Понедельник, 27 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ернар Айдар өзін “той әншісі” деп сынаған Роза Рымбаеваға жауап қайтарды

“Мүмкін Роза әпкеміздікі де дұрыс шығар, ол жағын халық шешер”

16.07.2018
0
Ернар Айдар өзін “той әншісі” деп сынаған Роза Рымбаеваға жауап қайтарды

Халық әртісі Роза Рымбаева әнші Ернар Айдарды “өзбек әндерін аударып айтып жүрген той әншісіне” теңеп, жұрттың қызу талқысына түсті. “Славян базары” байқауына қатысқан әнші Әміре (шын есімі Ернар) туралы сөз қозғаған Роза Қуанышқызы оны хитмен әнші Ернар Айдармен салыстырып, екеуінің деңгейі екі бөлек екенін атап өткен.

Қызығы сол , кейбіреулер таяу күндері Астанада үлкен концерт берген Ернарды аталған оқиғаны “пиар” үшін алдын-ала ұйымдастырған деп те ойлапты. Ал әншінің өзі бұған қысқа жауап қайырды:

“Мүмкін Роза әпкеміздікі де дұрыс шығар, ол жағын халық шешер”.

 

Десе де әншінің көңіл-күйі түсіп қалғаны байқалды . Бұл орайда журналист Анна Данченко: “Мүмкін бұл оқиғаны журналистер немесе тағы басқа адамдар тапсырыспен жасап отырған шығар? Арнайы сондай жауап алу үшін қойылған сұрақ шығар?” – деп сұрады. Оған Ернар Айдар:

“Мүмкін, жаман нәрсе ойлаудан аулақпын. Бірақ аққа Құдай жақ дейді ғой. Осы уақытқа дейін аяқтан шалғандар болды. Бұдан да үлкен кедергілер болды, сол кезде оған ешқандай қараған жоқпыз. Қарауға да уақыт болған жоқ. Себебі өз жұмысын сүйген адам анау-мынауға қарамайды. Ол жыртық-жыртық джинсымен тұрса да, барымен халықтың көңілін аулауға тырысады. Менің мақсатым бөлек. Сол мақсатқа жету үшін, анау-мынауға көңіл бөлуге уақыт жоқ. Бірақ ондай жоқ деп ойлаймын. Себебі біреуге пайдам тимесе де, зиянымды тигізбеуге тырысамын. Сол үшін мені қолдаушы халыққа алғысымды айтамын. Мүмкін маған бір кедергілер болса, уақытымен оның бәрі орнына келеді”, – деп жауап берді.

Бөлісу21Твит13
Алдыңғы лауазым

Құрбан айт мерекесінде қазақстандықтар қанша күн демалады?

Келесі лауазым

Хорватия шабуылшысы Анте Ребич ауылының бүкіл қарыздарын төлеп берді

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    43 бөлісу
    Бөлісу 17 Твит 11
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.