Жазира өз инстагарам парақшасында әулет болып Жанболаттың анасын Меккеге жібермек ойларымен бөлісті.
«Қазбектің әжесін (енемді) Меккеге апарайық дегенде ауылдағы ең кенже қайным Нұрболат: «Біз де сауап жинағымыз келеді.Анамыздың Меккеге баруына барлық(9) перзенті бірге үлес қосайық», — деп таң атқаннан түн батқанша еңбек етіп жүр» — дей отыра, қайынаға, абысын, келдіндерінің аса еңбекқорлығын, біреуге күндерін қаратпайтындарына сүйсінетінін білдірді.
Сонымен қатар, «Қара шаңырақта енемнің қолында қалған келін мен ұл жасы кіші болса да, жолы үлкен, сыйлы болады» — дей келе әнші қайыны мен келінінің әулетте орыны бөлек екенін атап өтті.