Бұл жайлы belta.by сайты жазады
Беларусь президенті Александр Лукашенко «Витебскідегі славян базары» фестивалінің салтанатты ашылу рәсімінде әнші Роза Рымбаеваға «Өнер арқылы — бейбітшілік пен өзара түсіністікке» арнайы марапатын табыс етті.
Әнші бұл марапатты оның шығармашылығын мойындау деп қана емес, Қазақстанның өнеріне құрмет көрсету екендігін атап өтті. «Беларусь пен Қазақстанның қарым-қатынасы әрдайым жылы болған. Біз оны жылдар бойы сақтап қалдық», — деді Роза Рымбаева. Ол барлық халыққа бейбітшілік, тыныштық және бақыт тіледі.