Четверг, 15 апреля, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ақтауда КВН-ның бұрынғы ойыншысын пышақтап өлтіріп кетті

Қаза болған 32 жастағы Данияр Әлімбаевтың артында әйелі мен төрт баласы қалды.

21.07.2018
0
Ақтауда КВН-ның бұрынғы ойыншысын пышақтап өлтіріп кетті

Ақтөбенің Көңілді және тапқырлар клубының бұрынғы мүшесі Данияр Әлімбаевты Ақтауда өлтіріп кетті, деп хабарлайды  Lada.kz сайты.

Мәлім болғандай, Әлімбаевты 21 шілдеге қараған түні пышақтап кеткен. Ол екі санына салынған жарақат салдарынан көз жұмды.

Оқиға сағат 03.30 шамасында 6-шағын аудандағы көңіл көтеру орындарының бірінде болған.

«Түнде өте ауыр жағдайда екі аяғы жарақаттанған ер адам жеткізілді. Бір аяғында күретамыр мен жоғары көктамырларына зақым келген. Оған шұғыл түрде ота жасалды, кейін ол жансақтау бөліміне ауыстырылды», – деді Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімінде.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын КВН-ның бұрынғы мүшесінің достары айтып берді.

«Түнде дәмхана жанында төбелес болды. Данияр шетте тұрған еді. Бірақ арадағы біреу оның аяғына пышақ салып алды. Ауруханаға жеткізілгенімен, өмірін сақтап қала алмады. Ол көп қан жоғалтты», – деді көз жұмған актердің досы.

«Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер ұсталды. Үшеуі де Ақтау тұрғындары», – деп хабарлады Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Қаза болған 32 жастағы Данияр Әлімбаевтың артында әйелі мен төрт баласы қалды. Ол Ақтөбенің КВН-нан құрама командасының бұрынғы мүшесі. Сондай-ақ Сочидегі фестивальде маңғыстаулық КВН ойыншыларымен бірге Батыс Қазақстанның құрамасында болды.

 

 

Бөлісу24Твит15
Алдыңғы лауазым

Із-түзсіз жоғалып кеткен қостанайлық бойжеткеннің денесі орманнан табылды

Келесі лауазым

Денис Теннің өліміне күдікті Нұралы Қиясовтың ата-анасы халықтан кешірім сұрады (видео)

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    7 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    4 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Өзбекстанның Наманган облы Өзбекстанның Наманган облысындағы каналда із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыздың денесі табылды деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Ақпаратқа қарағанда, 5 сәуірде Мамадалиев С.А. деген азамат қызының жоғалып кеткенін айтып, аудандық прокуратураға шағымданған.

Іздестіру кезінде, келесі күні "Катта Наманган" каналынан оқушы қыздың денесі табылған.
Тергеу мәліметіне сәйкес, 5 сәуірде таңертең қыздың 1999 жылы туған жеңгесі қайын сіңлісін мектептен алып, ағып жатқан каналға итеріп жіберген. Қазір күдікті қамауда. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Қоғамдық көлікте әйел адам Қоғамдық көлікте әйел адам әжейдің сөмкесін ақтарып, бағалы бұйым мен ақшасын іздеп жатыр. Жолда сақ жүріңіздер!
Даяшы мейрамханаға келген қонақты құтқарып қалды
Франциядағы Крей қаласының Франциядағы Крей қаласының мэриясында Йешим Саваш есімді қазақ қызы жұмыс істейді. Йешимнің атасы Қазақстанда, әкесі Түркияда, ал өзі Францияда дүниеге келген деп хабарлайды Хабар24.
⠀
Йешим Саваш жастайынан саясатпен айналыса бастап, отызға толмай туған қаласының яғни, Крей қаласы мэрінің орынбасары болып сайланған. Йешим Саваш күндіз мектепте жұмыс істейді, ал кешке қаланың мәдени мәселелерімен айналысады. Францияда бұл қызмет негізгі жұмыстан босатпайды.
⠀
Алты жылға сайланған Йешим бұл мерзімде Крей қаласының мәдени ортасын дамытатын үлкен жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Сондай-ақ тарихи отанымен тығыз байланыс орнатпақ.
⠀
«Бұл керемет болды. 2014 жылы қалалық кеңеске сайланғанда, халықаралық қатынастармен айналыстым. Крей түрлі елдердегі 12 қаламен серіктестік орнатқанын айта кету керек. Отбасымыз бүкіл Крейдегі жалғыз қазақтар, сондықтан Қазақстанмен байланыс орнатсақ жақсы болар еді. Мен әлемдегі бірнеше шаһармен осындай жұмыс атқарып үлгердім. Арасында Түркиядағы Кушадасы бар. Қазақстандағы қалалардың бірімен ынтымақтастық орнатуды өзім үшін үлкен абырой санар едім», — дейді Крей қаласы мэрінің орынбасары Йешим Саваш.
⠀
Қазақстанда әлі болмаған Йешимнің бір арманы — атамекеніне бару. Өткен ғасырдың ортасында туған елінен кетуге мәжбүр болған атасы өз тамырын ұмытпай, туған жерін қадірлеп, қастерлеуді үйреткен. Йешим үйінде ұлттық тағамды жиі дайындап, дәстүрін сақтап келеді.
⠀
«Мені түрік деп атауға болады. Өйткені әке-шешем Түркия азаматтары, өзім Франция азаматымын. Алайда ұлтың кім деп сұрағанда, үнемі қазақпын деп жауап беремін.
⠀
Ата-әжеммен бірге тұрмағандықтан, ана тілімді үйрене алмадым. Бірақ оған қарамастан өзімді қазақпын деп есептеймін. Қазақстанда мені мақтан тұтқанын көріп, көзіме жас келді. Бүкіл елдің қолдауына ие болу — үлкен абырой», — дейді Йешим Саваш.
⠀
Қала мэрінің орынбасары болып сайланғаннан кейін Йешим Франциядағы қазақтар ортасында жұлдызға айналған. Ол туралы Қазақстан, Орталық Азия мен Моңғолияның бұқаралық ақпарат құралдары жазған болатын.
Осындай ырым бар екен. Қаншалықты рас
Қазақ балуаны Қажымұқанның Қазақ балуаны Қажымұқанның 150 жылдығына арнап түйе көтерді! 

Дархан даланың арландары аман болсын! 

Белгілі атлет, түрлі экстрималды жаттығулар бойынша әлем рекордын жаңартқан қазақ балуаны Темір Сыпатаев Қажымұқанның 150 жылдық мерейтойына арнап тағы бір рекорд жасады!

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.