Пятница, 22 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Мақпал Жүнісова әріптесі Роза Рымбаеваның өзін «той әншісі» деп айтуды ұсынды

Әнші халық әртісі Роза Рымбаеваның тойда ән салғанын өз көзімен көргенін айтты.

18.07.2018
0
Мақпал Жүнісова әріптесі Роза Рымбаеваның өзін «той әншісі» деп айтуды ұсынды

Халық әртісі Роза Рымбаева Ернар Айдар мен «Славян базары» байқауында бірінші орынды иеленген Ернар Садырбаевты өзара салыстырып, екеуінің музыкалық деңгейінің жер мен көктей екенін атап өткен-ді. Алайда эстрада жұлдыздарының көпшілігі бұл пікірмен келіспейтін болып шықты, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі Айта берсін бағдарламасына сілтеме жасап.

Осы орайда Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваның тойда ән салып жүргенін өз көзімен көргенін айтып, әріптесін де «той әншісі» деп атауды ұсынды.

«Тойдың әншісі немесе сахнаның әншісі деп бөлуге болмайды. Жалпы тойда болған халық концертке де келеді. Сонда тойға келген халықтың деңгейі төмен деп айтуға бола ма? Өздеріңіз ойлап қараңыздаршы. Қаншама біздің жақсыларымыздың, аналарымыздың сексен, тоқсан жылдығы, алтын тойы өтіп жатады. Сонда сол кісілердің деңгейінің төмен болғаны ма? Неге біз ол жерге барғанымызды намыс деп санауымыз керек. Жалпы Роза апамыздың әңгімесі дұрыс әңгіме емес. Ол кісі де тойға барып өлең айтып жүр. Талай тойда өз көзіммен көрдім. Онда біз де ол кісіге «сіз тойдың әншісі» деп айтайық», – дейді жұлдыз.

Сондай-ақ, Мақпал Жүнісова жастарға өзінің бір ғана талабы бар екенін айтып өтті. Ол – ән мәтініне былапыт, боғауыз сөздерді араластырмау.

«Жастарымыз былапыт сөздер араласқан өлең айтпаса болды деп ойлаймын. Көңіл көтеретін отырыстарда, мерекелік концерттерде өлең айтып жүрген жастарды жоққа шығаруға болмайды. Бұл менің жеке ойым. Бұған халқымның қаншалықты келісетінін білмеймін. Артық айтсам, кешірім өтінемін. Қазір боғауыз сөздер араластырып ән айтып жүргендер де бар. Соларға жол көрсетіп, оларды жөнге салуға болады. Ернар Айдардың дикциясы өте жақсы. Қазақтың әрбір сөзін нық, дұрыс айтады. Талпынып жүрген еңбекқор бала екенін де атап өтуім керек. Сондықтан да бірден ол баланы жоққа шығаруға болмайды. Бәріміз де жас болдық, бірде бар, бірде жоқ болдық демекші, сыйласып өткенге не жетсін», – дейді әнші.

Автор: Kyn.kz

Бөлісу6Твит4
Алдыңғы лауазым

Саят Медеуов: Роза Рымбаеваның өзі тойда ән салып жүр

Келесі лауазым

Үйлену тойында оқ атқаны үшін ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Айнұр Тұрсынбаеваның кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды (фото)

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Мен 8 жылдай түрмеде отырдым. Қазір небір “You tube батырлары” бар ғой. Сотталған соң 1-2 айдан кейін шығып алады. Немесе 1-2- жыл түрмеде отырған соң көзқарасы өзгеріп кетеді. Желіде батыр болып отырады. Мен жалғыз адамдық камерада 4 жыл отырдым. 7 жыл түрмеде болдым. Аяғымыз сынды, қолымыз сынды. Туберкулезбен ауырдым. Өмір бойына бас бостандығымнан айыру жазасына кесілдім. Маған Дариға Назарбаеваға хат жаз деп кеңес бердім. Мен ешкімге хат жазған жоқпын. Мен Аллахтың қалауымен шықтым. Егер маған біреу көмектессе, 7 жыл түрмеде отырам ба?”, – деді Дикий Арман.

Дикий Арман сіз үшін батыр ма ?
Көпшіліктің қалауы орындал Көпшіліктің қалауы орындалды🙌🙌🙌
Бұл кісінің іскерлігіне кім қандай пікірде? Алдағы уақытта спорт пен мәдениет саласынан қандай өзгеріс күтесіз?
Біреулер туа бітті таңғаларлық дауысымен ерекшеленсе, енді бірі ешкімнің қолынан келмейтін суреттер салумен айрықшаланады. 

Ал сіз өз бойыңызда қандай қабілеттер барын ашқыңыз келсе, біз ұсынған тест көмектесуі мүмкін. Ешқандай логикаға салмай-ақ, жай ғана берілген төрт түйіннен бірін таңдаңыз.
Жауабын осы парақшадағы историядан қарай аласыз.
Қай нұсқаны таңдағаныңызды комментарияға жаза өтіңіз.❤
Ақтау қаласының тұрғыны Самира Гасанова 2020 жылдың 15-ші желтоқсанында төртемді дүниеге әкелген. 

Жүктілігі ауыр өткен әйелді дәрігерлер 30-шы аптасында операция жасап, босандырып алған. 

Дүниеге 1 ұл бала мен 3 қыз бала келген. Осылайша, 25 жастағы келіншек бірден көпбалалы ана атанған. Сәбилер отбасының алғашқы балалары екен.
 "Қуанышымды жасыра алмай тұрмын. Ата-анамыздың төбесі көкке жеткендей болды. Балаларымның аман-есен жарық дүниеге келуіне себепші болған дәрігерлерге отбасымның атынан алғысымды білдіремін", - дейді Самира Гасанова.
Орал қаласында Сауда орталығының алдында өлең айтып тұрған жігіттті полицейлер қолын қайырып ұстап алып кетті... 

Толық ақпарат анықталуда.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.