10 жасар бала әкесімен бірге өзен жағасында демалып жатқан. Осы кезде бала таудан ағып жатқан өзенге түспек болыпты. Алайда ол суға бата бастаған. Ал ұлын құтқармақ болған әкесі оны жағаға шығарғаннан кейін, ағысқа төтеп бере алмаған. Салдарынан өзеннің қатты ағысы ер адамды ағызып әкетіпті.
«Іздестіру шарасы бірнеше күнге созылды. Су деңгейі шамамен 10 сантиметрге түскенше жалғасты. Нәтижесінде оқиға орнынан 25 шақырым жерден ер адамның мәйіті табылды», – дейді құтқарушы Валерий Лытарь.
ТЖД мәліметінше, демалыс күндері өңірде тағы екі адам суға батып кеткен.