Понедельник, 15 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Тамара Асар: Әншілер ғылыми жұмысты атақ үшін қорғамайды

Әнші халыққа өтініш білдірді.

18.07.2018
0
Тамара Асар: Әншілер ғылыми жұмысты атақ үшін қорғамайды

Тамара Асар жуырда әріптесі Мейрамбек Беспаевқа бағытталған сынға қатысты пікір білдірді. Әншінің айтуынша, жұлдыздар ғылымға атақ үшін бет бұрмайды. Олар бірінші кезекте өз сауаттарын көтеруді мақсат тұтады, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі Айта берсін бағдарламасына сілтеме жасап.

«Мен Мейрамбек жайындағы әңгімелерді естіген жоқпын. Өз басым жаңалықтардан сәл алыстау жүремін. Халыққа да, ғылыми жұмыстардың жан-жағында жүрген ұстаздарыма да кішігірім өтінішім болып тұр. Халықтың сауатын бір ғана нәрсе көтере алады. Ол — әншілерді оқыту, алдымен олардың сауатын ашу.  Әншілер ғылыми жұмысты атақ үшін қорғамайды деп ойлаймын. Менің өзім жеке қызығушылықпен бастап, кейін ғылым жолына түстім. Бірақ, ғалымдармен пара-пар болып, олармен жарысамын демеймін. Бірақ менің сауаттануым міндетті. Бұл менің мойнымдағы борышым мен қарызыммен бірдей. Себебі, халықтың алдына шығамын. Ол кезде менің өзім де, сөзім де сауатты болуы керек. Яғни өнер адамдары қай кезде де оқулары керек, ғылыммен айналысулары керек», — дейді ол.

Сондай-ақ, Тамара Асар әріптестерінің ғылымдағы жетістіктері үшін тек қуанатынын жеткізді.

«Бүгінгі берер тәрбие ертең қалатын тарихтың бір бөлшегін құрайтын өнер адамдары. Сондықтан әншіден ғалым шықпайды деген әңгімелер айтылуы мүмкін. Бірақ, қалай десек те өзімнің әріптестерімнің ғылымға қарай бет бұрғандарына қуаныштымын. Қай кезде де ең бірінші халықтың алдына саясаткер мен өнер адамы шығады. Патша сарайында да өнер адамдарын құптап, сөзін сөйлеген. Халықтың жоғын жоқтаған да сал-серілер мен әншілер. Оларға қарсы шығу – өз саясатымызға өзіміз балта шабу деп есептеймін», — деді әнші.

Автор: Kyn.kz

Бөлісу18Твит12
Алдыңғы лауазым

Елорда перзентханасындағы ана өлімі: Біртанов пен Исекешев Премьер-Министр алдында жауап берді

Келесі лауазым

Қатал сынға іліккен әнші Мейрамбек Бесбаев докторантурада оқуға ниетті

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.