Әйелдер бірнеше жыл бойы балалар сеппесін қолданып, оның салдарынан аналық безі қатерлі ісігіне шалдыққандарын айтқан, деп хабарлайды Reuters ақпараттық агенттігі.
Компанияның төлеуге міндетті сомасы — АҚШ тарихында сапасыз өнім ісі бойынша өндірілген қаржының рекордтық көрсеткіштерінің бірі.
Шағым түсірген әйелдердің барлығы J&J компаниясын балалар ұнтағына тыйым салынған асбест қосты деп айыптауда.
Алқабилер соты бұл істі бес апта бойы қарап, екі тараптың ондаған сарапшысын тыңдаған.
J&J өз кезегінде компания өнімдерінің зиян келтіретінін жоққа шығарды. «Johnson & Johnson үкіммен келіспейді, бұл шешімге шағым түсіруге ниетті», — делінген компанияның мәлімдемесінде.
J&J акциясы үкім шыққаннан кейін 1%-ға құлаған.