Суббота, 16 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Шымкентте емшіге алданған әйелдер жиналып, шу шығарды

Сайрам ауылында тұратын емшіге әйелдер келіп, 250 мыңнан бастап миллион теңгенің арасында ақша берген.

16.07.2018
0
Шымкентте емшіге алданған әйелдер жиналып, шу шығарды

Ал, тәуіп өз кезегінде оларға бала көтересің деп кепілдік беріпті, деп жазды КТК арнасы.

Бірақ, бала тумақ түгілі келіншектер жарымжан болып жатыр екен. Ал, емші болса керісінше өзін алаяқ әйелдердің құрбанымын деп отыр.

Арысы Ақтау мен Атыраудан, бірі Семей өңірінен келген бұл келіншектер жүзін көрсеткілері келмейді. Барлығы да бір перзентке зар болып, көрінбеген дәрігері мен емшісі қалмағандар. Шымкенттік Ұнсынай Маскееваның бедеу әйелді демде емдейді екен дегенді естіп, алып-ұшып келген оларды емші еш кідірместен қабылдапты.

Барлығына бір диагноз қойып, бір ғана емдік шара жүргізіпті. Бірнеше күннен кейін көтердің деп қомақты сыйлық әкелуді бұйырады.

“30-шы мамырда көтердің деп шықты. Тест қызарып шықты. УЗИ-ға барсақ ешқандай бала жоқ.”,-дейді емделген келіншектердің бірі.

“Мен 700 мың теңге төледім 35 күнге. 700 мыңға кіретіні тампон мен   бір майы бар уқалайтын. Бірақ менің  жатырым кішірейіп қалды. Осыны айтып барғанымда мен қорқытты кәдімгідей.”-дейді емделген келіншектердің тағы бірі.

Өздері Ұнсынай апа деп атаған емші шытырлатып ақша алғанымен қоймай, тез көтеру үшін жатқан жерін тазалауды бұйырады дейді келіншектер. Яғни, медициналық орталықтың еденін жуып, шаңын сүртсең бала көтеруге мүмкіндік көбейетін көрінеді.

Алдандық дегендердің арызын тыңдаған құқыққорғаушы Айгүл Орынбек, қазірдің өзінде опық жегендер саны 40-тан асқанын  айтады.

“Қазақстанның әр түкпірінен өте көп. Атырау жақтан өзінің маткасынан айрылып жатқан қыздар бар, Алматы жақтан 2 трубкасынан айрылып жатқан қыздар бар. Яғни бұл кісі УЗИ-ға түспейсің деп қыздардың сеніміне кіріп, психологиялық тұрғыдан қысым көрсетіп денсаулығына зақым келтіріп отыр ғой. Яғни, қазір реанимацияда жатқан қыздар бар.”-дейді құқық қорғаушы Айгүл Орынбек.

Емшінің емінен соң еңірегендермен бірге медициналық орталыққа барғанбыз. Тек, алдымыздан шыққан көмекшілері әуелі емші әйелді жоқ деп, келгендерді беттен алса, артынша тілшілерді ғана ішке кіргізді. 55 жастағы әйел әр пациенттен күндігіне 4 мыңнан артық алған емеспін деп ақталады. Жұртқа жақсылық жасаймын деп өзім қоқан-лоққы естіп жатырмын дейді.

“Ақшамды қайтар деп күн сайын телефон арқылы қорқытып жатыр. 2 миллион, 3 миллион бергенбіз деп  өтірік соғып жатыр. Өлтіріп кетеміз деп жатқандары да бар.”,-дейді емші Ұнсынай Маскеева.

Жәбір көрдім деген емші қазір 4 адамға қатысты тергеу органдарына арыз түсіріпті. Өз кезегінде Ұнсынай Маскееваға алдандық деген әйелдер де жаппай полицияға шағым жазып жатыр.

Емшіден көңілі қалған келіншектер бұл іске елордалық шенеуніктер назар аударса дейді. Себебі, құрығы да ұзын  қалтасы да қалың емші күнгейде жазасыз қалуы мүмкін деп қорқады.

Бөлісу4Твит3
Алдыңғы лауазым

Астанада тағы бір жаңа босанған әйел қайтыс болды

Келесі лауазым

ОҚО-ның Абай ауылындағы бала: Атышулы іске қатысты тергеу жұмыстары қалай жүріп жатыр?

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Жалғызбасты үшемнің анасы бүгінде Тараз қаласында пәтер жалдап, тұрмыс тауқыметін тартуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Айнұр Тұрсынбаеваның кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды (фото)

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Жанболат Мамайды қолдайсыз Жанболат Мамайды қолдайсыз ба?
2 жылдай уақыттан бері қазақ әйелі бұрынғы күйеуінің қолында отырған қызын қайтара алмай жүр. Туған анаға өз баласына көзімен қарауға да рұқсат берілмейді. ⠀ Бір күн бұрын әйел тіпті біздің полиция қызметкерлерінің кейбір адамдардың заңсыз әрекеттеріне қарсы дәрменсіз екендігі туралы кадрларды жариялады. Біз заңды жағдайда өмір сүретінімізге сенімдіміз бе?
Бүгін Парламент Мәжілісіні Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысы лауазымына Асқар Мамин бекітілді.
⠀
10 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаттары сайланғаннан кейін Үкімет заң бойынша отставкаға кетуі керегін айтқан болатын.
⠀
Мәжілісмендердің көпшілігі Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады.
⠀
Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда туды. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы АҚ-ның президенті болып қызмет еткен, 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болды. 2019 жылы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалды.
Ауырсаңыз осындай емшіге барамыз ба?
Nur Otan партиясы Алматы мәслихатына 29 депутат тізімін ұсынып, оны аумақтық сайлау комиссиясына жіберді.

 Мәслихатқа Nur Otan ұсынғандардың арасында бокстан Сиднейде өткен Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов, кәсіпкер, «Tanmedia Group» директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов, “Отбасы банк” басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова, Nur Otan-ның Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров, “Алматы ақшамы” газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, кәсіпкер,«Q3 Worldwide» инвестициялық холдингісінің бас директоры Қайрат Құдайберген бар.

Мәслихат депутаттарының тізімінде қаладағы аурухана жетекшілері де жүр. Атап айтқанда, №5 қалалық аурухананың бас дәрігері Болат Садықов, қалалық кардиология орталығының бас дәрігері  Алмат Қодасбаев 29 депутаттың тізіміне енген.
Билік партиясы Алматы қаласының мәслихатына ұсынған тізімдегі адамдардың орташа жасы – 43.

 Тізімдегілердің 31 пайызы әйелдер. Мәслихатқа кандидаттардың 24 пайызы жастар.
2019 жылы әлемдегі ең үздік шахматшы атанған қазақстандық танымал шахматшы Nur Otan партиясы атынан сайлауға түсті

Nur Otan саяси партиясының Алматы филиалының саяси кеңес бюросы мәслихат депутаттарының тізімін бекітті. Енді оларды аймақтық сайлау комиссиясы тіркейді.
Кандидаттар арасында "Tanmedia Group" директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов, бизнесмен Қайрат Құдайберген және танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік бар.
Әбдімәлік бұл тізімдегі ең жас кандидат. 2000 жылдың 12 қаңтарында туған ол жақында ғана 21 жасқа толды.

Жансая Әбдімәліктің жетістіктері

2019 жылы Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі әлемдегі ең үздік шахматшы атанды. Ол классикалық, рапид (жедел шахмат) және блиц бойынша ЭЛО рейтингінде көш бастап тұрды.
Әбдімәлік бала кезінен шахматпен айналысқан. Ол 14 жасында Қазақстанның ең жас гроссмейстері атанды. Қазір оның қоржынында республикалық және әлемдік беделді жарыстардың жүлделері бар.
Nur Otan Алматы филиалының баспасөз қызметі хабарлағандай, ұсынылған тізімде әйелдердің үлесі 31%-ті, жастардың үлесі – 24%-ті құрады. Депутаттардың орташа жасы – 43 жас (бұрын, VI шақырылымдағылардың орташа жасы 48 жас болатын), осылайша депутаттар құрамы 5 жасқа жасарды.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.