Воскресенье, 24 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қазақстан жоғары оқу орындарының бағасы белгілі болды

Білім және ғылым министрлігінің баға саясатына қатысты шектеуді алып тастауы түрлі түсінбеушіліктер туындатты

16.07.2018
0
Қазақстан жоғары оқу орындарының бағасы белгілі болды

КТК арнасына сілтеме жасап KYN.KZ хабарлайды.

Бұған дейін ақылы оқу бөлімінің қаржысы грантқа төленетін ақшадан төмен болмауы тиіс еді. Енді әр жоғары оқу ордасы ақылы оқу ақысын керегінше өзі белгілейді. Құзырлы министрлік нарыққа сәйкес бәсекелестік орнайды дегенмен, мамандар арзан ақшаға талапкерлерді топырлатып жинайтын университеттер көбейіп кете ме деп қауіптенеді. Ал, талапқа сай білім алмаған диплом иесі жұмыссыз қалады дейді олар.

Құзырлы министрлік ел құлағы елеңдеген жаңа бастаманы қызғыштай қорып әлек. Себебі, баға саясатына еркіндік беріліп, нарықтағы нағыз бәселестік басталмақ. Әрине, бір-бірімен таласқа түскен университеттер бағаны төмендетсе, болашақ студенттің қалтасына жеңіл тимек.

«Аталмыш заңды қабылдағанға дейін ақылы бөлімге қатысты шектеу болатын. Ол мемлекеттік гранттың бағасымен өлшеніп, одан төмен болмауы тиіс еді. Қазір бұл шектеу алынып тасталды. Енді әр университет қандай ақылы оқу ақысын қаншадан белгілесе де өзі біледі», – дедйі Бану Нарбекова, ҚР БҒМ департамент директорының орынбасары.

Алайда, оқу ақысының арзандағанын байқамадық. Мәселен, алматыдағы белді білім ордасынан тіс дәрігері мамандағын таңдаған талапкер 1 миллион 200 мың теңге төлеуі қажет. Тек, медицина саласындағы бұл көрсеткіш Астана, Ақтөбе және Семей қалаларында 650-900 мың шамасында. Ал, керісінше ақылы оқу ақысы жыл сайын орта есеппен 6-10 пайызға өседі екен.

«635 800 теңге деп келеді гранттың өзінің бағасы. Сол төңіректе ұлттық университеттер төмен қабылдамау керек еді. Яғни, мемлекет тарапынан қатаң тексерілетін еді.

Қазіргі жағдайда бағаны әр университет халықаралық рейтингіне сәйкес белгілейді және де жыл сайынғы инфляцияға орай өзінің бағасын көтеруге мүмкіндік беріп тұр», – деді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабылдау комиссиясы жауапты хатшысының орынбасары  Бақытжан Сапаров.

Бірақ, аңысын аңдыған кейбір оқу ордалары әлі күнге дейін ақыны белгілемепті. Ал, Алматыдағы ұлттық университеттер талапкердің қалтасын түрлі бағада қағуға әзір. Бір қызығы, аграрлық саланы таңдағандар жылына 635 800 төлейді.

Дегенмен, жеңілдік арқылы 420 және 230 мыңға да мамандық таңдауға болады. Ал, баға саясатының еркіндігі аймақтағы университеттрдің оң жамбасына тиіп, оқу ақысы арзандауы мүмкін деген мамандар, кейбірінің араны ашылатынын да жасырмады.

Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшановтың айтуы бойынша: «Кейбір жоғары оқу орындары артық қоямыз деген.

Мысалы, Нархоз. 1 жарым миллионға дейін ақысы. Бірақ сұраныс бар ма, жоқ па? Қолына билік алғанымен, ертең министрлік тексереміз деп жатыр. Мәселен, 100 мың теңге алдың ба? Жеткілікті оқулықтар бар ма, мұғалімдер айлық алып жатыр ма, ғимараттарың жеткілікті ме дегендей».
Сондықтан, білімге әркімнің ақ талабы болғанымен, оқу ақысы арзан деп кез келген университеттің есігін жағалауға болмайды дейді мамандар.

«Біз қазір еліміздегі жоғары оқу орындарының әр мамандық бойынша рейтингісін жасап жатырмыз. Алғашқы кезеңде экономист, мұнай-газ және тау-кен өндіріс секілді 33 мамандықты таңдап, өткен жылы бітірген 3 мың түлекке сауланама жүргіздік. Өкініштісі, оның 1247-сі осыған дейін жұмыс таппаған», – дейді Олжас Ордабаев, «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры.

Министрліктің уәжінше, шектеуден құтылған бағаны нарық реттейді. Әрі білім қуған түрлі әлеуметтік топ өкілдеріне тамаша мүмкіндік тумақ. Бірақ, мамандар арзан ақшаға талапкерлерді топырлатып жинайтын университеттер білім сапасын базарға айналдырып жібере ме деп қауіптенеді.

Бөлісу4Твит3
Алдыңғы лауазым

Қазақстандықтың 185 мың теңге несиесі екі айда 700 мың теңгеге өсіп кетті

Келесі лауазым

Нағыз махаббат: құшақтасқан ғашықтардың қабірі табылды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Айнұр Тұрсынбаеваның кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды (фото)

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Психологиялық тест сіздің адами болмысыңызды тануға көмектеседі. Өйткені адамдардың барлығы бірдей емес. Бірі — өте сезімтал болса, кейбіреулері — жаңалыққа бейім, енді бірі — өткенмен өмір сүргенді жақсы көреді. Төмендегі суреттен кімге бірінші көмектесетініңізді анықтап, ішкі жан-дүниеңіздің құпиясын ашыңыз. 

Қай номердегі адамды таңдағаныңызды комментарияға жаза өтіңіз.
Жауаптар осы парақшаның историясында (сақталған историяда). Сол жерден қарап тексеріңіз, сәттілік.❤❤❤
Ресейлік наразы халық омондарды қармен ұрып жатыр...
Ресей халқында бүгін ұйқы ж Ресей халқында бүгін ұйқы жоқ. Халық пен билік бетпе-бет текетіресті. Навальный бұл жерге жәй себеп қана сияқты. Халық піскен, мені таңқалтқаны саяси митинг жайлы жазбаған блогер жоқ. Әшейінде тек жылтырақ шоу-бизнестің ішінде жүретін гламурлар да, стэндаптың ортасында жүрген комиктерің де Путин саясатына қатысты өз ойын еркін білдіріп жазуда...
Қазақстандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеуге қатысқан ерікті  журналистерге сұхбат берді. Алматы тұрғыны осыдан төрт ай бұрын алғаш рет коронавирустан екпе салдыртқан. Ерікті азамат денсаулығы туралы, қанша сыйақы алғанын және не үшін мұндай қадамға барғанын ашық айтты.
⠀
Елімізде 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация жүргізілетіні хабарланды. Әлеуметтік желіде вакцина қабылдауға дайын топтан қарағанда оған қарсы топтың саны басым.
⠀
Отандық вакцинаны алғашқылардың бірі болып қабылдаған ерікті (атын атамауды жөн көрді) неліктен мұндай қадамға барғанын жасырмады.
⠀
«Вакцинаны ешкімнің итермелеуінсіз қабылдадым. Шынымды айтайын, танысым менен бұрын екпе ектіртті. Сол кісіні бақылап жүрдім. Денсаулығы жақсы, шауып жүр. Ол екпе салдыртсам, қолыма едәуір ақша тиетінін айтты.
⠀
Алдымызда қыс келе жатты. Сыйақыма соғым сатып алдық. Вакцина қабылдағаныма төрт айға жуықтады. Аллаға шүкір, осы уақытқа дейін ауырып көрген жоқпын.
⠀
Алматылық ерікті қолына екпеден соң бір ай ішінде 168 мың теңге алғанын айтады.
⠀
«Бұл ақшаны көп деп айта алмаймын. Бірақ өз еркіммен келіскен соң, осы бергеніне қанағат», — дейді ерікті.
⠀
Қазақстандық вакцина қабылдаған Алматы тұрғынында сақтандыру сертификаты бар. Алайда ерікті вакцинадан келер қауіп-қатердің орнын толтыруға арналған 500 мың теңгелік сертификатты мән беріп оқымаған.
⠀
Елімізде шығарылған вакцинаны жүрексінбей қабылдаған қазақстандық азамат қазіргі хәл-жағдайымен бөлісті.
⠀
«Ешқандай өзгеріс байқаған жоқпын. Шауып жүрмін. Әр 21 күн сайын қан талдауын алып, тексеріп отырады. Шағымым жоқ», — дейді ерікті.
⠀
Коронавирус вакцинасын қабылдаған Алматы тұрғыны еш өкінбейтінін жеткізді.
⠀
«Жұбайым да екпе ектіртті. Вакцина қабылдағанымызды көп адамға айта бермейміз. Өйткені клиникалық сынама кезеңі әлі толық аяқталған жоқ. Көбісі ақша үшін ектіртті деп сөгуі мүмкін. Келер айда жаппай вакцинация басталады деп жатыр ғой. Өткен іске өкініш жоқ», — дейді ол.
Nur.kz
Қазақстандықтар Әлия Назар Қазақстандықтар Әлия Назарбаевадан ақша сұрап жүр. Өтініштердің бірінде автор Елбасының қызынан үй алуға қол ұшын беру туралы өтінішін жеткізіп, қарызға 15 миллион теңге сұраған. Ол қарызды ай сайын жалақы түскенде 60-70 мың теңгеден шотына жіберу арқылы қайтаратынын жеткізген.
⠀
Қоғам қайраткері Әлия Назарбаева Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында өтініш білдірушінің хабарламасын жария етті. Елбасының қызы күн сайын көптеген адам көмекпен жүгінгенін атап өтті.
⠀
«Құрметті жазылушыларым мен оқырмандарым! Маған күнделікті көптеген адам көмек сұрап жазады! Өзімнің көзқарасымды нақты айқындағым келеді: мен барлық адамның қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын орындай алмаймын. Мен қоғамдық маңызы бар нәрселермен айналысамын, бизнес және қайырымдылық жобалары бар, бірақ қайырымдылықты да Қордың сайтында көрсетілген шарттарға сәйкес көрсетеміз!
⠀
Біз тұрғын үй мәселелерін шешпейміз, жұмысқа орналастырмаймыз, мемлекеттік органдардың істеріне араласпаймыз. Егер сіз ешкімнің өтінімінен бас тартпасаңыз, ол игілікті іспен айналысасыз дегенді білдірмейді!
⠀
Кейде бас тарту — ол өзіңнің ниеттеріңе берік болу! Ал ниеттерім менің күрделі емес: экология және білім жолында еңбектену!» — деді Әлия Назарбаева.
Суретте көзіңізге бірден түскен ағашты таңдап, өзгелерге қандай адам болып көрінетініңізді біліңіз.

Сырт көз сыншы. Ішкі жан дүниеміз өзімізге ғана мәлім болса да, өзгелер бізді басқа қырымыздан тануы мүмкін. Басқа адамдардың біз туралы не ойлайтынын білгіміз келеді. Айналамыздағы адамдар арасында өзіміз жайлы жағымды пікір қалыптастырғанды ұнатамыз. Ал сіз өзгелер үшін қандай адам болып көрінесіз? Білгіңіз келе ме?

Ендеше психологиялық суретке үңіліп, көзіңізге бірден түскен ағашты таңдаңыз.

Жауапты осы парақшадағы Историядан (сақталған история) оқи аласыз. Қай ағашты таңдағаныңызды комментарияға жаза өтіңіз❤

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.