«Қайғылы оқиға 14 шілде күні 15:28-де болған. 1975 жылы туған әйел мен 2006 және 2007 жылы туған қос қызы өзен жағасында кілем жуып жатқанда суға ағып кеткен. Қаза тапқандардың денесін ТЖ комитеті орталық аймақтық аэромобильді жедел-құтқару бөлімшесінің құтқарушылары алып шыққан.
«Мұнда күтпеген оқиға орын алып отыр, әйтсе де бұл жерде адамдардың жүруіне тыйым салынған», — деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. Оның айтуынша, қаза тапқан отбасы «Пригородный» тұрғын алабында тұрған. Олар Нұра-Есіл арнасының жағасында кілем жуған.
Айта кетейік, 2018 жылдың бір ғана маусым айында 4 бала суға кетті.