Четверг, 18 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ернар Айдар: Концертке киімдердің бәрін қарызға тіктірдім

Әнші жеке ән кештерінің шығынға батыратынын айтты

18.07.2018
0
Ернар Айдар: Концертке киімдердің бәрін қарызға тіктірдім

Араға жарты жыл салып Астана қаласында жеке ән кешін өткізген Ернар Айдар қандай қиындықтарға тап болғанын айтып берді. Әншінің сөзіне сенсек, мұндай ән кештері материалдық тұрғыдан пайда әкелуден гөрі шығынға батырады, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі Айта берсін бағдарламасына сілтеме жасап.

«Бұл жерде ақталмай турасын айтайын. Мұндай концерттерден ешқандай пайда келмейді. Кейде, тіпті, қарызға батырып жататын кездері де болады. Бұл халыққа арналған концерт. Сол себепті, әркім әртүрлі көзқараста. Мысалы, мен барымды аямаймын. Киімдерге де көп ақша жұмсап, барынша жаңа әндер орындауға тырысамын. Ән кешін беретін болғандықтан, тезірек жаңа әндер жазып, киімдер шығару қажет. Әнді шығардым деген аты ғана емес, сапалы да болуы керек. Күн-түн демей ойланып, ақын-сазгерлермен жұмыс істеу қажет», — дейді әнші.

Ернар Айдар концерттік бағдарламаға арналған киімдерінің барлығын қарызға тіктірген екен. Танысының өзіне дәл осындай жеңілдік жасағаны үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, бұл концертіне де аз уақыт дайындалмағанын айтып өтті.

«Киімнің өзіне де шабыт керек. Ол барынша би билегенге де ыңғайлы болғаны жөн. Сол үшін мұндай ән кештерінің болып жатқанына халық қуануы керек деп ойлаймын. Себебі, мұндайда өнерпаз өзіне талап қояды. Ал талап бар жерде өзгеріс те бар.  Концерт өткізу үшін ақсақалдардың батасын үш ай бұрын алғанмын. Жарты жылға жетпей Астана қаласында қайтадан ән кешін беріп жатырмын. Ол да оңайға соқпайды. Себебі, қомақты қаржы кетеді. Арендасы бар. Оның үстіне киімдердің барлығын қарызға тіктірдік. Тігіп жатқан адамның өзіміздің танысымыз екені жақсы болды. Оған ақшаны міндетті түрде қайтарамын (Күлді.)», — дейді ол.

Автор: Kyn.kz

Бөлісу12Твит8
Алдыңғы лауазым

Қостанай облысында ер адам суға батып кетті

Келесі лауазым

Жазира Байырбекова жылағанда жолдасының өзін қалай жұбатқанын айтып берді

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.