Пятница, 1 июля, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Димаш Құдайберген: Денисті өз қазағымыз өлтіргеніне сене алар емеспін

Әнші осы жайтқа күйініп отырғанын жеткізді.

20.07.2018
0
Димаш Құдайберген: Денисті өз қазағымыз өлтіргеніне сене алар емеспін

Марқұм Денис Теннің жақын досы Димаш Құдайберген әлеуметтік желі арқылы әлі де спортшыға қатысты естеліктерін бөлісіп, оны халықтың мәңгілік есте сақтайтынын жазып жатыр. Сондай-ақ, ол ел туын талай халықаралық байқауларда желбіреткен досының қазақ азаматтарының қолынан жан тапсырғанына күйініп отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі

«Қазақтың намысын қорғаймын деп жаны мен барын салған мақтанышымызды сол жерде бір-ақ қазақ көмектеспек түгілі, өз қазағымыздың қолынан жан тапсырғанына сене алар емеспін. Әлемге біздің ұлтымызды ұлықтап, елімізді танытқан саусақпен санайтындай аз ғана майталмандарымыздың қадірін біліп, қорғап жүрсек болатын еді ғой! Нағыз ержүрек батыр едің, досым. Сенің қарапайымдылығың, адами қасиеттерің бәрімізге үлгі! Екі сөзінің бірінде «Менің Қазақстаным», «Менің қазағым» деуші едің. Менің қанымды, менің ұлтымды, менің елімді танытқаныңа мың тағзым. Сен ешқашан сөнбейтін жұлдызсың! Кешір бізді, досым! Өзегім өртеніп барады», — дейді Димаш Құдайберген.

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) 19 Июл 2018 в 7:55 PDT

Дәл осылай танымал мәнерлеп сырғанаушының қазақ жігіттерінің қолынан жан тапсырғанына Сәкен Майғазиев те қиналып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, әнші әлеуметтік желі арқылы Денис Тенге арналған өлеңді бөлісті.

«Қазаны бөлектің қайғысы бөлек» деуші еді қазақ. Батырхан ағамыз қайтқандағы күйді Денис бауырымыздың қазасынан да сезінгендеймін. Қазақтың туын бір емес, бірнеше рет биікке көтерген бауырымыздың өз қандастарымыздың қолынан ажал құшқаны қинайды. Танымал емес қанша адам қыршыннан қиылып, қанша отбасы қайғы жамылды десеңші. Раббым! Күпірлік қылсақ кешіре гөр. Бауырымызға жәннәттің төрінен орын бере гөр. Қош бол, Денис!

Күн де міне қызарып тұр алқызыл,
Әрбір жерден естіледі әр қыжыл…
Арамыздан сен де кетіп барасың,
Сырғанаудың саңлағы жалғыз ұл…

Қапылыста жемтік болып қасқырға,
Сұм ажалға құшағыңды аштың ба?
Қара мұзда сырғанаушы ең мәз болып,
Нең бар енді қара жердің астында ?

Жүректерден мұз боп бүгін ерисің,
Көк туыңды желбіретем демейсің.
Ұлтың өзге болғанымен қазақтың,
Ұлы едің арда туған Денисім.

Қош бол енді біздің батыр баламыз,
Бір Алладан иман сұрап қаламыз.
Жанкүйер боп отырушы едік қой,
Жаназаңа қалай ғана барамыз?.
Атың сенің болар бізге әлі аңыз.
Сені жоқтап жатыр міне бар халық,
Сарғаюда Сарыарқадай даламыз ….
Қош бол енді біздің Денис баламыз!

Айнұр Жаппарқұлова», — деп жазды әнші.

Естеріңізге сала кетсек, 19 шілде күні Алматы екі азамат Денис Тенді пышақпен жарақаттаған болатын. Қайғылы оқиға Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында болған. Спортшы жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды. Күдіктілердің біреуі ұсталып, кінәсін толықтай мойындады. Екіншісі әзірге іздестіріліп жатыр.

Автор: Kyn.kz

Бөлісу12Твит8
Алдыңғы лауазым

Денис Тенді өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Келесі лауазым

Даниал Ахметов: Неге көше мен қала атына келгенде орысша атауларға жабысып қалдық?

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    61 бөлісу
    Бөлісу 24 Твит 15
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.