Порён қаласындағы фестивальды көруге жыл сайын жүздеген мың саяхатшы келеді.
Шара кезінде түрлі ойындар ойнатылып, қызықты жарыстар өткізіледі. Келушілерге арнайы бассейндер мен батпаққа толы алаңдар, сондай-ақ биіктен сырғанауға арналған жолдар құрылған. Жиылған жұрт қалаған жеріне барып, балшықты үстеріне шашып, емін-еркін ойнай алады.
Фестивальдың алғашқы мақсаты- шипажайлы қаланың танымдылығын арттырып, балшықпен емдеуді дәріптеу болатын. Бірақ бұл адамдарға ұнағаны сонша- жылына келушілер қатары көбейіп, кішігірім шара үлкен фестивальға ұласып кетті.
Жергілікті биліктің сөзінше, былтыр Порен қаласына миллион саяхатшы келген екен.