Понедельник, 27 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ақышевты қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаевқа Ұлттық банктің бірінші жарты жылдықта атқарған жұмыстарының қорытындылары жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Ақорда.

18.07.2018
0
Назарбаев Ұлттық банк төрағасы  Ақышевты қабылдады.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Ұлттық банктің бірінші жарты жылдықта атқарған жұмыстарының қорытындылары жөнінде есеп берілді.

Қазақстан Президенті қазіргі уақытта валюта-қаржы нарығындағы тұрақтылықты сақтау және экономиканы әрі қарай дамыту үшін елімізде қажетті жағдай жасалғанын атап өтті.

«Қазір бізде ұлттық валюта мен экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктер бар. Бірінші жарты жылдықта экономика 4 пайыздан астам өсті. Құбылмалы бағамға көшкеніміз дұрыс болды. Белгілі бір деңгейде ауытқулардың болатынына үйрену керек. Бұл тұрғындардың әл-ауқатына әсер етпейді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті банк секторын сауықтыру үшін қабылданған шаралар жөнінде айтты:

«Мемлекет тарапынан банктерге айтарлықтай көмек көрсетілді. Банк жүйесін қолдау мақсатымен үш триллион теңге бөлінді. Сонымен қатар, валюталық реттеу және Ұлттық банктің қызметін жетілдіру мәселелері жөніндегі заңнаманы қайта қарадық. Сондықтан, банктердің экономикаға, соның ішінде шағын және орта бизнес саласына несие беру жұмысын жандандыру қажет».

Назарбаев банктерді сауықтыру бағдарламасы тоқтатылатынын мәлімдеді

Данияр Ақышевтың мәліметіне сәйкес, негізгі көрсеткіштер бойынша, еліміздің қаржы нарығында тұрақты жағдай қалыптасып отыр.

Теңгенің әлсіреуі. Ұлттық банк басшысы қазақстандықтарға кеңес берді
«2018 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша инфляцияның жылдық көрсеткіші 5,9 пайызды құрады. Бұл – соңғы үш жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш. Ұлттық банк инфляция деңгейін 2020 жылға қарай 4 пайызға дейін төмендетуді көздеп отыр, – деді Ұлттық банк төрағасы.

 

Ақышев Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлттық валюта бағамының өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар жөнінде баяндады:

«Теңге бағамының өзгеруіне әсер ететін негізгі фактор – Қазақстанның сауда-экономикалық нарығындағы валюталық-қаржылық жағдай. Екінші фактор – басқа валюталарға қатысты доллардың бүкіл әлем бойынша нығаюы. Бұл орайда, кәсіпорындар мен тұрғындардың мұндай құбылмалы бағамға бейімделгенін атап өту керек. Жалпы, елімізде шетелдік валютаға деген сұраныстың төмендегені байқалып отыр», – деді Ұлттық банк төрағасы.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу5Твит3
Алдыңғы лауазым

Алматы облысында селфи жасамақшы болған әйел суға батып кетті

Келесі лауазым

Қазақстан халқы дәрігерді Telegram арқылы шақыратын болады

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    43 бөлісу
    Бөлісу 17 Твит 11
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.