Среда, 10 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ақтөбелік әйел күйеуінің футболдан ӘЧ кезінде несие алып бәс тіккенін айтып ашынды

Командаларға бәс тіп қарызға батқан ер адамның әйелі енді ол ақшадан қалай құтыларын білмей жылап отыр.

20.07.2018
0
Ақтөбелік әйел күйеуінің футболдан ӘЧ кезінде несие алып бәс тіккенін айтып ашынды

Ақтөбеде, Ресейде өткен футболдан Әлем чемпионаты кезінде заңсыз жұмыс істеген букмекерлік кеңселердің мүлкі тәркіленіп жатыр. Салықшылардың жаппай тексеріс жасауына тұрғындар тарапынан шағымның көбейіп кетуі де себеп болыпты.

Тіпті,  кірістер  басқармасының басшылығына ұлының қалтасындағы соңғы тиынына дейін бәске тігіп жіберегенін айтып, көмек сұрап келген  аналар да болған. Астыртын жолмен пайдаға кенелгісі келген жалған «кәсіпкерлерге» қандай шара қолданылады? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Букмекерлік кеңселерден тәркіленген  мүліктерді мінекей, осы қоймаға әкеледі. Рейд кезінде мобильдік топ  салық органдарында тіркелмей-ақ, кәсібін заңсыз дөңгелетіп отырған 20-ға тарта кеңсені анықтапты.

«Мына көріп тұрғындарыңыз екі мекеменің тәркіленген заттары. Мұнда телевизор, букмекерлік кассалар, мониторлар, тағы басқа заттар бар. Қазір мұның барлығына салық органдарымен хаттама толтырылып, әрі қарай қалалық әкімшілік сотқа жіберіледі» — дейді қалалық кірістер басқармасының бас маманы Асылбек Әлиев.

Мобильдік топ мүшелерінің рейд өткізуіне соңғы уақытта ойын автоматтары орналасқан нысандарға қарақшылық шабуылдың көбейгені де себеп болған. Әрі бесіктен белі шықпай жатып бәс тігетін, ойын автоматтарын жағалайын жасөспірімдердің артуы да алаңдатып отыр.

«Әлем чемпионаты кезінде бізге арыз-шағым өте көп түсті. Тіркелмеген Букмекерлік кеңселер осылай жұмыс жасап жатыр. Иә болмаса, қала тұрғындары кәмелеттік жасқа толмаған балаларының ойын залдарында жүргендігін айтып, соларды тексеруімізді сұрады.

Заңсыз ставкалар қойылады дегендер» — дейді қалалық кірістер басқармасының бас маманы Асылбек Әлиев.

Чемпионат басталғанда қашан аяқталады екне деп дегбірі қашқандардың бірі  Жанна. «Күйеуімнің футболға қызығушылығы, командаларға бәс тігуі жас отбасымыздың ең үлкен проблемасына айналарын білмеппін дейді» ашынған ол.

«Әлем чемпионаты бітуге қалды ғой, міне сол кезде оның ставкіге салатынын білдім, жолдасымның. Ең көп дегенде, мысалы, 200 мыңға дейін кредит алып, салған кездері болды. Қаншама жас отбасылардың семьясын бұзып, осындай ставкілер қою арқылы банкрот болып, кризис болып жатқандар көп.

Букмекерлік кеңселердің жабылуын қолдаймын» – дейді қала тұрғыны Жанна.

 Ауадан ақша жасап, кәсібін заңсыз дөңгелеткендердің қанша шығын келтіргені жуырда анықталатын болатын болады. Ал, талап бойынша әр касса мемлекетке ай сайын 700 мың теңге төлеуі тиіс екен.

Бөлісу6Твит4
Алдыңғы лауазым

Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу уақыты мен орны белгілі болды

Келесі лауазым

Алматы облысының тұрғыны есектің сүтінен дертіне шипа тауыпты

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.