрған.

 

 

Бөлісу4Твит3
Алдыңғы лауазым

Қытайдағы жарылыс салдарынан 19 адам қаза тауып, 12 адам зардап шекті

Келесі лауазым

Қытайдағы қазақ мәселесі: жанашыр азаматтар қандай қиындыққа тап болғанын айтты

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    61 бөлісу
    Бөлісу 24 Твит 15
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.